Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Қысқаша мазмұны

Күнгей Кавказ халықтарының жазба ескерткіштері бізге V ғ. бастап белгілі бола бастады. Осы кезден бастап пайда болған Күнгей Кавказ мәдени аймағына грузин, армян, әзірбайжан халық­та­рының тарихы жатады. Бұл халықтар әуел бастан әлем өркение­тімен байланысты болады. Вавилон, Ассирия, Мидия, Персия, Грекия, Рим секілді дамыған мемлекеттер кавказ халықтары үшін барлық жағынан үлгі бола алған. Кавказ және оның халқы туралы Геродот, Страбон, Плутарх сияқты атақты Грекия, Рим тарихшы­лары мен араб, парсы жылнамашылары да жазған.

Кавказ мәдениетінің дамуына ежелгі иран мәдениеті, элли­низм, христиан дінінің қабылдануы, ұлттық жазудың пайда болуы мен Грузия, Армениядағы христиан мәдениеті де тікелей әсер еткен. Кейін VII-IX ғ. арабтар мен көшпелі оғыз тайпаларына қарсы күрестер ұлттық сананың құрылуына жол ашады. Бұл құбылыс өз кезегінде X-XII ғ. көркем өнер шығармашылығының (Нарекаци, Руставели, Низами, Хаган) гүлденуіне себепкер болады.

V ғ. басында Армения мен Грузияда халықтардың әдебиеті мен тарихы, философиясы мен діни ілімінің қарқынды дамуына негіз болған ұлттық жазулар қалыптаса бастайды. Ал VII ғ. Әзірбайжан сияқты мұсылмандық тараған аймақ­тарда араб әліпбиі орта парсы, яғни пехлевилік әліпбиді екінші орынға ығысты­рады. Әзірбай­жанда исламның кең таралуы тек діни емес, сонымен қатар ғылыми және көркем жазба әдебиеттердің араб тілінде болуына ықпал етеді. Кейіннен араб тілімен қатар парсы тілі де кең қолданысқа ие болады.

Кавказ әдебиетінің жалпы ерекшеліктерінің бірі осы аймақтағы халық­тардың өз ұлттық шығармашылықтарын сақтап, оларды әрі қарай дамыта отырып, сол дәуірге тән көптеген эстетикалық тәжіри­белерді бойына сіңіріп, ежелгі әлем өркениетімен тығыз қарым-қатынас орната алуында жатыр. Кавказ халқының еңбек сіңірген ақындарының шығармашылығында батыс христиан дінінің әсерін (Византия мәдениеті) ғана емес, сонымен қатар мұсыл­мандық шығыстың әсерін де байқауға болады.

8 дәріс Еуропадағы батырлар дастаны мен куртуаз­дық лирика. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірі

Қаралатын мәселе Еуропадағы ортағасырлық эпостардың көр­кем­дік ерекшеліктері. Куртуаздық әдебиет анық­та­масы және оның жанрлары. Прованстық лирика­ның ерекше сипаттары. Неміс куртуаздық лирика­сын­дағы миннезанг пен мейстерзанг жөнінде. Ренес­­санс өнерінің маңыздылығы. Қайта өрлеу дәуіріндегі мәдениеттің қалыптасуна жасалған алғышарттар. «Жағымда жаңы стиль» поэтикасы. Дантенің «Құдіретті комедиясына» тән аллегория. Ф. Петрарка шығармашылы­ғында көрініс тапқан гуманизм идеясы.

Қысқаша мазмұны

Кемелденген орта ғасыр дәуірінде халықтық-эпикалық әде­биет­тің даму үдері­сі әлі де жүріп жатты. Ортағасырлық әдебиетте батырлар дастаны маңыз­ды орын алып, үлкен тарихи сипатқа ие болады. Кемелденген орта ғасырдағы батырлар дастанында сол дәуірдегі қоғамда қалыптасып келе жатқан вассалдық қатынастар, ұлттар мен мемлекеттердің бірігуі көрініс табады. Дастандардағы тарихи тақырыптардың ауқымы кеңіп, ертегілік-мифологиялық сарын­дарды ығыстыра отырып, христиандық мотивтердің маңыз­ды­лығы арта түседі, патриот­­тық пафос күшейіп, жаңа эпикалық формалар пайда бола бастайды. Бұл құбылыс әдеби шығарма­лар­дың таза фольклордан бөлініп шығуына әсер еткенімен, оқиға желісі мен мофологиялық-поэтикалық бейнелеудің бірігіп, рыцарь­лық романдардың халық әдебиетіндегі фантастикалық элемент­тер­ге қайта жүгінуге әкеліп соғады. Дастандардың даму тарихындағы осындай өзгерістер өзара тығыз байланысты болады. Мемлекеттік тұтастыққа ерте қол жеткізген халықтардың дастандарында мифтер мен ертегілерге тән элементтер жойылып, тарихи аңыздардан алын­ған сюжеттер қолданыла бастайды.

Рулар мен тайпалардың негізгі арманы ұлттық тұтастықты сақ­тап қалу болғандықтан да, көптеген эпостық ескерткіштерден жат­жер­лік жаулаушылар мен басқыншыларға қарсы күрестен туын­дайтын патриоттық рухты көруге болады. Осындай патриоттық сарындар кейде христиандар мен мұсылман­дардың арасындағы қарсылықтардан да көрінеді (романдық, славяндық).

Дастандағы басты бейне елдің бірлігін қамтамасыз ететін пат­ша бейнесі болып табылады. Ол халық арасынан шыққан халықтың қиялындағы батырға қарсы қойылады. Патшаға деген адалдық патшаның әділетсіздігі, сарай маңын­да­ғы­лардың жауыздығы мен феодалдар арасындағы өзара талас-тартыстармен қатар суреттеледі (мысалы, Гильом Оранжский туралы француздық дастан). Онда сонымен қатар ақсүйектерге қарсы тенденциялар да көрініс тапқан («Менің Си­дім туралы ән»). ХІІ-ХІІІ ғ. батырлар жырына куртуаз­дық (рыцарьлық) романның да әсер еткені белгілі (мысалы, «Нибе­лунг туралы ән» атты шығармада). Батырлар жырына шектен тыс әсірелеу, батырлардың барлық қиындықтарға төзуі мен үлкен трагедияға ұласатын драматизм сияқты түрлі теденциялар тән.

Дастанның стилистикалық ерекшеліктері оның фольклордан алшақ­тауы мен фольклорлық дәстүрлерге терең өңдеулердің енгізі­луі­мен байланысты бола­ды. Ауызша әдебиеттен қолжазбаларға көшу барысында синонимдік қатар­лар ұлғайып, түрлі эпикалық формалар пайда болып, шығарманың құрылымы жинақтала бастай­ды. Ауызша әдебиетке де жоғары өркениет тән болғанымен, эпика­лық шығармалардың көпшілігі қолжазбалардың пайда болуымен дами түседі.

Француз және испан халықтарының эпосы Х-ХІІІ ғ. шегімен сәйкес келеді. ІХ ғ. бастап романдық тілдер пайда болып, осы тілде әдеби шығарма­шылық та қалыптаса бастайды. Дастандарда кездесетін тарихи оқиғалар VІІІ ғ. ІІ жартысында орын алады. Бірақ бұл роман халықтарының ұлттық поэзиясы осы аймақтарда алғаш «вар­варлық мемлекет» құрған неміс халқының фольклор дәстүр­леріне тән элементтердің де әсер еткенін жоққа шығармайды.