Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

16.Территорияны демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру.

Халық шаруашылық салаларының территориялық ұйымдастырылуы мен жоспарлы реттелуінің эффективтілігі ғылыми-дәлелденген аудандастыруға тікелей байланысты, себебі аудандастырудың негізін табиғи-географиялық жағдайы мен ресурстарын бағалау жұмыстары, сонымен қатар, территорияның шаруашылық және басқа да аумақтық ерекшеліктері құрайды. Бірақ аудандастырудың әдістемелік қағидалары жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ.КСРО-да алғаш рет рекреациялық аудандастыру жөнінде Б.Н. Лихановпен В.С. Преображенский ұсыныс жасаған еді. Аудандастырудың негізгі критериі – рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы менолардың елдің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. Авторлар елді төрт рекреациялық зонаға, ал зоналарды рекреациялық аудандарға бөлді.Туристік аудан анықтамасы жоғарыда келтірілген. «Туристік аудан(аймақ)» ұғымын анықтайтын көзқарастар мен критерийлерді бірқалыптықылу қажеттілігі туындады. Әзірше біркелкі қөзқарас ғылыми зерттеулерде

де, әкімшілік және шаруашылық органдарында да қалыптаспаған.Көптеген елдерде туристік аудандастыруды рекреациялық және табиғи аудандастырумен шатастырады. Табиғи элементтерінің маңызын ескере тұра,туризмнің танымдық процесімен тығыз байланыста болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс екенін ұмытпаған жөн, туризмнің бұл аспектісі келешекте кеңейіп, ұлғаятын түрі бар. Көптеген туризм географтары туристік аудандастыруды тіпті физикалық географиялық аудандарының негізінде өткізе береді.Соңғы жылдарда бұрыңғы КСРО-да рекреациялық аудандар жөнінде көп зерттеулер жүргізілді. Рекреациялық аудандастырудың негізіне демалыс,емделу, содан кейін ғана туризм үшін табиғаттың жағдайларының анализы пен бағалануы жатты. Сонымен рекреациялық аудандастырудың ішінде екі тенденция пайда бола бастады:1) мұнда демалыс пен туризм аудандары жеке бір физикалық-географиялық аймақтардың ішінде қалыптасады. Сонда әрбір ірі физикалық-географиялық бірлікте бірнеше аудандар болуы мүмкін;

2) физикалық-географиялық аудандардың шекарасы рекреациялық аудандардың шекарасына сәйкес келеді.«Рекреациялық аудан» деген ұғымды пайдалану тек қана табиғаттану зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді, ал шаруашылық, халықтық, көліктік жағдайларды анықтау өте қиын, кейде мүмкін емес, себебі рекреациялық ауданның нақты белгіленген шекарасы анықталмаған. Сондықтан туризм статистикасын жүргізуге де жағдай жоқ.Туризм мәселелерін шешуге экономикалық географтар да қатысқан еді.Олар рекреациялық аудандастырудың негізіне экономикалық аудандастырудың қағидаларын жатқызды. Яғни рекреациялық аудандар экономикалық аудандарға сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде салалық аудандастырудың қағидаларына қайшы келеді, яғни туристік және

рекреациялық аудандастырылу араласып кетеді. Рекреацияға туризм кіргендіктен олардың айырмашылықтарына қарамай осы процесс бойынша аудандастыру жүргізіледі.Туристік ауданды «туризм үшін әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи және табиғи-географиялық жағдайларды біріктіретін территориялық бірлік» ретінде қарастырсақ, онда туристік аудандардың шекарасы әкімшілік аудандардың шекарасына сәйкес келеді деп айтуға болады. Яғни әкімшілік

аудандар – бұл нақты белгіленген әкімшілік аумақтар. Әкімшілік аудан дегеніміз не? Бұл төменгі сатыда орналасқан әкімшілік-шаруашылық аудан, яғни территорияның экономикалық аудандастырылуының бастауыш ұйымы (бірлігі).

