Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
201
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

32.Жер құқығының түсінігі. Оның пәні, жүйесі мен әдістерінің түрлері. Диспозитивтік және императивтік әдістерінің түсінігі.

Жер құқығы д\з - жерге меншік құқығы,жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жыйынтығы. Жер құқық қатынастары д\з жерге меншік құқығы ж\е өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бөліп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Құқықтың және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып - объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.

Дәлірек айтқанда, жер құқығының пәні – жерге меншік құқығын орнықтыруға, жерді басқаруға, пайдалануға және қорғауға б\ты пайда болатын, жер туралы заңнаманың нормаларымен реттелетін қатынастар б.т. ҚР-ң Жер кодексіне с\с жер қатынастарының объектісі д\з – ҚР-ң аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқаны және олардың жекелеген субъектілерге бекітіліп берілуінің құқытық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскілері, сондай-ақ жер часкілері мен жер учаскілеріне құқықтар.

Жер қатынастарының субъектілері бірнеше түрге бөлінеді. Жер қатынастарының негізгі субъектісі – мемлекет. Келесі субъектісі – жер меншік иелері. ҚР-да жер меншік иесі – ҚР-ң азаматы, заңды тұлғалар эәне шет ел азаматтары болуы мүмкін. Және ерекше орын алатын субъектісі –Шет елдік мемлекеттер. Жер құқығында әдіс ретінде ҚР-ң жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер етуінің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері қарастырылады. Жер құқығы әдістерінің түрлері: 1) диспозитивтік; 2) императивтік. Диспозитивті әдістердің түрлері: 1) ұсынушы - бұл жер құөығы қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру, бұл кезде субъектіге өз мақсатына жнту үшін жүріс-тұрыс тәсілін таңдауға мүмкіндік беріледі; 2) санкциялаушы – жер құқығы қатынастарының субъектісіне өзінің жерге қатысты әрекеттерін уәкіьетті мемлекеттік органның рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беріден көрініс табады. ; 4) құқық беруші - жер құқығы қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар мен бостандықтар беруден көрініс табады. Императивтік әдістің түрлері: 1) құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы; 2) тыйым салушы - шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау; 3) экологиялық әдіс. Осы экологиялық әдістің өзі жер-құқықтық және жер-экологиялық болып бөлінеді. Сонымен бірге оның құрамына бюджет және салық заңнамаларына сәйкес жерді қорғау мен пайдалануды экологиялвқ ынталандыру кіреді.

33.Шаруа фермер қожалықтары. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жер учаскелерінің берілу тәртібі.

Ауыл шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына: ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс iстеуiне қажеттi iшкi шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондай-ақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптарына: егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншiкке - ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшiн; 2) жеке меншiкке немесе жер пайдалануға - ҚР/ң жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн; 3) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейiнгi мерзiмге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға берiледi. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi. Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы . Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу және орман өсiру үшiн берiледi. . Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы негiзде жүргiзiледi. жер учаскелерiн сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жылға дейiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.Жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенiң бағасын толық төленгенге дейiн мәмiле (сату, жалға немесе өтеусiз пайдалануға беру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жарғылық капиталына салым немесе жарна ретiнде бepу) жасасуға тыйым салынады.