Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать

3. Экологиялық заңдар

Экологиялық құқықтық нормативтік актілердің ішінде халықаралық құқыктық нормативтік актілер ерекше орын алады. Олар Қазакстан Республикасы зандарынан заңдық күші жағынан жоғары. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағында «Республика бекіткен халыкаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» делінген. Казақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармагы: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи рссурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ занда белгіленген иегіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Қазақстан Респуб-ликасы Конституциясының 31-бабы 1 -тармагы: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулыгына қолайлы айналадағы ортаны корғауды мақсат етіп қояды». Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 38-бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті». Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Казақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Климаттың өзгсруі жөніндегі Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 1992 жылы 11 маусымда қол қойылған БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясыи бекітті, ал 1999 жылғы 12наурыздағы ҚР Президенті Жарлығымен, 1997 жылы 11 желтоқсаңда климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Үлгілік конвенциясына қосымша Киото хаттамасына (Жапония) Қазақстан қол қойды. 1985 жылы 22 наурызда Венада (Австрия) озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қол қойылған еді. «Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы» 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан осы конвенцияға қосылды. 1997 жылғы 30 казандағы Қазақстан Рсспубликасы заңы бойынша Қазақстан «ОҚБ заттар туралы» Монреалъ хаттамасына қол қойды. 2003 жылы 10 ақпанда Қазақстан «Қауіпті қалдықтарды трансшекералық тасымалдауды бақылау туралы» Базель конвенциясына қосылды. 1991—2005 жылдар аралығында Қазақстан барлығы 20-ға тарта экологиялық сипаттағы әр түрлі халықаралык нормативтік құқықтық актілерге қол қойды. Бұл аталған халықаралык құқықтык нормалардың барлыгы Қазақстан Республикасы зандарынан заң жағынан күші жоғары.

Егемендік пен Тәуелсіздік жарияланған уақыттан бастап Қазақстан Республикасында қоғамдык дамуда елеулі озгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қоргау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау кызметін баскару жүйесі кұрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаган ортаны қоргау туралы», «Ерекше қоргалатын табиги аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы», 1998 жылы — «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Зандар, ал 2002 жылы «Атмосфералық ауаны қоргау туралы» Заң кабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мунай туралы» (1995 жыл) зан күші бар Жарлықтары, 2003 жылы - Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға төуелді қажетті нормативтік кұқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға кол койды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұксат ету және бақылау инспекциялық жұмыс жолға қойылды.

«Қоршагаи ортаны қоргау туралы» Қазақстан Республикасының 1997жылғы 15шіддедегі № 160-1 Заңы. Осы Заң қазіргі және болашак ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтык, экономикалык және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды үйымдастыруға бағытталған.

«Мүнай туралы» 1995 жылгы 28 маусымдағы Қазақстан Рес-публикасының № 2350 Заңы. Осы Заң Қазақстаң Рсспублика-сының қарамағындағы аумақта, соның ішінде теңіздегі және ішкі су тогапдарындагы аумақта мүнай операцияларын жүргізген кезде туындайтын қарым-қатынастарды реттейді.

«Жер қойнауы жэпе жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 2828 Заңы. Жер қойнауы жәңе жер койннуын пайдалану жайындағы заңдардың міндеттері - Қазақстан Рсспубликасының мүлделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау.