Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тініш лгілері.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
146.43 Кб
Скачать

2. Еңбекақы төлеу

2.1. Жұмыс беруші кепілдендірілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмайтын айлық жалақы төлеуге міндеттенеді.

2.2. Жалақының мөлшері осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкес7 анықталады.

2.3. Жалақы әрбір айдың ______________________ күні төленеді.

2.4. Қызметкерлерге осы Шартқа қосымша болып табылатын және жұмыс беруші кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген еңбекақы туралы ережеге сәйкес, жұмыстың қорытындылары бойынша сыйақы8 төленеді.

2.5. Кәсіподақпен келісе отырып, тоқсан сайын тиімді түрде еңбек еткені үшін қызметкерлерге тоқсандық сыйақы төленеді.

2.6. Кәсіподақпен келісе отырып, жыл қорытындылары бойынша қызметкерлерге 13-інші айлық жалақы төленеді.

2.7. Жаңа өндірісті (технологияны, өнімді) игеру кезеңінде қызметкерге бұрынғы орташа жалақысы деңгейінде қосымша төлем жүргізеді. Қосымша ақыны төлеу мерзімі екі айдан аспау керек.

2.8. Жұмыс беруші жалақыға қосылатын үстемеақы мен қосымша ақылардың төмендегідей түрлерін белгілейді:

кәсіби шеберлігі үшін9 __________________________ теңге;

- бір-бірімен байланысты кәсіптерді игергені үшін _________ теңге;

- зиянды және қиын еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін ________ теңге;

- ұзақ іссапарлар үшін _____________________________ теңге.

2.9. Кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлердің жалақысы бойынша берешектерді жабатын қаражаттар іздеуге міндетті.

2.10. Жалақыны 1 айдан көп уақытқа кешіктерілген жағдайда жұмыс беруші қызметкерлерге берешек соманың 0,1% мөлшерінде өсімақы төлеуге, сонымен бірге көлік шығындарын, балаларды мектепке дейінгі және мектепте ұстау, денсаулық сақтау қызметтеріне байланысты төлемдерді төлеуге міндетті.

 

 

 

3. Еңбекті ұйымдастыру және қорғау

3.1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер осы Ұжымдық шартқа тіркелген қосымшада белгіленген еңбек тәртібін қатаң сақтауға міндетті.

3.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

- қызметкерлерді бір күнтізбелік күн ішінде бір сағаттан артық мерзімінен тыс жұмысқа тартпау;

- _________ цехта, ___________ учаскеде, __________ бөлімшеде жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану;

- осы Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген жоспарға сәйкес10, қызметкерлерді қажетті жағдайлармен және еңбегін қорғаумен қамтамасыз ету шараларын жүргізу;

- осы Шартқа қосымша болып табылатын және кәсіподақпен бірлесе отырып әзірлеген тізім бойынша денсаулыққа зиянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер жасау (қосымша демалыс, демалу үшін қосымша үзілістер, арнайы тамақ);

- қызметкерлерді жұмыстың кез келген ауысымында (смена) ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Цехтарда және басқа да құрылымдық бөлімшелерде жұмыс уақытында тамақ істеп ішуге жағдай жасау.

3.3. Еңбек және демалыс тәртібі:

- күндізгі ауысым - сағат __________-ден сағат _________-ге дейін,  түскі үзіліс уақыты ___________.

- кешкі ауысым - сағат _____________-ден сағат ________-ге дейін, түскі үзіліс уақыты _______________.

 

4. Жұмыспен қамту

Негізгі себептерге байланысты штат кестесінің қысқаруы қажет болған жағдайда Жұмыс беруші кәсіподақпен кеңесе отырып, оның жағымсыз зардабын жеңілдету мақсатында мына шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндетті:

- жұмысшы саны немесе штат қысқартылған жағдайда қызметкерлерге жұмыста қалуға басым құқық беру:

а) кәсіпорында 15 жылдан (еркектер) және 10 жылдан (әйелдер) артық қызмет істеген қызметкерлер;

б) толық емес отбасыларында бала тәрбиелеп отырған қызметкерлер;

- жұмыстан босатылатын қызметкерлерге кәсіпорын есебінен, кәсіпорында бар бос орын бойынша білім алуға мүмкіндік жасау;

- зейнетке шығуына байланысты бірінші рет жұмыстан шығарылатын зейнеткерлерге және кәсіпорында 25 жыл (еркектер) және 20 жыл (әйелдер) еңбек еткен қызметкерлерге кәсіпорын қаражаты есебінен орташа бес жалақы сомасында жәрдемақы төленеді.