- •3. Жерге меншік құқығының және пайдалану
- •6. Сервитут түсінігі және түрлері. Оның пайда болу негіздеріне анықтама беріңіз. Сервитуттың тоқтатылу ерекшеліктері.
- •7. Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері.
- •8. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының кешенді құқық саласы ретінде дамуы.
- •10.Жерге мемлекеттік меншік құқығы. Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.
- •11.Қр жер қорының құрамы мен түсінігі. Жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөлінуі.
- •12.Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі және белгілері. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.
- •13.Жер мониторингінің түсінігі. Жер мониторингі ақпараттарын алу мен пайдалану әдістерінің түрлері.
- •15.Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлердің түсінігі. Олардың құрамы.
- •16.Ботаникалық бақтар, қорықтар, табиғи ескерткіштер үшін берілген жерлердің құқықтық жағдайы. Оларды пайдалану ерекшеліктері.
- •17.Елді мекен жерлер түсінігі. Елді мекендер жерлерінің шекарасын белгілеу және өзгерту негіздері.
- •18.Жер кадастырының түсінігі. Жер кадастырын жүргізу тәртібі. Мемлекеттік жер кадастрына жалпы сипаттама беріңіз.
- •19.Су қорлары жерлерінің түсінігі. Оның құрамы және құқықтық жағдайының сипаттамасы.
- •20.Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі. Олардың құрамы және құқықтық жағдайының мазмұны.
- •21.Жерді қорғау және ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылау жасаудың міндеттері. Олардың негізгі мақсаттары.
- •22.Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.
- •23.Жерге меншік құқығының түсінігі. Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негіздері.
- •24.Бірнеше пәтері және кісі тұрмайтын үй-жайлары бар үйдің жанындағы және кондоминиумның басқа да объектілеріндегі жер учаскелеріне құқық.
- •25.Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу.
- •26.Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі. Олардың ерекшеліктері.
- •28.Жерге құқықты мемлекеттік тіркеуді құқықтық реттеу. Оның түсінігі мен жүзеге асырылу тәртібі.
- •29.Көлік жерлерінің түсінігі. Темір жол көлігі, олардың құрамының ерекшеліктері.
- •30.Қорғаныс қажеттілігі үшін берілген жерлер. Қорғаныс қажеттілігі үшін берілетін жерлерге меншік түрлері мен пайдалану тәртібі.
- •31.Орман қоры жерлерінің құқықтық жағдайы. Мемлекеттік орман қоры жерлері мен жекеше орман қоры жерлері.
- •32.Жер құқығының түсінігі. Оның пәні, жүйесі мен әдістерінің түрлері. Диспозитивтік және императивтік әдістерінің түсінігі.
- •33.Шаруа фермер қожалықтары. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жер учаскелерінің берілу тәртібі.
- •34.Елді мекендер жерлерінің құқықтық жағдайы. Елді мекендер жерлерін бір санаттан екінше санатқа ауыстыру тәртібі.
- •35.Рекреациялық мақсаттағы жерлер түсінігі. Олардың құқықтық тәртібі. Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі.
- •36.Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі. Олардың түрлері мен мазмұны. Жердің нарықтық құны.
- •37.Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері. Егеменді тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.
- •39.Жер құқық қатынастарының түсінігі. Олардың құрылымы. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
- •40.Мемлекеттік жер кадастрының түсінігі. Қр-ның аумағын кадастрлық бөлінуі.
- •41. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік “мск” фирмасына сол облысқа қарайтын
- •42. Шығыс Қазақстан облысының Ленгер ауданының тұрғыны Севченконың өз
- •43. 1996 Ж. “Еңбекке-Береке” шаруақожалығы бақша өсіру үшін уақытша өтеусiз пайдалануға 57 га жер алады.
- •44. Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі ксро кезiнде
- •45. Түрiктiң “Керемет” фирмасы Алматы қаласы Медеу ауданына тиiстi 30 га жердi 1992 ж.
- •46. Азамат е.К. Қожыбаев Оңтүстiк Қазақстан облысына тиiстi Мақтаарал ауданынан мақта өсiру үшiн 30 га
- •47. Өмiр бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс iстеп мүгедектiгiне байланысты
- •48. Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары орман қоры жерiнен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды орналастыру үшiн
- •49. Таудың етегiнде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жерi арқылы, тоо “Достар” су каналын
- •50. “Ақсай” ауылының тұрғыны Абдрахманов аудандық жер ресурстарының басқармасына өтiнiшпен келдi, Жер учаскесiне құқық шектерi негізінде төменде көрсетілгендей
- •51. “Эртс Казахстан” ақ ы Солтүстiк Шығыс облысының Манкей ауданында өзiнiң дәрi шығаратын лабораториясын
- •52. Алмабек деген азамат шаруа қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне меншiк құқығын табысталу тәртiбiмен
- •53. “Строй сервис” құрылыс компаниясы тиiстi рұқсатсыз “Ақсу – Жабағалы” ұлттық паркiнiң территориясында
- •54. 1997 Ж. “Кең байтақ” жшс –гi Алматы облысы маңындағы орман қорларының жай күйiн және
- •55. Бiр-бiрiне жанасып жатқан жер учаскелерiн пайдаланушылар оларды жекешелендiрiп алады.
- •56. “Ақбидай” ауыл шаруашылық кооперативiнiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерiнен жергiлiктi атқарушы
- •57.Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн бөлiп
- •58. 1990 Жылы қыркүйекте “Жоламан” ауылының жұмысшылары Көксу өзенi арқылы плотинаны жөндеу
- •59. Облыстық әкiмшiлiк шешiмi бойынша Асыловтың иелiгiндегi үй орналасқан жер учаскесi мемлекет
- •60. Азамат Сарсебаевтың “Барсакелмес” қорығында күзетшi болып iстегенiне 15 жыл болды. Оған қорықтың
24.Бірнеше пәтері және кісі тұрмайтын үй-жайлары бар үйдің жанындағы және кондоминиумның басқа да объектілеріндегі жер учаскелеріне құқық.
Кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек
меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік меншік құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды.Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесiнiң осы жылжымайтын мүлiктi өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге, соның iшiнде ортақ жер учаскесiн пайдаланудың Қазақстан Республикасының заң актiсiнде немесе шартта белгiленген талаптарына қайшы келмесе, тиiстi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) бұзуға құқығы бар. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы басқа тұлғаға ауысқан кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, ол тұлға жер учаскесiне құқықты жылжымайтын мүлiктiң бұрынғы меншiк иесiнде болған көлемiнде алады.Бiрнеше пәтерi және (немесе) кiсi тұрмайтын үй-жайлары бар үйдiң жанындағы және кондоминиумның басқа да объектiлерiндегi жер учаскесiне құқық. Көп пәтерлi үйдi н/е кондоминиумның өзге де объектiсiн орналастыру, пайдалану, күтiп-ұстау үшiн қажеттi жер учаскесi кондоминиум объектiсiнiң құрамындағы үй-жайлардың меншiк иелерiнiң ортақ үлестiк меншiгiне белгiленген тәртiппен өтедi. өздерiне үй-жайлар шаруашылық жүргiзу құқығымен н/е оралымды басқару құқығымен тиесiлi болатын кондоминиум қатысушылары - мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскелерiне ортақ тұрақты жер пайдалану құқығын белгiленген тәртiппен алады. Кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн бөлiсуге кондоминиумға барлық қатысушылардың жазбаша келiсiмiмен, санитарлық-гигиеналық, экологиялық, өртке қарсы, құрылыс және басқа да нормалар сақталған жағдайда жол берiледi. Үй-жайдың әрбiр меншiк иесiнiң (өзге де құқық иесiнiң) ортақ мүлiктегi үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (дербес) меншiктен (өзге де заттық құқықтан) ажыратылмайды. Егер кондоминиум қатысушыларының келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, үлестiң мөлшерi бөлек (дербес) меншiктегi (өзге де заттық құқықтағы) тұрғын үй-жайдың пайдалы алаңы мен тұрғын емес үй-жай алаңының осы кондоминиум объектiсiндегi барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы көлемiнiң және барлық кiсi тұрмайтын үй-жайлар алаңдарының жиынтығына қатынасымен айқындалады. Мұндай үлестi нақтылы бөлiп шығаруға болмайды (мiнсiз үлес).
Пәтерге (үй-жайға) меншiк құқығының басқа тұлғаға ауысуы жер учаскесiне (жер учаскелерiне) құқықтағы тиiстi үлестiң пәтердi (үй-жайды) алушыға ауысуына ұласады.
25.Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу.
Меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығын: 1) жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін меншік немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етіп мәжбүрлеп иеліктен шығарылған, соның ішінде сатып алу арқылы мәжбүрлеп иеліктен шығарылған; 2) жер пайдаланудың ерекше режимiнiң белгiленуiне байланысты меншiк немесе жер пайдалану құқығы шектелген; 3) меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтары бұзылған; 4) топырақ құнарлылығының бүлiнуiне әкеп соғатын, су режимiн нашарлататын, ауыл шаруашылығы дақылдары мен екпелерiне зиянды заттар бөлiп шығаратын объектiлердi салу мен пайдалану нәтижесiнде жер сапасы нашарлаған; 5) Төтенше жағдайлар кезiнде жердi алып қою жағдайларында толық көлемiнде өтелуге тиiс. Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi.Мем/к билiк органының, өзге мем/к органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгі) салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығынды ҚР н/е тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк өтеуге тиiс. Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:1) жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының нарықтық құны; 2) жемiс ағаштары мен көпжылдық екпелердi қоса алғанда, учаскедегi жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны;3) жер учаскесiн игеруге, оны пайдалануға, қорғау iс-шараларын жүргiзуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байл/ты шығындардың инфляциясы есепке алынған құны; 4) меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға үшiншi тұлғалар алдындағы өз мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуына байланысты келтiрiлген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесiн алып қоюмен бай/ты келтiрiлген, меншік н/е жер пайдалану құқығын тоқтату кезіндегі барлық шығын; 5) алынбай қалған пайда енгiзiледi.