- •2 Дәріс Орта ғАсырлаРдағы үнді әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •5Дәріс Ортағасырлық араб әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •6 Дәріс Орта ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •9 Дәріс Неміс, голланд, француз әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •10 Дәріс хvіі ғасырдағы Еуропа әдебиеті
- •11 Дәріс XVIII ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •13 Дәріс. XIX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •15 Дәріс XX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
5Дәріс Ортағасырлық араб әдебиеті
Қаралатын мәселе Әлем әдебиетіндегі ортағасырлық Шығыс әдебиетін жіктеу мәселелері. Араб поэзиясындағы ақындар мен олардың шығармашылық ұстанымдары. Араб халифаты кезіндегі (VІІІ-ІХ ғ.) араб тілді әдебиеттің қалыптасуы. Араб-иран әдебиетінің синтезі. Ортағасырлық Шығыстағы сарай поэзиясы (ІХ-ХІІ ғ.).
Қысқаша мазмұны
«Ортағасырлық араб мәдениеті» мен «мұсылман мәдениеті» деген ұғымдарды қолданғанда аса сақ болу қажет және бұл екі ұғым бір-бірімен теңдестірілмейді.
Х ғ. бастап исламданған парсылар жаңа парсы тіліндегі ерекше әдебиеттің пайда болуына әсер етеді. Көптеген еврейлер ислам дінін қабылдамастан араб тілінде жаза бастайды. Арабтардың арасында да христиандар тобы болады (мысалы, умаййалар дәуіріндегі панегирист әл-Ахтал христиан-араб болды).
Араб мәдениетінің қалыптасып, дамуына тек қана арабтар емес, сонымен қатар сириялықтар, коптар, парсылар мен тәжіктер, гректер мен еврейлер, испандықтар да өз үлестерін қосады.
Батыста латын тілі маңызды орын алса, Шығыста араб тілі ғылым мен философия тілі ретінде ұзақ уақыт бойы маңыздылыққа ие болады. Осылайша, Батыста мәдени койнэ ретінде ежелгі өркениеттің тілі қолданылса, Шығыста тарих сахнасына жаңа шыққан халықтың тілі қолданылады.
Араб тілі әдебиетке қарағанда, ғылым салаларында кең қолданысқа ие болады. Мысалы, «араб әдебиеті» ұғымына қарағанда, «араб философиясы» термині ауқымды географиялық аймақты қамтиды. Осындай үлкен аумақты қамтыған ортағасырлық араб әдебиетін дұрыс түсіну үшін жоғарыда айтылған ескертулерді естен шығармау қажет. Осы аймақта VІІ-ХІІ ғ. аралығында түрлі тарихи құбылыстар орын алып, ескі мәдени аймақтардың шекаралары өзгеріске ұшырады. Араб поэзиясы, дін мен тілдің әсерінен Ежелгі дәуірге жататын дәстүрлер жоғалып немесе толықтай өзгеріске ұшырады. Осының нәтижесінде, Таяу және Орта Шығыста ежелгі дәуірден ортағасырлық дәуірге өту үдерісі толығымен аяқталады.
6 Дәріс Орта ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті
Қаралатын мәселе Парсы тілді әдебиеттің қайнар көзі.Парсы поэзиясының негізгі жанрлары. Рудаки поэзиясының әлеуметтік мазмұны.Фирдоусидің «Шах-наме» атты эпопеясы. Омара Хайям поэзиясының гуманизмі.
Қысқаша мазмұны
Парсы тіліндегі парсы-тәжік әдебиеті шығыс ирандықтар мен тәжіктер мекендеген территорияда пайда болып, кейіннен батыс ирандықтар, яғни парсылықтар жеріне де таралады. VІІІ-ХV ғ. парсы әдебиетінің дамуына басқа халықтар, әсіресе орта азиялықтар, оның ішінде Иран және Әзербайжан тұрғындары ат салысады. Иранмен шекаралас Үнді және Түрік жерлерінде де фарсы тіліндегі әдебиет қалыптасады.
