Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ндірістік іс-тжірибе.doc
Скачиваний:
50
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
76.8 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Өндірістік іс-тәжірибе ЕСЕБІ

Студент: Амангелди О., География 2 курс Іс-тәжірибе жетекшісі: Зұлпыхаров Қ.Б.

Алматы, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………….3

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Мақстаты: теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру……………………………………………………………………………..4-5

2. Шаруа қожалықтары бойынша алған ақпараттарым мен жасаған жұмыстарым…………………………………………………………………...6-10

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………..11

IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………12

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе - жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – жер кадастры жұмысының барысы мен құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, жер телімдерінің бірнеше және ұзак мерзімді жалға беру , сондай-ақ  шаруа қожалықтарының қалай және қандай жолмен жалға берілетіні туралы құжаттардың дұрыс орындалуын зерттеу болды. Жер кадстры бойынша жер телімдерінің аудандарын есептеп шығару және тағы басқа жұмыстарды істеуді игердім. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

— филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

— филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;

— филиалда болған барлық  іс-шараларға қатысу.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

— Жерге орналастыру жобасын жасай білу;

—Жерге орналастыру жобасы бойынша Жер-кадастрлық іы жасай білу;

— Жер кодексімен танысу;

Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып Жер кадастры бөлімінің бастығы Амиров Мерхат Муслимханович тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен және жер кадастры істерімен таныстырып үйреткен Есенгельдинов Ғалымжан болды.

Өндірістік іс-тәжірибеден өту мақсаты.

Жер кадастры пәнінен алған білімімді өндірістік іс-тәжірибеде қолданып және оны игере алдым. Сонымен, Жер кадастр – мемлекеттің ұстаған жерлердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүесі, жер қатынастарды реттеуге ұсынылған, жерлердің құқықтық, шаруашылықтық және табиғаттық жағдайы /техникалық, экономикалық және құқықтық жағдайы туралы сүреттеме/ туралы ақпаратты құрайды. Жер кадастрыныңың құрұлуының мақсаты жоғары әкімшіліктерді, жылжымайтын мүліктің және жер учаскелердің нарығын жерлер туралы толық ақпаратпен қамтамасыздандыру, нарықтық қатынастарды жетілдіру және өркендету, бюджетке түсімді көбейту. Мемлекеттік жер кадастрының жүргізүі топография-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және де басқа ізденістер мен зерттеулердің мәліметтері мен негізделеді.

Жер кадастр – жерге орналастыру және кадастр мамандықттарың басты фундаментальдық ғылыми-техникалық пәні болады, онда мынадай сұрақтар қаралады:

-Жер кадастрдың және жылжымайтын мүліктін құруының және жүргізуын теориялық негіздері, бұл пәннің басқа ғылымның салаларымен байланысы, республиканың жер қорының сипаттамасы; жер және қалалық кадастрдың жоспарлау және ұйымдастыру принциптері; қала, аудан, елді мекендердің шекарасы ішінде жер учаскелердің тіркеу, есепке алу және бағалау жүйесі;

-Мемлекеттік, коммерциялық мекемелерге және азаматтарға жерлерді мемлекеттік тарапынан берудің тәртібі және керекті құжаттардың құрамы; - кадастрлық есептілік объектілерін шығару принциптері;

-Қалалардың және басқа елді мекендердің шекарасын орнату, тарихтық, табиғаттық қорғау режимдерін сақтау үшін бөлінген жерлердің шекарасын орнату тәртібі, принциптері және әдісі;

-Жерлер мен жылжымайтын мүліктерді бағалау әдісі және оған құжаттарды дайындау тәртібі.

Студентер пәнді оқыған процессінде мынадай теориялық білім және тәжірібе алу керек:

· Кадастрлық құжаттарды жасу және жүргізу тәртібін білу;

· Жерлерді және жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстарын нарық жағдайында жүргізу;

· Жер мониторирінгтің мақсаты мен әдістерін білу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалануын жоспарлау;

· Экономикалық, жер-кадастрлық, геодезиялық, геоақпараттық мәліметтерді талдау, керекті есептерді жургізу;

· Картография-геодезиялық географиялық ақпараттық жүйесінің негізін куру;

· Қоршаған ортаға аудандарға, аймақтарға экология шараларын жасау мен жоболау;

· Аймақтар денгейінде жерелерді тиымды пайдалану есебін қуру және шешу.

Негізінде, тәжірибеден алатын мәліметтерді толығымен алып, жер кадастр пәні геодезия, топырақтану т.б пәндермен тығыз байланысты екенін түсіндім. Себебі, шаруа қожалықтарын жүргізу үшін, белгілі бір мерзімге жалға алғанда бонитет балын есептеп, оның жер көлемін т.б есептеу жұмыстары бар, бұл ретте геодезияның түсірім жұмыстары мен топырақтану пәнінен мәліметтер керек екені белгілі. Шаруа (фермер) қожалықтары - өзінің жеке меншігіндегі немесе жалға алынған мүлік пен жер учаскесі негізінде ауыл шаруашылығының өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын дербес жан ұялық бірлестік.

Мен осы тәжірибемде шаруа қожалықтары бойынша жұмыс жасадым және үйрендім, сонымен, алғашқы шаруа қожалықтарын КОКП райкомдарының тапсырмасы бойынша совхоз директорлары құрды.

Шаруа (фермер) қожалық секторының қалыптасуы едәуір тез жүрді. 1991 жылдан 2001 жылдар аралығындағы 10 жылда шаруа (фермер) қожалықтар саны 2480-нен 122425-ке дейін, яғни 50 есе, ал шаруа (фермер) қожалықтар жері 1,6 млн-нан 30,6 млн. га. дейін, яғни 19 есе өскен.