Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать
  1. Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні мен жүйесі

  2. Әкімшілік құқықтың реттеу әдістері

  3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары

4. Әкімшіліқ құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

  1. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың арақатынасы

Әкімшілік құқық: түсінігі, пәні мен жүйесі.

Әкімшілік құқық қазақстан құқығының іргелі саласы болып табылып, конситуциялық және азаматтық құқықтармен қатар қоғамдық қатынасты реттеуде жетекші орын алады. Мемлекеттік басқаруды зерттейтін және құқықтық реттеудің басты әдістерінің бірі - көпшілік құқықтың осы саласы- императивті.

Қазақстан құқықтық жүйесі құқық саласынан тұрады, олар құқық реттеу әдісі мен пәні (саласы) болып ерекшеленеді.

Құқық салалары пәнінен осы саланың реттелетін нормаларымен қоғамдық қатынас аумағы деп түсінеміз.

Әкімшілік құқықық нормаларын реттеудің пәні көбіне мемлекеттік басқару, ұйымдастыру (ұйымы) және атқару билік қызметі саласында қалыптасатын қоғамдық қатынас болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалары қатынасты басқарушылық сипатта реттейді, олар заң шығарушы және сот қызметін іске асыруда туындайды.

Бұл ережелер биліктің көрсетілген тармақтары аппараттарының жұмыс істеуіне қатысты. Әкімшілік-құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл басқару қатынасы.

Әкімшілік құқықық пәніне анықтама беруде, ережеге бағынбайтын бір қатар жайттарды ескеру керек:

әкімшілік құқық пәніне барлық басқару қатынастарды жатқызуға болмайды (мысалы, мемлекеттік емес қалыптасуда-жеке меншік кәсіпорындар және т.б. бақрумен байланысты қалыртасатын қатынастар. Сонымен бірге әкімшілік құқық нормалары мемлекеттік қалыптасу қызметіне өзінің әсерін тигізеді:

  1. әкімшілік құқық пәніне атқару билік органдарының қатысуымен барлық қатынастарды жатқызуға болмайды. Мысалы, мүлікті ала отырып, сол және басқа атқару билік органы азаматтық құқық нормаларына сәйкес мүлік келісімін жасайды. Осындай келісімдер қорытындысы (мәміле) атқару билігін іске асыру бойынша әрекет мазмұнына кірмейді.

Әкімшілік құқық дегеніміз - мемлекеттің мүддесі қорғалатын және танылатын көпшілік құқықтың нормалары. Әкімшілік-құқық қатынас қатысушыларының бірі болып әрқашан мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) кіреді (қатысады ). Сол себепті әкімшілік-құқық қатынас ереже бойынша әрқашан теңсіздік субординация қатынасы, оның бір жағы- мемлекеттік –билік өкілеттілігіне бөліп берілген орган басқарушы (басқару субъектісі) ретінде, ал басқасы басқарылушы (басқару объектісі) ретінде кіреді (қатысады).

ҚР Конситуцясына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кірмейді, дегенмен бөліп берілген жағайда олардың мемлекеттік –билік өкілеттілігі әкімшілік-құқық қатынасына кіре ала алады. Ұқсас жағдайларды (ережелерді) қоғамдық қатынастарға кіргізуге болады.

Әкімшілік құқық пәні атқару билікті іске асыру жағдайы бойынша және соған байланысты тоқтатылатын не өзгертілетін, туындайтын басқарушы қатынастарды тұтастай құрайды.

Атқарушы органдарының (олардың лауазымды тұлғаларының)- арнайы объектісінің қатысуынсыз қатынастар әкімшілік құқық пәніне жатқызылмайды 

Әкімшілік құқықтың реттеу әдістері

Әкімшілік-құқықтық нормаларын реттеу саласына кіретін қоғамдық қатынастардың мәні мен өзіндік ерешелігі әкімшілік құқық әдісінің жақсы жақтарын алады.

Құқық теориясында реттейтін қоғамдық қатынастың сипатына байланысты диспозитивтік және императивткі деп құқықтық ықпал етудің екі әдісіне бөледі.

Құықтық реттеудің диспозитивтік әдісі тең жақтың қоғамдық қатынасына бағытталған, ереже бойынша жеке құқықтың салаларымен реттелетін қатынас регламентациясы үшін қолданылады. Теорияда бұл әдістің ортақсыздандырылған реттеу, азаматтық –құқықтық әдіс деген басқа атаулары бар.

