Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айнура каз.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
496.64 Кб
Скачать

5.4 Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыруды жоспарлау

Материалдық-техникалық жабдықтарбұл кәсіпорынды өндірістің барлық құралдарымен қамтамасыздандыру үдерісі және оларды тұтынушыға өз уақытында жеткізуді ұйымдастыру. МТС негізгі функциясы – кәсіпорындарды еңбек заттары және құралдарымен үздіксіз, өз уақытында қамтамасыз етіп отыру, яғни, кәсіпорынның ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, айналым және негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың, айналым қаражатының айналымдылығын жылдамдатудың және қаражаттың ең жақсы нәтижелеріне жетудің маңызды алғы шарты болып табылады.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру, логистика компоненті тәрізді өндірістік менеджмент жүйесінің қосалқы жүйелерін қамтамасыздандырады, көп жағдайда дайын өнімнің шығуына кіретін өндірістік үдеріс сапасын анықтайды. Егер, кіру жүйесінің сапасы төмен болса, оның шығуының жоғарғы сапасын алу мүмкін болмайды. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру үдерісі, бизнессжоспармен байланысты талап етілген материалдық-техникалық ресурстарды, кәсіпорын қоймаларына немесе бірден жұмыс орындарына өз уақытысында жеткізуге бағытталған.

Материалдық-техникалық ресурстардың құрамына кіретіндер: шикізат, материалдар, бұйым жиынтықтары, сатылып алынған техникалық құралдар және техникалық жарақтар (құрал саймандар, кесетін және өлшейтін құрал), жаңа транспорттық құралдар, санауыш техника және басқа да құралдар, сонымен қатар, сатылып алынған отын, энергия, су және т.б.. басқа сөзбен айтқанда, заттық формада және энергия түрінде кәсіпорын сатып алатындарының барлығы, өндірісті материалдық техникалық қамтамасыздандыру элементтеріне жатады [51].

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандырудың мқсаты:

- көсіпорын бөлімдерін өз уақытында, талап етілген сападағы және мөлшердегі қажетті ресурс түрлерімен қамтамасыз ету;

- ресурстарды пайдалануды жақсарту: қорқайтарымын, еңбек өнімділігін жоғарылату, өнімді дайындаудың өндірістік циклдарын қысқарту, үдерістердің ырғақтылығын қамтамасыз ету, айналым қаражатының айналымдылығын қысқарту, қайталама ресурстарды толығымен пайдалану, инвестиция тиімділігін жоғарылату және т.б.

- тасымалдап жеткізуші бәсекелестерінің, өндірісінің ұйымдастыру-техникалық деңгейінің және шығарылған өнімінің анализі, бәсекелестікке қабілетті қойылған материалдық ресурстардың ұсыныстарын дайындау немесе ресурстың бәсекелестікке қабілетті түрін тасымалдаушы ауысымына қою. "Кіріс" сапасын жоғарылату үшін, кәсіпорындарға, ресурстарды тасымалдаушылардың бәсекелестікке қабілетті еместерінің ауысымынан қорқуға болмайды.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру тапсырмалары:

- кәсіпорынды материалдық ресурстардың барлық түрімен, үздіксіз, комплекстік және өз уақытында қамтамасыздандыру;

- материалдарды қоймада сақтау есебі мен сақтау ұйымы, және оларды өндірістік тұтынуға даярлау;

- материал қорларының қажеттіліктерін минималды мөлшерге дейін төмендету;

-Прямая соединительная линия 1материалдарды пайдалану, сақтау және жеткізу шығындарын қысқарту.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру функцияларының экономикалық мазмұны:

- әртүрлі аудандардың және салалардың, орны және уақыты бойынша қоғамдық өнімдердің материалдық ағындарын келістіру;

- материалдық және қаржылық ресурстардың минималды шығындарында, өндірістік үдерістердің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру функциялары:

- қажеттілікті жоспарлау, материалл қажеттіліктерді анықтап білу;

- жеткізуге келісім шартты бекіту және оларды іске асыру (материалдарды дайындау);

- қоймалау, сақтау, материалдардың шығындалуын есептеу;

- материалдардың шығындалуының анализі.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру жүйесінің элементтері:

- материалдық ресурстардың ағындары;

- материалдық-техникалық қамтамасыздандыру жүйесін басқару органдары;

- өндірістік техникалық бағыттағы өнімді жеткізу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдар;

- қоймалар, қорлар, кішігірім көтерме бағадағы дүкендер;

- мәліметтерді жинау мен өңдеу құралдары және тұтынушыларға мәліметтік қызмет көрсету;

- өндірістік ыдыстарды алу мен жөндеу кәсіпорындары;

- қайталама ресурстарды өнеркәсіптік өңдеуге дайындауға және жинақтауға арналған кәсіпорындар;

- материалдық-техникалық қамтамасыздандыру жүйесінің элементі ретіндегі және инфрақұрылымның өзіндік элементі ретінде саналатын транспорт.

Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру ұйымдары келесі жұмыс түрлерін орындауды қамтиды [51]:

  1. Ресурстардың негізгі түрлері бойынша, тасымалдаушылар нарығына маркеттингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жеткізушілерді таңдауды келесі талаптарға сәйкес жүргізу ұсынылады: берілген аудандағы, тасымалдаушылардың жеткілікті жұмыс тәжірибесі жайындағы рұқсат қағаздарының қолда болуы; өндірістің ұйымдық-техникалық жоғарғы деңгейі; жұмыс сенімділігі және өнімділігі; шығарылған тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігі; олардың ұнамды (оңтайлы) бағасы, жеткізілім тұрақтылығы мен жүйесінің қарапайымдылығы;

  2. Ресурстардың бәсекеге қабілетті түрлеріне қажеттілікті мөлшерлеу;

  3. Ресурс шығындарының номалары мен нормативтерін төмендету бойынша, ұйымдық-техникалық іс шараларды өңдеу;

  4. Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру формалары мен каналдарын іздеу;

  5. Материалды теңгерімдерді өңдеу;

  6. Өндірісті ресурспен материалдық-техникалық қамтамасыздандыруды жоспарлау;

  7. Жеткізу ұйымдары, ресурстарды сақтау және өндіріске дайындау;

  8. Жұмыс орындарын ресурспен қамтамасыз ету ұйымдары;

  9. Ресурстарды пайдалануды есептеу және басқару;

  10. Өндіріс қалдықтарын өңдеу және жинау ұйымдары;

  11. Ресурстарды пайдалану тиімділігінің анализі;

  12. Ресурстарды пайдалануды жақсартуға ынталандыру.

Осы көрсетілген барлық жұмыстармен өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыздандыру бөлімі айналысуға тиісті.

Ресурстардың әрекеттесу үдерісі қамтиды:

- ресурстарды маркеттингтік ресурстарды жүргізуге тарту, НИОКР, өндірістің ұйымдық-технологиялық дайындығы, қызметтердің орындалуы және өнімді өндіру, кәсіпорын тауарларының кепілдікті қызмет көрсетуі, капиталды құрылысты. Өз кезегінде, өнімді өндіру және қызмет көрсету үшін ресурстарды тарту, өнімді дайындауға арналған ресурстарға, қызмет көрсетуге, пайдаланылу қажеттіліктеріне, капиталды жөндеу үшін – жаңа құрылысқа, өндірісті кеңейтуге, техникалық қайта жабдықталуға және қайта құрастырылуға жіктеледі;

- көрсетілген бағыттардың біреуі бойынша ресурстарды пайдалану;

- ресурстарды қайта құру (қажеттілікке байланысты);

Өндірістің материалды техникалық қамтамасыздандырылуын жоспарлау есептік кезең бойынша материалдық ресурстардың меншікті шығынының анализі бойынша жұмыс комплексін қамтиды: техникалық құралдарды пайдалану, ресурстардың түрлері бойынша материалдық теңгерімдерді өңдеу және т.б. Аталған жұмыстар жоспар бойынша еңбексыйымдылығы өте жоғары.

Ресурстарды пайдалануды жақсарту факторлары:

- ресурстардың қозғалысы үдерісіне менеджменттің жиынтық әдістерін қолдану;

- ресурстарды пайдалануды оңтайландыру;

- өнім құрамы мен құрылымын жетілдіру;

- өнімді техникалық дайындауды жетілдіру;

- алдын ала берілген құрамы бойынша материалдарды қолдану;

- ресурспен қамтамасыз ету әдістері мен формалардың берілген шарттарына сәйкес оңтайландыру;

- ресурстарды пайдалануды жақсарту.

Өндірісті материалдық-техникалық жабдықтак жоспарының тапсырмалары:

- Өндірістің материалдық-техникалық ресурстарға және оларды жабу көзіне қажеттіліктерін анықтау.

- Өндірістік запастар қоры мен материалдық құндылықтар шығынының нормасынық ғылыми-негізделген өңделуі.

- Өндірістік запастар қоры мен оларды оперативті басқаруды есептеу.

