Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
260
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

56. Қимыл іс-әрекетіне байланысты туризмнің классификациясы.

Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұратын туризм түрі. Қазіргі

шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм

тенденциясы күшейетін сияқты. Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге ұшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдас-тырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді.

Туризмнің материалдық-техникалық базасы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланыстытуристердің бірнеше жерде болу уақыты ұзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі жәнеаумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады. Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішіндерекреациялық ресурстарға баға бергенде әсер етеді. Мысалы, автомобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып тұрғаны жөн.

57. Рекреациялық туризмнің түрлері.

Рекреациялық туризм. Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы – демалу. Әрине, бұл ең алдымен әдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, таулар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанұясымен бірге демалу. Рекреациялық туризмге демалыс пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып шығу сияқты мақсаттарда жасалатын саяхаттар жатады. Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті демалыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, волейбол ойнау, велосипед тебу сияқты демалыс. Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уикэнд түрлерін де бөлуге болады. Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады. Халықтың ең сүйікті демалыс түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпынакелтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардың болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға элементтері бар саяхаттар бірінші

орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сәні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ. Рекреациялық ағымдардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында қалыптасады. Осы аймақтардың

үлесіне халықаралық шығу туризмінің 90% келеді. Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропа жатады. Негізінен Германия, Улыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен көп туристер саяхатқа шығады.

Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жеткізуші аймаққа Солтүстік Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15% түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы, туристік ағымдардың 10% алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы.

Рекреациялық туризм негізгі әдебиеттерде үш кезеңге бөліп көрсетіледі: көңіл көтеру, курорттық емдік, спорттық сауықтыру. Көңіл көтеру туризмі қызық оқиғалы және көңіл көтеру турлар сияқты бөлімдерден құралады. Ал курорттық емдік туризм климатпен емдеу, батпақпен емдеу, бальнеолоиялық емдеу сияқты таралымдардан тұрады. Спорттық сауықтыру туризмнің түрлері өте көп: жағажай шомылу, жаяу жүру, тауда жаяу жүру, шаңғы, тау шаңғы, суда жүзу, су астында жүзу, альпинизм, агротуризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, жүгіру, велотуризм, дельта пландық, салтатты, мотоциклді туризм сияқты турлері бар....

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]