Әкімшілік құқық қатынасты реттейтін көпшілік құқық саласы сияқты сол қатысушылардың бірі ретінде әрқашан заң-билік өкілеттілігімен бөліп берілген орган (лауазымды тұлға) кіреді, ортақтандырылған, императивтік реттеу әдістерін (әкімшілік-құқық әдісі деп аталатын) пайдаланады.

Императивті реттеу әдісі екінші бір жақтың заңды-биліктік еркін білдірудің біржақтылығына және олардың қатысушыларының теңсіздік қатынастарына есептелген. Демек, әкімшілік - құқықтық қатынас – бұл «бағыну-билігі» қатынасында үнемі болмайды.

Егер субъект билік өкілеттілігі көлемін теңдестірген жағдайда, мемлекеттік –басқарушы қызметі қатынастың горизонталь түрінің туындау мүмкіншілігін болжамдайды.

Осының өзі диспозитивтілік элементтерін әкімшілік- құқықтық реттеу механизмінде қолану мүмкіншілігіне себепші болады.

Ю.М. Козлов1 профессор көрсеткендей , әкімшілік құқық әдісі бастапқы диспозитивтілікте жиі қолданылмайды, демек, әрекет амалын (тікелей тапсырма беру және тыйым салуынсыз) таңдау мүмкіншілігін басқарушы не басқарылушы жақтарда, бірақ әкімшілік-құқықтық нормаларында қарастырылған шарт жағдайларында ұсынылады.

Құқық нормасында бекітілген (тіркелген) талап сипаты құқықтық реттеудің тапсырма беру (міндеттеу), тыйым салу және рұқсат ету үш негізгі тәсілін бөлуге мүмкіндік береді.

Тапсырма беру құқық нормасында қарастырылған белгілі бір әрекетті субъектімен жасауда заңды міндетін жүктеуден тұрады.

Тыйым салу дегеніміз ол да мағынасы жағынан тапсырма берумен бірдей, бірақ белгілі бір әрекет жасаудан тартыну міндетін жүктеумен шектеледі.

Рұқсат беру (ерік беру) –дегеніміз құқықтық қатынас қатысушысына субъективтік құқықты (белгілі бір әрекет жасау не оның қарауы бойынша жасаудан бас тарту ) беру.

Көпшілік жағдайда әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі тапсырма беру мен тыйым салуды пайдаланады. Сонымен бірге әкімшілік –құқық пайдаланып, әкімшілік-құқықтық нормасымен бекітілген (анықталған) әрекетін таңдау мүмкіншілігін (рұқсат берудің қатал нұсқасы) не өзінің қарауы бойынша әрекет ету мүмкіншілігін (жұмсақ рұқсат ету) не субъектіге берілетін рұқсат.

Осындай жолмен әкімшілік құқық жүйесіне кіретін қатынасты реттеу үшін кей жағдайда диспозивтивтік элементтерімен толықтырылатын императивтік реттеу әдісі пайдаланылады. Әкімшілік-құқықтық реттеудің негізгі тәсілдері тапсырма беру мен тыйым салуды ұсынады, аз жағдайда рұқсат беруді пайдаланылады.

 Әкімшілік құқық субъектілерінің жүйесі мен түсінігі

Басқару жүйесі туралы сұрақты қарастыру барысында «басқару субъектісі» деген сөздің ұғымы мен оның мәніне тоқталған болатынбыз. Субъект басқарылатын жүйеге, демек объектіге ықпал жасайды. Объекті ретінде басқару саласында қоғамдық қатынастар, адамдардың мінез-құлқы, еркі кіреді (қызмет, рөл атқарады).

Әкімшілік құқық субъектісі деген ұғымынан тұлға немесе ұйым дегенді түсінуіміз керек, олар ҚР заңнамаларының әрекет етуіне сәйкес басқарушылық қатынаста әкімшілік құқықпен реттелетін қатысушылар (жақтармен) болуы мүмкін. Соның ішінде басқарушылық қатынас қатысушылары болуы мүмкін, бірақ ондай бола алмады. Бұл жағдайда әкімшілік құқық субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынас субъектілерін ұқсастыруға болмайды.