- Өндірістің материалдық-техникалық жабдықталуының еркін жоспарын өңдеу.

Өндірістің материалдық-техникалық жабдықталу жоспарының сатыларын өңдеу:

  1. Дайындық сатысы.

Бұл сатыда келесі жұмыс түрлері жүзеге асырылады:

а) жоспарлау үшін бастапқы деректерді дайындау;

б) өнімнің жоспарлы көлемдерінің өндірілімі;

в) кәсіпорынның ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің жоспарыныан, сонымен қатар, капиталды құрылыс жоспарынан алынған іс шаралар анализі;

г) қоймадағы жыл соңына және жыл басына, материалдық құндылықтар қалдығының деректер жинағы.

2. Материалдық-техникалық ресурстар қажеттіліктерін есептеу.

Осы арқылы, материалдық құндылықтардың дайындық және шығындық контингенттерін ажыратады.

Шығындық контингенті – бұл өндірістік бағдарламаны, құралдардың жөнделуі мен жаңа техниканы енгізудің жүргіжілуі үшін қажетті материалдық ресурстардың жалпы саны.

Дайындық контингенті – бұл сыртқы жабу көздері есебінен дайындыққа тиесілі материалдық ресурстардың жалпы саны.

3. Материалдық ресурстардың дайындық контингентін, материалдық теңгерімдерді ресурстардың әрқайсысының түрлеріне құру бойынша есептеу.

Материалдық ресурстардың әрқайсысының түрлері бойынша материалдық теңгерім қамтиды:

- өндірістік бағдарламаны орындау үшін материал шығындары;

- құралдарды жөндеуге жұмсалған материал шығындары;

- жаңа техниканы енгізуге жұмсалған материал шығындары;

- жыл соңына арналған материалдардың сақтық қоры.

Материалдық ресурстардың әрқайсысының түрлері бойынша материалдық теңгерім келесі түрге ие:

Мn + Мр + Мm + Зк.г. = Зн.г. + Ис + Ивр + Изк , (5.24)

мұнда Мn – берілген материалдың бағдарламаны орындау үшін материал шығындары;

Мр – берілген материал түрінің жөндеу, пайдалану қажеттіліктеріне жұмсалған шығындар;

Мm – берілген материал түрінің жаңа техниканы енгізуге жұмсалған материал шығындары;

Зк.г. – берілген материал түрінің қоймадағы жыл соңына арналған сақтық қоры;

Зн.г. – берілген материал түрінің қоймадағы жыл басына арналған сақтық қоры;

Ис – материалдардың өздігінен дайындалу есебінде, материалдық ресурстардың түсімі;

Ивр – ішкі ресурстар есебінде, материалдық құндылықтардың мобилизациялануы;

Изк – сыртқы ресурстар есебінде, материалдық құндылықтардың мобилизациялануы (дайындайтын контингент);

Кәсіпорынның материалдық шығындары нормасының қолда болу кезіндегі, өндірістік бағдарламаны орындауға жалпы материалдық қажеттіліктері келесі формуламен есептелінеді:

, (5.25)

мұнда HMij – j-түріндегі өнім бірлігіне i-түріндегі материалдық шығынның нормасы;

Qj – j-түріндегі өнімді өндіру көлемі;

m – материалдық ресурстардың түрлерінің саны;

n – өнім түрлерінің саны.

Өндірістік бағдарламаны орындауға арналған, i-түріндегі материал шығыны келесі формуламен есептеледі:

, (5.26)

мұнда – өндірістік бағдарламаны орындауға арналған, i-түріндегі материал шығыны.

Егер, материал шығындарының мөлшері болмаса, онда кәсіпорынның берілген түрдегі материалға деген қажеттіліктері келесі формуламен есептеледі:

, (5.27)

мұнда – есептік жылдағы, i-түріндегі материалдың нақты шығыны;

–өткен есептік жылмен салыстырғандағы, жоспарлы жылдың өндірістік өнімі көлемінің өсу қарқыны;

–материалдық ресурстарды үнемдеу тапсырмасын есептейтін коэффициент.

Жаңа техниканы енгізуг және жөндеу, пайдалану қажеттіліктері үшін, кәсіпорынның материалдық ресурстарға деген сұранысы, сәйкес келетін смета және смета-қаражаттық есептер бойынша анықталады.