Географиялық әдебиетте «туристік аудан» мен «туризм ауданы» деген ұғымдарды жиі шатастырады. Туристік аудан дегеніміз белгілі бір территориялық бірлік, ал туризм ауданы – туризмнің таралу аймағы.Туристік аудан экономикалық географтардың зерттеу объектісіне жатады.Туризм ауданы болса, сәулеткерлер мен жоспарлаушылардың зерттеу

объектісіне кіреді. Ал шынында географтар туризм аудандарын зерттеумен айналысады, осының нәтижесінде терминологиялық түсініспеушілік пен ауытқулар байқалады. Бұл жөнінде Л.И. Мухина былай деп айтады: «туризмдібелсендідемалыс ретінде қарастырсақ, туризмнің белгілі түрі (немесе бірнеше түрі) үшін пайдаланатын (немесе пайдалануы мүмкін) кез келген ауданды туристік аудан деп атай аламыз. Алайда бірнеше дәрежедегі аудандарды – жергілікті,облыстық, жалпыұлттық, халықаралық туристік аудан – айыру қажет».В.С. Преображенскийдің пікірінше, «туристік аймақ дегеніміз туризмдамуының ауданы. Оны туристік аудандастыру кезінде бөлінген «ауданнан»

айыру керек, себебі онда: а) аудандар торы тегіс, бұл бөлінген аудандардың барлығы туристік аудандастыру аудандары болып табылады деген сөз, яғни олар туристік аудандар деп атала беруі мүмкін; б) қазіргі және болашақтағы туристік сұраныстың қалыптасу аудандарды және туристік сұраныс қанағаттандырылатын аудандарды (шаралардың уақыт циклдары бойынша) бөліп атауға болады. Экономикалық географияда туристік аумақ дегеніміз туристік экономикалық ауданы басым немесе шаруашылық саласы ретінде туризм маңызды немесе басты рөл ойнайтын салалық экономикалық аудан;оның маңызы табыс әкелу деңгейі, саладағы еңбекпен қамтылу деңгейі

сияқты деңгейлері бар критерий бойынша анықталады».Рекреациялық және туристік аудан анықтамаларын салыстырсақ, туризмді рекреация түрі ретінде қарастыруға болғандығынан туристік аудан –рекреациялық ауданның бір түрі деп айтуға болады.Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов айтуынша, «рекреациялықаудандастыру салалық әлеуметтік-экономикалық аудандастырудың бір түрі болғандығынан, рекреациялық ауданды салалық экономикалық аудандар класына жатқызу керек».Олардың рекреациялық (туристік) аудан анықтамасы мынадай:«рекреациялық (туристік) аудан дегеніміз аумақтың табиғи және мәдени-тарихи кешендері мен оның экономикалық шарттарын пайдаланып,рекреанттар қажеттіліктерін ең жақсы түрде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін рекреанттарға қызмет көрсетуге мамандандырылған экономика жағынан өзара байланысты рекреациялық кәсіпорындарының аумақтық

