Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАМОЖЕННЫЙ КОДЕКС РК (каз.яз.).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.08.2019
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

54-тарау. Кедендік статистиканы жүргізу

421-бап. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы

2005.20.06 № 62-III ҚР  Заңымен  1- тармақ   өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамсыз ету,  бюджетке кедендік төлемдердің және салықтардың түсуін бақылау, валюталық бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйін, өсу қозғалысын және үрдістерін талдау, оның сауда және төлем баланстары мен тұтастай экономикасын талдау мақсатында тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинап, өңдейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін береді және жариялайды.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін халықаралық ұйымдарға береді.

2. Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.

3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының және оның сыртқы сауда әріптестерінің өзара сауда-саттық деректерін салыстыруды қамтамасыз ететін әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

422-бап. Арнаулы кедендік статистика

Кеден органдары осы Кодекстің 19-бабында белгіленетін міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы кедендік статистика жүргізеді.

423-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер

Статистикалық мақсаттарға арналған құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес беріледі.

55-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

424-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын қолдану

1. Осы Кодексте көзделген кедендік операциялар ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде бұлардың ақпаратты берудің электрондық тәсілдеріне негізделгендерін, сондай-ақ осы тарауға сәйкес оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

3. Кеден ісінде:

1) кеден органдары әзірлейтін, шығаратын және сатып алатын;

2) кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары қолданылуы мүмкін.

Бұл орайда кеден органдарына бағдарламалық құралдар беретін тұлғалардың өздерінің бағдарламалық құралдарының көмегімен жасалатын ақпараттық ресурстарды пайдалануға құқығы жоқ.

4. Кеден органдары әзірлейтін, шығаратын немесе сатып алатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары республикалық меншікте болады және тиісті кеден органдарына бекітіледі.

5. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден органдарының пайдалануына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілген жағдайда ғана туындауы мүмкін және шарттық негізде құрылады.

6. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі кеден ісінде қолданылатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес келуге және кеден органдары кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланатын осыған ұқсас өніммен үйлесімді болуға тиіс. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді кеден органдары жүзеге асырады. Бұл орайда аталған тексерулерді жүргізуге байланысты шығыстарды төлеу оны жүргізу туралы өтініш білдірген тұлғаға жүктеледі.

2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын кедендік, фискалдық және болжам­дық мақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігін, бұл өнімді қолдану тәртібі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейді.

425-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын сертификаттау

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіпте сертификаттауға жатады.

426-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

1. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары кедендік операцияларды жасау кезінде берілетін құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жасау үшін қажетті құжаттар негізінде түзіледі.

Құрамында кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын деректер базасы бар құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп түсініледі.

2. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары мемлекеттік меншік болып табылады, кеден органдарының мүлік құрамына енгізіледі және құзыретіне сәйкес солардың иелігінде болады.

3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда берілуі осы Кодексте немесе өздері белгілеген тәртіпте көзделген құжаттар, оның ішінде кедендік декларация оларды құжаттау туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптар сақталған кезде ақпарат алмасудың электрондық тәсілдері арқылы берілуі мүмкін.

4. Осы баптың ережелері ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша құжатталған ақпаратты міндетті беру негізінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жағдайларына қолданылмайды.

427-бап. Ақпараттық ресурстарды пайдалану

1. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстар, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ақпаратты пайдалану шектелген жағдайларды қоспағанда, ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

2. Кеден органдары пайдалану үшін ашық ақпараттық ресурстардың тізбесін, сондай-ақ оған қолжетімділік дәрежесін жариялауды жүзеге асырады.

2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратқа қолжетімділікті шектеу болмаған жағдайда оны алуға сұрау салу негіздемені қажет етпейді.

4. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртібі осы Кодекстің нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

428-бап. Ақпаратты, ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау

1. Ақпаратты, ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті сертификаттауға жататын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету құралдарымен үйлесетін ақпаратты қорғаудың арнаулы бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізу және пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғау деңгейі ақпараттың санатына сәйкес келуге тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір санатқа сәйкестігін қарауында ақпараттық ресурстар бар кеден органдары қамтамасыз етеді.

4. Ақпаратты қорғау және ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

429-бап. Кеден органдарының халықаралық ақпарат алмасуға қатысуы

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіп пен жағдайда шет мемлекеттердің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]