Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

17. Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері.

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге

айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен және рекреация

зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның

рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта

бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу

жағдайын нашарлатпайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік

маршруттың рекреациялық сыйымдылығы – оның қауіпсіздік техникасын

бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша,

территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-

рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан

бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз – демалыс пен туризмді

ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-

экономикалық құндылықтардың жиынтығы.

Бағалау ауқымына қарай рекреациялық әлеует пен оның элементтері,

аумақтың рекреациялық сыйымдылығы ұғымдарының көлемі өзгереді.

Бірінші дәрежедегі экономикалық аудан немесе ел деңгейінде рекреациялық

әлеуетке рекреацияның ресурстық бөлігімен бірге шаруашылық әлеуеті де –

негізгі қор мен еңбек ресурстары кіреді. Бұларға қарағанда курорттың немесе

ұлттық саябақтың функционалды зонасының әлеуеті элементтерінің

(мысалы, биотоп) саны әлдеқайда төмен.

Кейбір ғалымдар рекреанттар ағымы, олардың елде (ауданда) болатын

уақыты және тұрақты тұрғындар саны арасындағы өзара тәуелділігіне назар

аударады. Мысалы, дамушы елдерде халықаралық туризм белгілі бір

шамадан асып кетсе, азық-түлік дефицитын туындырады. Яғни,

рекреациялық сыйымдылық елдің азық-түлік қабілетін де ескеруі қажет.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тәуелді.

Дамымаған елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм

мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар

өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын аямай қолданып, жалпы рекреа-

циялық потенциалын азайтады. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық

туризмінің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына әкеліп соқты. Кейбір

зерттеушілер рекреациялық сыйымдылықты анықтағанда қонақжайлылық

сақталатындай туристер мен тұрақты тұрғындар арасындағы пропорцияларға

назар аударады. Мұндай қатынас 1:3 аспау керек.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеген кезде туристік-

рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн.

Алайда рекреациялық сыйымдылықты тек рекреациялық қажеттіліктер мен

табиғаттың оларды қанағаттандыру қабілеті арасындағы қайшылық деп

шектеуге болмайды.

Жылдан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе

жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсері байқалуда.

Бұл жағдайда табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың мәселесі де

көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялық

әрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты

оптималды қылу проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні

– нормативтер жасау арқылы табиғатқа әсер ететің экологиялық салмақты

ғылыми түрде дәлелдеу.

Табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың норматив-тері туралы

мәлімет әлі де аз. Көптеген нормативтер бақылау-дың өте аз санына

негізделеді, немесе тек қана жобалау мен пайдалану тәжірибесіне сүйенеді.

Нормативтер «аудандасты-рылған» болуы керек, олар нақты ауданның

табиғи компонент-терінің, функционалдық зоналарының және пайдалану

тәртібі арасындағы тепе-теңдігін қамтамасыз етуі қажет.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді

пайдаланудағы нормативтерде біраз үйлеспеуі білінеді. Мысалы, бір

рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әр түрлі: 5 шаршы метрден 15

шаршы метрге дейін.

Курорттардағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлес-пеулері көп.

Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-500 м2 болған, белгілі

«Золотые пески» болгар курортында 150 м2, румын «Мамайя» курортында 85

м2, ағылшын «Брон-и-мор» курортында – 53 м2. Югославияда Адриатика

теңізі жағалауындағы жағажайлар нормативі мынадай болған: бір рекреантқа

жағаның 1 метрі және ені 10 м (10 м2); серуендеу жері – бір туристке 0,5 га;

аң аулау жері – бір аңшыға 2 га.

Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1

гектарға 75-115 адам болған.Психофизиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан

бірлігінде әрбір адамның психофизиологиялық және гигиеналық жағдайы

бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу

мүмкіндігі болып табылады.__ Табиғи кешендер және оны құрайтын элементтерінің рекреациялық

салмаққа деген шыдамдылығы жағынан айырмашылықтар болады. Поляк

географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га

жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: құрғақ

қарағайлы орман 46 адамды, жас қарағайлы орман – 50-90, жас шабындық –

126-196, жайылым – 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты

А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы

тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк

А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты

түрі – 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл

деградацияның рұқсатты деградациясы болады.

Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге

топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттерінің

сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден

60 дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсер

тигізеді, мұндай әсер көлбеуі 6-120 болса, күшейеді. Көлбеуі 120 асып кетсе

шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан

аумақтар рекреациялық пайдалануға жарамайды. Топырақтың механикалық

қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсер етеді. Мысалға,

рекреанттардың құмды жерлерге деген жүктемесі саздаққа қарағанда үлкен

болады.

Cалмақ (жүктеме) деп бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда

байқалатын рекреанттар санын айтамыз. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ

қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық

салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына

келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны рұқсат етілген салмақ

дейді; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгеріс-тер

болып қойса, бұл салмақ рұқсат етілмейтін деп аталады. Табиғи аумақтық кешеннің рекреациялық сыйымдылығын рұқсат берілген

жүктемені табиғи аумақтық кешені ауданына көбейтіп табамыз.

Соңғы зерттеулердің негізінде жайылым дигрессиясына негізделген

рекреациялық дигрессия кезеңдері ережесі қолданылады. Мәскеу төңірегінің

орман зонасын зерттеп, 1972 жылы Н.С. Казанская рекреациялық

дигрессияның 5 кезеңін бөліп атап шықты:

1. Адамның іс-әрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.

2. Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және

жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда

болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.

3 және 4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының шекарасы

өтеді. Рұқсат етілетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді.

Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады.

1, 2, 3 кезеңдері эстетикалық жағынан тартымды.

Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару

үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты

функционалді зоналарға бөлу қағидасы, сонымен қатар, туристік-

рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. Оның

ішінде рекреанттарды тәртіпке келтіру, яғни зиян келтіретін әрекеттерге

тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды

пайдалану; жерді қайта өңдеу шараларын жүргізу.

Жасанды соқпақтар жасап, аумақты абаттандырғанда, оның

сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе өседі.

Б.Б. Родоман

(1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың

зоналауының сызықтық-торлық принципын ойлап тапты. Өзінің теориялық

схемасында жерді рекреация мақсатында пайдалануының үш деңгейімен

айқындалатын үш зонаны: І – жоғары, ІІ – орташа, ІІІ – рекреациялық

пайдаланудың төмен деңгейі – атап шықты

Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау

қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жобаланатын

аумақта «пик» маусымында алдын ала берілген шектеулердің ескерілуімен

биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау – рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель

жасау үшін мынадай мәліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы;

2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рекреациялық

іс-әрекет құрылымы; 3) рекреациялық әрекеттердің аумаққа түсетін

ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]