Әкімшілік құқық субъектісінің аумағы (шеңбері) әр түрлі. Әкімшілік құқықтық субъектілікпен иемдену- жалпы бір ғана белгісі (қасиеті) оларды біріктіреді. Әкімшілік құқықтық субъектілік әкімшілік құқықтық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілігі деп аталатын екі элементтен тұратын заңды белгілерін (қасиетін) ұсынады.

Әкімшілк құқықтық қабілеттілік- жалпы құқықтық қабілеттіліктің көрініс алуы, демек берілген субъектінің әр түрлі құқықтық қатынастарға түсу, субъективті құқығы мен міндетінің бар болу мүмкіншілігі.

Әкімшілік әрекет қабілеттілік – бұл заңды міндеттері мен құқығына сәйкес келетін кешеніне ие болып, олардың жүзеге асуына жауапкершілікті мойнына алу.

Құқықтық қабілеттілік берілген субъектінің қатысуымен құқықтық қатынастың туындауына алғы шарт болып табылады.

Осы салада әр қайсысына бөліп берілген міндеттері мен құқықтары әкімшілік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.

Әкімшілік құқық субъектісін екі топқа бөліп жіктейді:

  1. Жеке субъектілер.

  2. Ұжымдық субъектілер.

Жеке субъектілер қатарына келесілер жатады: ҚР азамат, шет ел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; өзіндік жеке субъектілер – мемлекеттік, муниципиалдық қызметкерлер.

Ұжымдық субъектілерге келесілер жатады: мемлекеттік ұйымдар (бірінші кезекте жеке құзыретіне бөліп берілген мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, атқару билік органдарының құрылымдық бөлімшелері);

мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестік, еңбек ұжымы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жеке кәсіпорындар мен мекемелер, шетелдік ұйымдар және т.б.).

Әкімшілік құқық ретінде ҚР субъектілері, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелерді ҚР қарау кеңінен таралып отыр. Олар әкімшілік құқықтық қабілеттілігін иемденеді (меңгереді), бірақ нақты бір әкімшілік-құқықтық қатынасқа ат салыспайды. Әкімшілік әрекет қабілеттілік олардың ұсынушы атқару билік немесе басқару органдарына жатады.

Әкімшілік құқық субъектілері туралы қарастырылатын сұрақтың маңызды аспектісі әкімшілік құқық пен әрекет қабілеттілігінің туындау кезеңі болып табылады. ҚР азаматтары үшін әкімшілік құқықтық қабілеттілік дүниге келгенінен, әрекет қабілеттілігі толық көлемде - 18 жастан бастап туындайды. Заңды тұлғалар үшін әкімшілік құқықтық қабілеттілік (құқық және әрекет қабілеттілігі) олардың мемлекеттік тіркелуінен бастап туындайды.

 Әкімшілік құқық жүйесі

Әкімшілік құқық қоғамдық қатынасты реттейтін заң нормаларының жиынтығын құрайды, олар мемлекеттік басқару саласында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа да формаларын іске асыру барысында туындайтын басқарушы қатынас сипатында қалыптасады.

Әкімшілік құқық жүйесі туралы сұрақты қарастырғанда, отандық заң ғылымында «әкімшілік құқық жүйесі» деген ұғымға әр түрлі көзқарастың бар екенін айта кетуіміз керек.

Жалпы теориялық бағыттан кез келген құқық саласының жүйесі келесі құрылыммен берілген: құқық саласы – сала астында (маңында) – құқықтық институттар – құқықтық нормалар.

Профессор Ю.А. Тихомировтің2 пікірі бойынша әкімшілік құқық саласын келесі сала астына іріктеп бөлуге болады: а) реттеуші –нормативтік (әкімшілік құқық пәні, реттеу саласы, принциптері, нормалары, құқық бұзушылық); б) атқару билік органдары; в) мемлекеттік қызмет; г) әкімшілік – құқықтық режімдер (тәртіп); д) әкімшілік процесс, басқарудағы заңдылық; е) мемлекеттік басқару ұйымы; ж) ақпараттық құқық; з) нормативтерді құқықтық реттеу.

Профессор К.С. Бельский3 әкімшілік құқық жүйесін құрудың инситуционалдьды, салалы және процесуалдық өлшемін ерекшелеп, басты үш сала астына басқару құқығы, полицейлік құқығы, әкімшілік әділет құқығы деп әкімшілік құқық нормаларын жіктейді.