жиынтығы».Сонымен бірге, рекреация мен онымен байланысты салалар кешені басым болатын және аумақ дамуының негізін құратын рекреациялық ауданды интегралдық экономикалық аудан деп атауға да болады. Сөйтіп, туристік аудан – туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи,тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Туристік аудан – әлеуметтік-экономикалық категория, оның рекреанттарға қызмет көрсету бойынша аумақтық жүйесі ретіндегі ұғымы қоғамдық еңбектің аумақтық бөлінісіне негізделеді.Туристік аудандардың бірқатар ерекшеліктері бар: туристік аудан – өзінің сипаты мен өнімі бойынша әлеуметтік құрылым. Туристік ауданның өнімі –халықтың физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және жетілдіруге арналған туристік қызметтер; туристік аудандардың өндіріс үрдісі бөлек кезеңдерде өтетін басқа салалық аудандардан айырмашылығы – онда қоғамдық ұдайы өндірісінің төрт сатылы процесі қатар жүреді: өндіріс,алмасу, тарату және тұтыну. Туристік аудандарда екі шеткі сатылар арасында(өндіріс пен тұтыну) уақыттық үзіліс жоқ. Бұл алдын ала жинақталмайтын туристік қызметтерге жататын қасиет; туристік аудандар ресурстарға бағытталады. Яғни тау-кен, балық, орман өндірістік салалармен және ауыл шаруашылық аудандарымен туристік аудандардың ұқсастығы – ұзақ (жыл бойы) демалыс функциясын атқаратын туристік аудандарды орналастыру үшін жеткілікті түрде ресурстардың болуы керек; көптеген туристік аудандарға тән қасиет табиғи ырғақтарға және қоғам өмірінің ұйымдастырылуына сәйкес мезгілмен жұмыс істеуі.

Туристік аудандардың қалыптасу шарттары – табиғи және әлеуметтік-экономикалық орта болып табылады.Туристік аудандардың қалыптасуын былай суреттеуге болады. Өзіне туристік аймақпен бірге қазіргі мезетте туристік аймақ бөлігі болмайтын туристік нысандар кіретін аумақ «туристік кеңістік» (С. Лишевский, 1995), кеңес әдебиетінде «рекреациялық кеңістік» болып табылады. Кеңістік ішіндегі туризм дамуының алғашқы кезеңдері туристік аймақтың ерекшеліктерін әзірше анық көрсетпейді. Әуелі туристік аймақ туристік қасиеттермен ассимиляция мен колонизация арқылы көзге түседі, бірақ бұл қасиеттері урбандану кезеңінде аса қарқынды туристік игеру нәтижесінде («туристофикация») жоққа шығады. С. Лишевскийдің айтуынша, туристік

кеңістік түрлері туризм дамуының фазаларын (кезеңдерін) және аумақты игеру деңгейін көрсетеді. Мұндай жағдайда туристік аймақтар таңдалып алған критерийлер бойынша бірқалыпты ареалдар болып табылады.

Бұдан кейінгі маңызды мәселе – туристік аймақ пен ТРЖ арасындағы айырмашылықтарды анықтау (В. Преображенский, С. Лишевский, М. Бочваров).

Басты жүйе қалыптастырушы фактор – сала блоктары (жүйе бөліктері) арасындағы байланыстар болып табылады. Ал аймақ қалыптастырушы

фактор – жүйе бөліктерінің нақты элементтерінің бір-бірімен және табиғи,

әлеуметтік-экономикалық, мәдени орталары элементтерімен аумақтық

үйлесулері болып табылады. Осы байланыстар арқылы аталған аумақтың

туристік мамандандырылуы қалыптасады. Аймақ, бір жағынан, үлкен

кеңістік инфрақұрылымның бір бөлігін ғана қамтиды (байланыстырушы

ұғым), екіншіден, туристік сала элементтерін біріктіруімен бірге, әртүрлі

артефакттар мен ментифакттарды да біріктіріп, олармен бірге біртұтас

болады да аймақтағы туризм мен рекреация дамуына әсер етеді (кең ұғым).

Туристік аймақ ерекшеліктеріне әсер ететін туризмнің кеңістіктік қырларына сипаттама берейік.Туристік кеңістік үш негізгі элементті: туристер сұранысы мен рекрутациясының (шығу тегі) қалыптасу аумағын; қызмет көрсету ұсынысы

аумағын (сұраныстың іске асырылатын аумағы, оны туристік дестинация

аумағы деп атайды) және олар арасындағы оларды байланыстыратын

аумақтарды (сұраныс аумағынан ұсыныс аумағына жету үшін көлік қажет)

қамтиды.

