Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірістік іс-тжірибе.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
76.8 Кб
Скачать

Қорытынды

Жер кадастрымемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі.

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделі тұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Менің тәжірибе өткен аумағымда, яғни Шығыс Қазақстан облыс, Жарма ауданы Қалбатау аулындағы жер кадастры, сол аудан бойынша тұрғын үй ауданы өлшеп, оған акт беру, шаруа қожалықтарының бірнеше жылға жалға берілуі және т.б. жұмыстармен айналысады.

Мен бір семестрде Жер кдастры пәнінен алған теориялық білімді қорытып, өндірістік іс-тәжірибеде қолдана білдім. Тіпті, болашақта кадастр немесе жерге орналастыру маманы болып жұмыс істеуге құлшынысым ашылды.

Мен география мамндығын алып шыққаным мен осындай іс-тәжірибелердің арқасында географияға байланысты барлық салада болашақта жұмыс істей алатанымды ұқтым.

Жер кадастры пәнінен сабақ берген Акашева А.С. және Зулпыхаров К. Б. мұғалімдеріме, өндірістік іс-тәжірибеден қабылдап алып және көмектескен Амиров.М.М. – қа рахмет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Қазақ Энциклопедиясы", 3 том

2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-76

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

4. Жер кодексі

5. Жарма ауданы, Қалбатау аулының Жер кадастры архиві

6. Жарма ауданы бойынша шаруа қожалықтарының Жерге орналастыру проектілері