Әр құралдың жеке түрлері бойынша, қосымша құралдарға жылдық қажеттіліктер келесі формула бойынша анықталады:

, (5.28)

мұнда QПЛ – табиғи түрдегі, өнім шығарылымының жоспарланған жылдық көлемі;

–табиғи түрдегі, құрал бірлігінің жылдық өнімділігі;

–қолда бар құралдар бірлігінің саны;

–физикалық тозған, моральдық ескірген құралдар саны;

–сақталымдағы құралдар бірлігінің саны.

Құрал-саймандардың әрқайсысының жеке түрлері бойынша жылдық қажеттілік келесі формула бойынша анықталады:

, (5.29)

мұнда – жоспарланған жылдағы құралдардың жиынтық шығыны, бұл – толығымен жаратылатын және пайдаланылатын құралдар саны;

–құралдың айналым қоры – бұл кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сақтық қордағы және пайдаланылу үстіндегі құралдар саны;

–жоспарланған кезеңнің басына арналған құралдардың нақты сақтық қоры.

Өндірістік запас түрлері мен оларды мөлшерлеу әдістері

Өндірістік пайдалануға арналған, қоймада орналасқан өндіріс құралдары өндірістік запастарды сипаттайды.

Запастар материалдық құндылықтар шығынының үдемелі мөлшері негізінде, ресурстардың әрқайсысының жеке түрлері бойынша анықталады.

Запас мөлшері – бұл өндіріс үдерісінің ырғақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге қажетті материалдық ресурстар саны.

Өлшеу тәсілдері бойынша запас түрлері:

  1. Абсолюттік запастар табиғи көрсеткіштермен өлшенеді.

  2. Салыстырмалы запастар тәулік бойынша белгіленеді және кәсіпорынның күнделікті қай уақыт кезеңінде запастармен қамтылғанын көрсетеді.

  3. Ақшалай запастар абсолюттік запастарды сәйкес келетін ресурс түріне көбейтілуі арқылы анықталады.

Өндірістік запас түрлері:

1. Ағымдағы запас екі кезекті қойылым арасындағы өндіріс үдерістерін материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл запастың өлшемі максималды көлемнен нөлге дейін, кезекті қойылым алдында, қоймада жаңа түсірілім болған жағдайда төмендейді.

Максималды ағымдағы запас берілген ресурс түрін ортатәулікті пайдаланудың (Пс), екі кезекті қойылым арасындағы межелердің жоспарлы уақытына (Тпл) көбейтілуі арқылы анықталады:

. (5.30)

Орта ағымдық запас 50% өлшемінде, максималды ағымдағы запастардан жоспарланады:

. (5.31)

  1. Дайындық запасы материалдық ресурстарды пайдалануға дайындау қажетті өңдеулерге байланысты құрылады, және ресурстардың берілген түрінің ортатәуліктік тұтынылуының (Пс), өндірістік пайдалануға материалды дайындау уақытына көбейтілуі арқылы анықталады:

, (5.32)

мұнда – тасымалдау уақытын, сұрыпталуды, материалдарды сақтауға қоюды, сапалық және сандық қабылдауды, қабат құжаттарды рәсімдеуді қамтитын, материалдарды өндірістік пайдалануға дайындау уақыты.

3. Сақтандыру және кепілдік запас, ағымды запастармен жабдықтаудағы кідірістер кезінде, кәсіпорындарды материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге арналған және ресурстардың берілген түрінің ортатәуліктік тұтынылуының (Пс), қойылымды дайындаудың келісілген уақытының қайтарылуының максималды көлеміне көбейтілуі арқылы анықталады:

, (5.33)

мұнда – қойылымның келісілген уақытынан ауытқуының максималды көлемі, күндер.

4. Транспорттық сақтау қоры материалдарды тасу кезеңінде, кәсіпорындарды материалдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін арналған және берілген ресурс түрін ортатәулікті пайдалануды (Пс), материалдардың жолда болуы мен жеткізушілердің берілген материалды тасымалдау уақытына көбейту арқылы анықталады:

, (5.34)

мұнда –жеткізушілердің берілген материалдарды тасымалдау уақыты және материалдардың жолда бол уақыты.

Минималды өндірістік сақтау қоры:

. (5.35)

Орташа өндірістік сақтау қоры:

. (5.36)

Өндірістік қорларды есептеу үшін, екі әдіс қолданылады:

  1. Есептік-аналитикалық әдіс, өткен жылмен салыстырғандағы, жоспарланған жылдың өнімді өндіру көлемінің өсу қарқынымен бірге есептелген, өткен кезеңдегі нақты болған өндірістік қорлардың нысаналануы.

  2. Тікелей есептеу әдісі материалдық ресурстардың ғылыми негізде мөлшерленген пайдаланылымға негізделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]