Иран және Орта Азияны арабтардың басып алуының ұзаққа (635 ж. басталып тек VІІІ ғ. 20 ж. ғана аяқталған) созылуы күрделі де, қиын тарихи оқиға болып, жергілікті тұрғындардың қоғамдық-экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі үлкен өзгерістерге себепкер болады.
Ислам дінінің кең таралуы нәтижесінде жергілікті халықтардың тілдері араб тілімен ауыстырылады. Дін мен мемлекеттің ресми тілі ретінде ол бүкіл Араб халифатына жалғыз жалпыға міндеттелген әдеби тіл болып қалыптасады.
«Шуубииа» аталған жаулап алынған халықтарды босату әрекеті VІІІ ғ. басында-ақ пайда болады. Олардың ішіндегі ең мықтысы ирандық шуубииа болады, олар өз қарсылығында тіпті исламнан толық бас тартуға дейін барған. Араб тілін қолданған олар ІХ ғ. дейін қарсылық көрсетпеген. Алайда араб тілді әдебиеттің түп негізінде араб мәдениетінің гегемониясына қарсы қозғалыс пайда болып, мұсылмандыққа дейінгі Иранның мәдени және әдеби өмірінің идеалдарының жандандыру процессі жүріп жатады.
Араб тілінің енуі ислам мәдениеті мен араб поэтикасының кейбір элементтерін қабылдаған тәжік-парсы әдебиетіне айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Сонымен қатар бұл әдебиет ежелгі ирандық дәстүр мен өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтап қала алған.
V-ІХ ғ. басқа мәдениетпен етене араласқан араб тілді парсы-тәжік әдебиеті айтарлықтай байи түседі. Бұл үдеріс тек араб әдебиетін жаңа сатыға көтеріп қана қоймай, кейініректе пайда болған парсы тіліндегі классикалық әдебиеттің негізін де қалайды. Осы кезде араб тілі әлемдік тіл саналады, осылайша, парсы тілді әдебиет сол дәуірдегі әлемдік мәдениетпен тығыз байланысты болатын. Бұған рухани факторлардан бөлек феодализмнің өркендеуі, қалалардың гүлденуі, теңіз сауданың кеңеюі сияқты бір кездері Араб Халифатының құрамына енген Орта Азия мен Иранның саяси-экономикалық өміріндегі көлемді өзгерістер де өз септігін тигізеді.
VІІІ-ІХ ғ. араб тілді, шығу тегі жағынан ирандық ақындар әл-Хурайми, Башшар ибн Бурд (714-783 ж.) және Абу Нууас (762-813 ж.) өздерінің лирикалық, панегирикалық (мадақтау) және сатиралық өлеңдерінде қалалықтардың көңіл-күйін, Иран жеріне деген махаббат сезімдерін білдірген. Аталған ақындардың шығармашылықтары арқылы поэзияда парсы тілді әдебиеттің негізгі бөлігіне айналған адамгершілік құндылықтары мен махаббат тақырыбы пайда болады.
VІІІ-ІХ ғ. ирандықтар мекен еткен Хорасан мен Мауереннахр (Трансоксиан) аталған ауқымды аймақта (әсіресе Самарқанд, Бұқара және Мерв қалаларында) парсы әдебиеті пайда болады. Парсы-тәжік әдебиеті ирандық әулеттің (Тахиридтер мен Саффаридтер кейін Саманилер) билікке келуіне себепші болған және иран тілі мен дәстүрінің пайда болуына септігін тигізген антиарабтық толқынның негізінде дамиды.
7 дәріс Ортағасырлық Күнгей Кавказ әдебиеті
Қаралатын мәселе Кавказ халықтары мәдениетінің дамуына әсер еткен факторлар.Григорий Нарекаци шығармашылығындағы этикалық концепция. Шота Рутавелидің «Жолбарысын бейнесіндегі батыр» атты поэмасындағы кейіпкерлердің бейнесі. Низамидің «Хамса» атты дидактикалық-философиялық поэмасы.