Отандық құқық ғылымында әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше екі бөлімі дәстүрлі түрде кіргізілген. Бұлай бөліп – жару оқу пәні ретінде әкімшілік құқықтың негізін қалау болып табылады.

Жалпы бөлімге жалпы сипаттағы қоғамдық қатынасты реттейтін заң нормалары мен институттар (мемлекеттік басқару формалары, әдістері, функциялары, принциптері, әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі және

т.б.) кіргізілген. Жалпы бөлім әкімшілік құқық бойынша регламенттеуші, атқару билік қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуші, әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субъектілерінің мәртебесін анықтайтын институттардан тұрады.

Ерекше бөлім экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси – мемлекеттік басқару саласында қатынасты реттейтін институттар және құқық нормалар жиынтығынан тұрады.

А.П. Коренев әкімшілік құқық жүйесін анықтаудың басқа жолын ұсынады. Оның ойынша әкімшілік құқық үш бөлімнен тұру керек. Жалпы және ерекше бөлімінен басқа әкімшілік юрисдикцияны кіргізіп отыр. Бұл бөліміне құқық нормалары мен институттарды кіргізген, олар әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілікті, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді анықтайды.

ҚР құқықтық жүйесінде әкімшілік құқықтың алатын орны 

Мемлекеттік-басқарушы қызметінің өзіндік ерекшелігі әкімшілік құқық саласының маңыздылығын анықтайды. Басқарушы қатынастың кең ауқымын реттей отырып, әкімшілік-құқықтық нормалары басқа салалардың әрекет ету салаларына (ортасына) кіреді. Әкімшілік құқық көпшілік құқық саласымен тығыз өзара әрекет етеді. Тарихи талдауға сүйенетін болсақ, бастапқыда әкімшілік құқықты мемлекеттік құқық жүйесіне жатқызылған болатын , тек XIX ғасырдың ортамасына таман ғана өз бетінше сала ретінде көрініс алды.

Тығыз байланыстар әкімшілік құқық пен конституциялық құқық арсында бақыланады. ҚР Конституциясы ҚР азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негізін белгілеп, ҚР Үкіметін құқықтық мәртебесін, атқару билік органдарының қызметін және оның қалыптасу негізін анықтайды. Әкімшілік құқық нормалары конституциялық ережелерді негізге ала отырып, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін және т.б. белгілей отырып, оларды нақтылап, кеңейтеді.

Мұндай тығыз байланыс әкімшілік пен азаматтық құқық арасында да бар. Ол мысалы, кәсіпкерлік қызметтегі субъектілер қызметін сертификаттау, лицензиялау, мемлекеттік тіркеу қатынасы арқылы, меншік құқығымен байланысты қатынас арқылы құрылған. Азаматтық кодекспен қарастырылған жағдайда, атқару билік органы азаматтық құқық нормаларынан тұратын актілерді (кесімдерді) шығара алады.

Әкімшілік және еңбек құқық нормалары мемлекеттік қызмет инситутының құқықтық реттелуі барысында өзара әрекет етеді. Мемлекеттік қызметкерлерге «ҚР мемлекеттік қызмет туралы » заңында қарастырылған еңбек туралы ерекшелігімен ҚР заңнамасының әрекеті таралады.

Әкімшілік құқығы көпшілік және жеке құқық салаларымен тек өзара әрекет етіп қана қоймай, сонымен қатар қаржылық, экологиялық, кедендік - көпшілік құқық саласы қатары үшін ол «аналық сала» болып табылады. Тарихи тұрғыда қаржылық құқығы бірге не әкімшілік құқық саласы астында және инситут ретінде дамып, қазіргі кезде де қаржы құқығы өз бетінше жеке сала болып қалыптасса да, осы салалардың тығыз байланыстылығы құқықтық реттеудің жалпы учаскісі арқылы, жалпы құқық инситуты арқылы бақыланып отырады. Қаржылық құқық өзінің бюджеттік және салық құқық салаларының астымен әкімшілік құқық нормаларын бойына сіңірген.

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық нормаларын таңдау әкімшілік құқық бұзушылық не қылмыстық іс жасау ретінде іс-әрекетін саралау туралы сұрақты шешу барысында өтеді.

