- •Қазақстан Республикасының Кеден кодексі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II)
- •1. Жалпы бөлім (1 - 32 баптар)
- •2. Ерекше Бөлім (33 - 429 баптар)
- •3. Арнайы бөлім (430 - 531 баптар)
- •1. Жалпы бөлім
- •Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелері
- •Құрылымы мен қызметі
- •Кеңес беру
- •2. Ерекше Бөлім
- •Экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы. Алдын-ала шешім
- •Номенклатурасы
- •Байланысты алдын ала операциялар, кедендік операциялар мен рәсімдер
- •Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
- •Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезіндегі кедендік рәсімдер
- •Уақытша әкелу
- •Уақытша әкету
- •Құралдарын өткізуі
- •Жөнелтілімдерімен өткізу
- •Санаттарының тауарларды өткізуі
- •Салықтардың төленуін қамтамасыз ету
- •Қосымша ережелер
- •Меншік объектілеріне құқықты қорғауы
- •Объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер
- •Тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау ерекшеліктері
- •Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар
- •3. Арнайы бөлім
- •Экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру
- •Саласындағы кедендік бақылау
- •Саласындағы функциясы
- •Экспорттық бақылау
- •Меншігіне айналдыру
- •Меншігіне айналдыру
- •Тауарлармен көлік құралдарына билік ету тәртібі
- •Лауазымды адамының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
- •Адамының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды қарау
- •Адамының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданудың оңайлатылған тәртібі
- •Атыс қаруын қолдану
- •Материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •Адамдарының жауаптылығы
Саласындағы кедендік бақылау
62-тарау. Кеден органдарының валюталық бақылау
Саласындағы функциясы
480-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы функциялары
Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
481-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.
63-тарау. Кеден органдары жүзеге асыратын
Экспорттық бақылау
482-бап. Экспорттық бақылау органы ретіндегі кеден органы
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды.
483-бап. Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті
1. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.
2. Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.
484-бап. Ақпараттың жасырындығын сақтау
Кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған ақпараттың жасырындығын сақтауға міндетті.
14-Бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет
Меншігіне айналдыру
64-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет
Меншігіне айналдыру
485-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру
Тауарлар мен көлік құралдары:
1) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша тәркілеу қолданылған кезде сот шешімінің;
2) мемлекеттің пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимінде ресімделген кедендік декларацияның және тауарларды немесе көлік құралдарын қабылдап алу-беру актісінің негізінде мемлекет меншігіне айналдырылады.
486-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдары кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мемлекет меншігіне айналады.
2. Кеден органы сот шешімінің негізінде қабылдап алу-беру актісі бойынша тәркіленген тауарларды немесе көлік құралдарын тиісті уәкілетті мемлекеттік органға береді.
487-бап. Мемлекеттің пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізген тұлға мемлекеттің пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимінде ресімделген кедендік декларацияны кеден органына мәлімдейді және береді.
2. Мемлекеттің пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдары кедендік декларация және қабылдап алу-беру актісі бойынша тауарларды немесе көлік құралдарын тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берген кезден бастап мемлекет меншігіне айналады.
65-тарау. Кеден органдары мемлекет меншігіне айналдырған