Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 2)

Науқас Омарова С., 18 жаста, қант диабетінің 1 типімен ауырады. Дәрігердің кезекті бақы­лауына келді. Екі күн бұрын субфебрильді температура мен жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері пайда болып, ауызы тез құрғап, түнгі уақытта шөлдеу пайда болды. Гли Нв -7%, алдыңғы күнгі ашқарындық гликемия -11,5 ммол/л, күндіз 14,0 ммол/л. Сізге қажет:

  1. Науқастың анамнезін нақтылаңыз.

  2. Науқасқа тексеріс жүргізіңіз.

  3. Глюкометриядан алынған нәтижені интерпретациялап, анықталған өзгерісті түсіндіріңіз, диагнозды құрыңыз (жазбаша).

  4. Ұсыныс жасаңыз, емін коррекциялау мен дәрігердің кезекті бақылауын тағайындаңыз (жазбаша).

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 3)

Науқас Калинина М., 45 жаста. Семіздік аясында (ДСИ 32 кг/м2, БӨ - 92 см) 5 жыл бұрын қантты диабеттің 2 типімен ауырады. Соңғы айда емдәмді қатаң ұстанады, кейде (аптасына 2,3 рет) салмағын төмендету үшін гипотиазид пен фуросемид қабылдайды. Дәрігерге ауыздың құрғауына, шөлдеуге шағымданып келген. Диурезі көбеймеген. Таңертеңгілік уақыттағы ашқарындық гликемия 5,7 және 6,2 ммоль/л шамасында. Сізге қажет:

  1. Науқастың анамнезін нақтылаңыз.

  2. Науқасқа тексеріс жүргізіңіз.

  3. Глюкометриядан алынған нәтижені интерпретациялап, анықталған өзгерісті түсіндіріңіз, диагнозды құрыңыз (жазбаша).

  4. Ұсыныс жасаңыз, емін коррекциялау мен дәрігердің кезекті бақылауын тағайындаңыз (жазбаша).

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 4)

Науқас Комарова Г.В., 36 жаста, дәрігерге кенеттен анықталған 8,2 ммоль/л дейін гипергликемиямен қаралды. Соңғы жарты жылда дене салмағы жоғарылаған, іші мен санының өлшемі ұлғайған, иегінде түктердің өсуі мен құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында, қолтық астында қызғылт стриялар пайда болған. Етеккір циклінің бұзылысы үдеп, кейде АҚ 140/100 мм.с.б. жоғарылауы байқалған. Сізге қажет:

  1. Науқастың анамнезін нақтылаңыз.

  2. Науқасқа тексеріс жүргізіңіз.

  3. Глюкометриядан алынған нәтижені интерпретациялап, анықталған өзгерісті түсіндіріңіз, диагнозды құрыңыз (жазбаша).

  4. Ұсыныс жасаңыз, емін коррекциялау мен дәрігердің кезекті бақылауын тағайындаңыз (жазбаша).

Стандартты науқасқа арналған жауап эталоны:

Нұсқа 1.

  1. Т.А.Ә., жасы: Кривошеева Ирина Александровна, 48 жаста;

  2. Шағымдары: таңертеңгілік уақытта ауызым құрғайды, шөлдеймін, әсіресе жоғары кало­риялы тамақты жегеннен кейін 3,5 литрге дейін.

  3. Аурудың анамнезі: дене салмағым жасөспірім шағымнан бастап артты, соңғы 2 жылда де­не салмағым 7 кг дейін артты. Гликемияны жүктілік кезінде ғана бақылаған, гликоли­зир­ленген гемоглобинді бақыламаған, емдәмді және тәуліктік калоражды ұстанбайды.

  4. Өмір анамнезі: науқастың анасында 6 жыл бұрын қантты диабеттің 2 типі анықталған, зиянды әдеттері жоқ. 3 рет жүкті болған, 2 рет асқынусыз босанған, науқастың бала­ла­ры­ның туылған кездегі салмағы 4 кг асады, науқастың жүктілік және босануы кезінде гли­кемия көрсеткіштері жоғарылаған жоқ.

Нұсқа 2.

  1. Т.А.Ә., жасы: Омарова Сауле Асылханқызы, 18 жаста;

  2. Шағымдар жоқ;

  3. Ауру анамнезі: қантты диабеттің 1 типімен 7 жыл бойы сырқаттанады, инсулино­те­ра­пия­да тәулігіне 42 бірлік: актрапид 6 бірлік тамақ алдында, протафан 12 бірлік таңертең жә­не кешке. Аурудың бастапқы сатысында инсулин мөлшерін реттеу кезінде гипо­гли­ке­мия­лық кома дамыған. Емдәмді сақтайды, тәуліктік калоражды ұстанады. Глюкометр ар­қы­лы өзбетімен гликемия деңгейін бақылайды, бірақ жүйелі емес, қантты диабеттің ас­қы­ну­лары жайында білмейді. Гли Нв - 7%, бір ай бұрын тексерілген. Жедел респираторлы ви­рустық инфекция салдарынан ауыз құрғауы мен шөлдеудің өсуіне байланысты және инсулин алу үшін дәрігерге келген.

  4. Өмірлік анамнезі: зиянды әдеттері жоқ. Тұқымқуалаушылық: апайында қантты диабет.

Нұсқа 3.

1. Аты- жөні, жасы: Калинина Марина Александровна., 45 жаста;

2. Шағымы: ауызының құрғауына, шөлдеу, әсіресе таңертеңгілік уақытта, диурезі кө­бей­меген.

3. Ауру анамнезі: семіздік аясында (ДСИ 32 кг/м2) қантты диабеттің 2 типімен 5 жылдан бері ауырады; емдәмді сақтауды (тез қорытылатын көмірсуларды шектеу арқылы тәуліктік калораж 1800) және метформинді 850 мг-нан күніне 2 рет қабылдауды бір жыл бұрын бастаған. Диуретиктерді (гипотиазид, фуросемид) қабылдауға байланысты БӨ 89 см-ге дейін төмендеген, дене салмағы 6 кг-ға дейін азайған. Глюкометр болмағандықтан гликемияны бақыламайды,

4. Өмірлік анамнезі: зиянды әдеттері жоқ. Тұқымқуалаушылық: анасында қантты диабет. Жүктілік пен босану – 2, асқынусыз. Балаларының туылған кездегі салмағы 3,9 және 4,5 кг.

Нұсқа 4.

  1. Т.А.Ә., жасы: Комарова Галина Владимировна, 36 жаста;

  2. Шағымы: дене салмағының жоғарылауына, әсіресе іште және сан өлшемінің ұлғаюына, иегінде түктердің пайда болуына, құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында, қолтық астында қызғылт стриялардың болуына, етеккір циклінің бұзылысына, бас ауруына, кейде АҚ 140/100 мм.с.б. жоғарылауына.

  3. Ауру анамнезі: Бас ауруы 3 жыл аралығында мазалайды, интесивті, ұзақ. Дене салмағының 5 кг жоғарылауы соңғы жарты жылда, сол кезде құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында, қолтық астында қызғылт стриялардың болуынбайқаған. Етеккір циклі үнемі ретсіз болған, соңғы жарты жылда етеккір 2-3 айда бір рет. АҚ 140/100 мм.с.б. жоғарылауын байқаған. Емделмеген. Бір апта бұрын досынан глюкометрін алып гликемияны тексергенде, деңгейі 8,2 ммоль/л болды.

  4. Өмірлік анамнезі: тұқымқұлаушылық жоқ. Жүктілік жоспарланбаған.