Қазақстан құқығының басқа салаларымен әкімшілік құқықтың өзара әрекет ету негізінде сол не басқа салалардың құқықтық реттеу саласында басқарушы сипатта қоғамдық қатынастың болуы.

Мемлекеттік басқару: түсінігі, мәні

Әкімшілік құқық қазақстанның құқық жүйесінде жеке сала ретінде қоғамдық қатынастың ерекше тобын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын құрайды. Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар ең алдымен, әлеуметік басқарудың бір түрі болып таьбылатын мелекеттік басқару саласында қалыптаесады. Басқарумен қоғамда болып жатқан көптеген құбылыстар байланысты. Латын сөзінен алынған «administratio» «басшылық ету» (не арқылы немесе кім арқылы) деген ұғымды білдіреді.

Басқару қоғамдық мәні бар мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылатын іс әрекеттердің жиынтығын құрайды.

Адамзаттың өмірдің әр саласына ықпал етуімен байланысты басқару келесі түрлерге бөлінеді:

биологиялық – жан-жануар мен өсімдік әлемдеріне ықпал ету түріне байланысты;

технологиялық – механизмдер мен технологиялық басқару және т.б.;

әлеуметтік адамзат қоғамын басқару, адамның адаммен байланысына ықпал етудің қалыптастырушы түрлері.

Әлеуметтік басқару төмендегі белгілермен сипатталады:

1) адамдардың бірлескен қызметінің болуымен;

2) адамдардың бірлескен қызметін ұймдастыруды басты мақсат етір алуымен;

3) негізгі элементтері басқару субъектісі (басқарушы элемент) және басқару объектісі (басқарылушы элемент) болып табылатын тұтас жүйе болуымен;

4)қоғамдық қатынастардың ретттеушісі болып табылуымен;

5)басқарушылық қатынас қатысушылар еріктерінің белгілі бір бірлесе бағынуышылығына негізделуімен (басқару субъектісі «басым еріктілікті» жүзеге асырса, ал объект оған саналы тұрғыда бағынады.

Мемлекет ісін басқаруды мемлекеттік биліктің барлық органдары жүзеге асырады. ҚР Конституциясына сәйкес осындай басқару заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі түрінде іске асырылады. Қызметтің аталған түрлері мемлекет міндеттері мен біртұтас мақсатын іске асыруға бағытталаған. «Әкімшілік құқық» курсын оқып үйрену саласы (пәні) атқару билігінің функцияларын іске асыру бойынша және атқару билігін орындаушы органдарының жұмыс істеуіне байланысты қызмет болып табылады (мемлекеттік басқару).  

Мемлекттік басқару: түсінігі, мәні және белгілері.

«мемлекттік басқару» термині 1993 жылға дейін заңнамалар мен ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылып келді. 90-шы жылдарың басында ҚР Конституциясында қабылданған осы термин «атқару билігі» деген ұғыммен ауыстырылды. Қазіргі кезде құқық және ғылыми әдебиеттерде билікті бөлу принципіне өтуге себепші біртұтас терминология әлі қалыптасқан жоқ.

Мемлекеттік басқару сипатттамасына тоқталайық.

Біртұтас мемлекеттік билікті іске асыру бойынша қызметтің нақты осы түрінің атқарушылық-жарлықшы сипаты бар. Бірінші орында ол Президент жарлығын, заңдарын іс жүзіне асыруға бағытталған. Бұдан басқа, осы нормативті актілерді орындауда мемлекеттік органдар (мемлекеттік басқару субъектілері) мемлекеттік-билік өкілеттілігіне бөліп берілген әрі билік жарлықтарын орындауға бұйрық берумен айналысуға құқылы. Мемлкеттік басқару әкімшілік-саяси құрылысымен және әлеуметтік-мәдени, шаруашылықты басқару үрдісінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқрау ұйғарады (болжамдайды):

  • Атқарушы-жарлықшы органдарының жоғарыдан төмен (вертикальность) жүйесі;

  • мемлекттік басқару субъектілері заңды-билік өкілеттілігін әкімшілік тәртіппен жүзеге асырады;

  • басқару субъектілері өз бетімен құқық нормаларын орнатқан (белгілеген) кезде, әкімшілік шығармашылық құқық мүмкіншілігі;