Туристік аймақ туризмінің дамуында өзгерістер факторы ретіндегі

туризмнің дамуы ең басты рөл ойнайды. Сұраныс пен байланыстырушы

аумақтардың шығу тегі туристік аймақтар шығу тегіне мүлдем ұқсамайды.

Сыртқы орта мен туристік аймақ арасындағы айырмашылықтарды және

бүкіл кеңістік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды мәселе болып табылады.

Сонымен қатар, О. Рогалевский (1974), С. Лишевский (2002) және т. б.

туристік аймақтардың пішініне де назар аударады. Олар зоналық, тораптық,

ареалдық (шашыраңқы) және т. б. аймақтар болуы мүмкін.

Туристік құндылықтар (туристік-рекреациялық әлеует, туристік-

рекреациялық ресурстар) – гетерогендік (шығу тегі бойынша әртүрлі)

құндылықтар. Бастапқы туристік құндылықтардың бір бөлігі табиғи

құндылықтар, ал екінші бөлігін адам жасаған. Олардың географиясы әртүрлі.

Табиғи құндылықтар аз өзгерген табиғи орта, ал екіншісі – жасанды орта

болып табылады. Нысандардың осы екі топтары арасындағы шекара айқын

емес: кейбір ресурстарды табиғатпен бірге адам да қалыптастырады (мысалы,

су бөгендері).

Бастапқы туристік құндылықтардың орналасуы туристік

мамандандырылуы бар аумақтардың тұрақталуын қалыптастырады.

Құндылықтардың өзі туристік ресурстар емес. Оларды ресурстарға

айналдыру үшін белгілі қаржы жұмсап, шаралар жасау қажет. Тек осыдан

кейін оларды нарықта қызметтер (туристік өнімдер) ретінде ұсынуға болады.

Туристік аймақ өмірінің ерекшелігі оның маусымдық сипаты болып

табылады. Мұның себебі – жыл бойында табиғи құндылықтарды бірқалыпты

пайдалануға болмауы және әртүрлі әлеуметтік факторлардың әсері. Ресей

географтары И. Твердохлебов пен Н. Мироненко (1981) туристік

аймақтардың мазмұны мен сипаттамалары маусымдарға байланысты өзгеріп

тұрғанынан және мұндай жағдай басқа салалар үшін тән емес болғандықтан

туристік аймақтар жөнінде жалпы түрде айтуға болмайды, дейді. Кейбір

авторлар (мысалы, П. Мариот) интегралдық аймақ деген болмайды немесе

шындықта біз аймақтардың екі түрі жөнінде айтуымыз керек, деп айтады.

Аймақтардың бұл екі түрі логикасы және кеңістік-уақыт қағидалары

бойынша бір-бірінен айырылады: каникулдық-демалыстық аймақтар (жоғары

сапа мен мамандандырылуға бағытталған) және уикэндтік-мерекелік

аймақтар (оның шарты – туристік құндылықтардың оңай қол жетерлігі,

мұнда аумақтың игерілуі онша маңызды емес, мұнда ең алдымен қаланың

әсер ету зонасы ескеріледі).

Туристік аймақ – салалық және функционалды аймақ. Қажетті шарттардың болуы аймақтың міндетті түрде туристік аймақ болуы деген сөз

емес. Мұнда тек болашақта туризмнің даму потенциалы бар зоналары

жөнінде айтуға болады.

Туризм қырларының бірі туристік аймақтардың жіктелуі, мысалы, теңіз

маңы, тау, діни туризм аймақтары және т. б. Бұл мамандандырылған туристік

аймақтар болады.

Туристік аймақ ұғымы туризм классификациясында маңызды ақпараттық

және дидактикалық рөл ойнайды.

Туристік аймақтардың шекараларын анықтау оңай мәселе емес.

