Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 2)

Көппрофильді аурухананың қабылдау бөліміне 50 жастағы, терапевт-дәрігер мамандығы бойынша емханада жұмыс істейтін әйел адам жеткізілді. 25 жастағы қызымен және анасымен бірге тұрады.Аурудың басталуымен менопаузаның болуы бір уақытта басталған.Тері жамылғылары бозарған, құрғақ, тілі ақ жабындымен жабылған, дене салмағы жеткіліксіздігі байқалады, тері тургоры төмендеген.Бет келбеті көңіл-күйсіз.Сөйлеуі ақырын, монотонды, бірқалыпты, сөздердің айтылу арасында ұзақ паузалардың болуы. Бір айдың аралығында көңіл-күйінің төмендеуі байқалған.Тәбеті төмендеген, бір айдың ішінде 8 кг-ға дейін арықтаған, «жан дүниесінің күйзелісінен» қатты айғайлау кезеңдері болып тұрады.Көшеде қатты айғайлауы кезінде жан-жағындағы адамдардың назарын аударады.Өзін мазалайтын мәселелерді айту кезінде қатты айғайлауы оның сөйлеуіне кедергі жасайды.Түнде ұйқысыздық мазалайды, үйіндегі адамдарға кедергі жасамау үшін түнгі қаланың көшелерінде жүреді, таңға қарай ғана үйіне қайтады.Өзін ЖТИСпен аурамын деп санайды, өзінің бір науқасынан жұқтырып алдым деп ойлайды, «ішінде бәрі шіріп кетті», «тамыры босап қалды», «басында ботқаның болуы» осылардың бар екендігі туралы ойлайды.Сонымен қатар өзінің қызын да жұқтырып алдым, енді ол тұрмысқа шыға алмайды деп санайды.Бұның осы ойларын бозару мен әлсіздігі дәлелдейді.Өмір сүрудің мәні жоқ деп санайды, ауруханаға түсер алдында өзіне қол жұмсаған, клофелинді көп көлемде қабылдаған.

1. Негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз ( жазбаша және ауызша);

2. Жетекші психопатологиялық синдромды анықтау және негіздеу ( жазбаша және ауызша);

3. Бастапқы нозологиялық және синдромальды диагнозды қою және оны негіздеу. (жазбаша және ауызша);

4. Дифференциальды диагностиканы анықтау ( жазбаша және ауызша);

5. Дәрілік заттарды тағайындау және оны негіздеу.Науқастың әрі қарай жалғастыру емінің тактикасын енгізу ( жазбаша және ауызша);

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 3)

1963 жылы туылған ер адам, оның анасының айтуы бойынша он жыл аралығында активті түрде алкогольді ішімдіктерді қабылдаған.Соңғы бір жыл аралығында жұмыссыз.Соңғы бір апта аралығында күнде 1 литрге дейін арақ ішкен.Көздің ақ жамылғысын сарғайған, терісі бозарған, дене температурасы 38 С, ЖЖЖ 115 минутына, АҚ 150-100 мм сын.бағ., координациясы бұзылған, тремор, гиперрефлексия, дененің қалтырауы тершеңдік, спецификалық жағымсыз иістің шығуы байқалады.Түнгі 02.30 уақытында анасымен бірге жедел-жәрдемнің бригадасымен мінез-құлқының бұзылыстары (анасына пышақ алып жүгіріп, терезеден секіргісі келді) бар болғандықтан ауруханаға жеткізілді. Психиатриялық ауруханаың қабылдау бөлімінде науқас өзінің досының бақшасында отырмын деп санайды, бүгінгі күнді дұрыс айтпайды.Өзінің паспорттық мәліметтерін дұрыс айтады.Жан-жағына алаңдап карайды, ойдан шығарған заттарымен қандай да бір іс-әрекеттер жасап, өзінен біреуді итеріп, киімінен құрт-құмырсқаларды түсіргісі келіп, сол бөлмеде құрт-құмырсқалар толып жүр деп ойлайды.Ойдан шығарған адаммен сөйлеседі.

1. Негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз ( жазбаша және ауызша);

2. Жетекші психопатологиялық синдромды анықтау және негіздеу ( жазбаша және ауызша);

3. Бастапқы нозологиялық және синдромальды диагнозды қою және оны негіздеу. (жазбаша және ауызша);

4. Дифференциальды диагностиканы анықтау ( жазбаша және ауызша);

5. Дәрілік заттарды тағайындау және оны негіздеу.Науқастың әрі қарай жалғастыру емінің тактикасын енгізу ( жазбаша және ауызша);