Кең мағыналы тұрғыда мемлекеттік басқару дегеніміз-бұл барлық мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырушы және жарлықшы қызметі, ал тар мағыналы тұрғыда алсақ, бұл атқару билігінің міндеттерін іске асыруға бағытталған барлық мемлекеттік билік органдарының (лауазымды тұлғалардың) ұйымдастырушы және жарлықшы қызметі

 Атқару билігі және мемлекеттік басқару арақатынасының мәселерін қазақстандық ғалым-әкімшілігімен көтеріліп отыр. Олардың айтуынша, мемлекттік басқару (әр жеке ескертпелерімен) ол атқару билік органдарының өзі.

Мемлекеттік басқару деген кең тұрғыдағы түсінік. Жеке сұрақтар бойынша (мәселер) бойынша басқару мемлекеттік биліктің барлық заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарымен жүзеге асырылады. К.С.Бельскийдің пікірі бойынша, мемлекеттік басқару аппараты мемлекеттік билікттің барлық тармақтарының жұмыс істеуіндегі тәртіп пен тұрақтылықтың біртұтас негізінде құрылады, ал «мемлекеттік басқару» термині тек атқару биліктің маңызды қызметттерінің бірін ғана түсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік биліктің1 әр тармақтарының қызметін түсінуге ықпал етеді.

Мемлекеттік басқару сұрақтарын қарастырған кезде, мемлекеттік органдар жүйесіне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кірмейтінін, бірақ оларға мемлекетпен атқару билігінің жеке міндеттерін шешу артылатынына баса көрсеткен жөн.

Екінші жағынан, билік тармағы мен мемлекеттік қызметті теңдестіруге болмайды. Осы мәселерді шешуде, атқару билігінің міндетттері мемлекеттік басқару деп аталатын атқарушы-жарлықшы қызметін жүзеге асыру арқылы шешіледі деген қорытындыға келуімізге болады.

Мемлекеттік басқарудың мәнін ашуда, субъекті қызметінің негізгі бағыттарының функцияларына тоқталмаса болмайды. ҚР Конситуциясы меншік түрлерін (формасын) бекітіп, ҚР субъектілері және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жеке сұрақтарын өз бетімен шешуде мемлекеттік органына мүмкіндік беріп, нормаларды белгілейді (орнатады). Күрделісі мемлекеттік басқару функцияларын ақытау. Әкімшілік құқық мәселесімен айналысатын ғалымдар мемлекеттік басқару функцияларының сұрақтарын жеңіл-желпі қарастырады.

А.П. Корнеев осы мәселені қарастырғанда, функцияларын келесідей көрсетеді:

  1. әлеуметтік ақпараттарды өңдеу (есеп және талдау) және жинау;

  2. қызметтің ғылыми негізге алынған қорытындылары, сондай-ақ іс үрдісін (өмірлік) өзгертуге болжамдау;

  3. Болашақта белігілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін шараларды анықтауды жоспарлау;

  4. жалпы қорытындыға (нәтижеге) қол жеткізу үшін нысандарды ұйымдастыр қызметтеріне өзгерістерді өз уақытынад үйлестіру;

  5. Практикалық орнатуда қызметтің орындалуына сәйкес тексеруді бақылау(қазіргі уақытта жалпы мемлекеттік бақылауды қалпына келтіруде) ;

  6. қызметтің сапалық және сандық қорытындысын анықтау есебін (ақпаратты өңдеу және жинау)

Осындай жолмен басқару үрдісі белгілі бір бірізділікпен нақты жүзеге асырылады.

Осы мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар. Сондай ғалымдар қатарында (мысалы, К.С.Бельский) мемлекеттік басқару функциясын екі үлкен топқа бөледі. Бірінші топқа қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша, ал екінші топқа заңнамалық актілерді (кесімдер) орындау ұйымымен және басқару саласының басшыларымен тікелей байланысты функиялары кіргізілген.

Бірінші топтың функциясын (қызметін) жүзеге асыруға көп көңіл бөлінеді. Басқару органы қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қатамасыз ете отырып, басқа функцияларды да жүзеге асыра алады.

Атқарушы-жарлықшы қызмет құқықтың әр түрлі саласының нормаларымен реттелеледі, осылардың ішінде маңызды орын әкімшілік құқыққа беріліп отыр.