Шекараларды өткізу үшін қандай нәрсе ең маңызды болады – табиғи жағдай

ма, шаруашылық іс-әрекеті ме, әкімшілік бөлінуі ме? Мысалға, туристік

аймақ шекарасын тауда қалай өткізу керек – аңғарлар мен өзендер бойымен,

тау жоталары суайрықтарымен, әлде туристік аймақ тауға барам деген

туристер келетін елді мекендер, шаруашылық нысандар мен терминалдар

орналасатын тау бөктерлерін қамыту керек пе? Гималай тауларын бір

туристік аймаққа жатқызу керек пе немесе, оның бөліктері бір-бірінен бөлек

орналасқан болғандықтан, көршілес шатқалдарды аймақ құрамына кіргізу

үшін шекараларын Қытай, Непал, Үндістан территориясына тереңдетіп

енгізу керек пе? Альпы территориясы автомобиль, темір және аспалы

жолдарымен жақсы қамтамасыздандырылған. Бірақ осыған негізделіп,

итальян Альпілерін Ломбардия мен Пьемонттан, австриялық – Дунай,

Штирия мен Каринтиядан, швейцариялық – Солтүстік Швейцария жазық-

тарынан, француз Альпілерін Рона аңғарынан бөліп жұлып ала аламыз ба?

Сонымен бірге тағы да бір сұрақ бар: туристік аймаққа туристік емес, бірақ

функциялары мен аумағы бойынша байланысы бар территорияларды қосу

керек пе, керек емес пе? Сірә, В.С. Преображенскийдің (1975) көзқарасы ең

дұрыс болмақ: ол рекреация мен туризмнің салалық жүйелерін

функционалды тұтастық пен реттеу негізінде бөлінетін жүйелері ретінде

қарастырады. Қалай да болсын, туристік кеңістікке туристік емес кеңістікті

енгізу қажеттілігі мәселесі әзірше шешілмеген.

Экономикалық және әлеуметтік географияда әлеуметтік-экономикалық

аудан тауарлық өнімнің ауданаралық алмасуымен сипатталатын

шаруашылығының мамандандырылуымен ерекшеленеді. Сол сияқты

туристік ауданда рекреанттарға туристік қызмет көрсетуді өнімді осы

ауданнан «сыртқа шығару» деп бағалауға болады. Дегенмен, туристік

аудандарға тек халық шаруашылығында туризм басым болатын аудандарды

ғана жатқызуға болмайды. Мұндай аудандар әдетте аз болады.

Аумақты рекреациялық мақсатта аудандастыру және бағалау әртүрлі

табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулеттік-

көркем-суреттік және басқа факторларды ескеруді қажет етеді. Туристік

аудандастыру әдістері аудандастыру ауқымы мен мақсаттарына тәуелді:

1) шаруашылық дамуының перспективті жоспарларын техникалық-

экономикалық жағынан дәлелдеу үшін елдің ірі аймақтарының туристік

потенциалын анықтау әдісі;

2) жеке облыстардың территорияларында халықтың дема-лысын

ұйымдастыру мүмкіндіктерін аудандық жоспарлау жасау үшін анықтау;

3) жоспарда белгіленген демалыс зоналарында нақты туристік

объектілерді орналастыру және олардың детальды жоспарлауын жасау.

Дәл қорытындыларды жасау үшін зерттеудің негізгі нысаны табиғи

аумақтық кешен болуы керек. Туризмде пайдалану мақсатында жер бедері,

су, өсімдік, климат, табиғат пен мәдениеттің қызықтыратын нысандары

бағаланады.

ТРЖ-нің иерархиясы, таксономиясы туралы Е.А. Котляровтың (1978),

Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың (1981) жұмыстарында айтылған.

Е.А. Котляровтың пікірінше, туристік-рекреациялық аудандастырудың

төрт сатылы таксономиялық бірліктері болғаны дұрыс: республика (өлке,

облыс), аудан, рекреациялық жер, рекреациялық шағын аудан.

Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебов (1981) бұл жүйені бес буынға бөліп

отыр: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық макроаудан, рекреациялық мезоаудан, рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]