Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айнура каз.doc
Скачиваний:
61
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
496.64 Кб
Скачать

5.3 Кәсіпорынның транспорттық қызмет көрсетуін жоспарлау

Кәсіпорынның транспорттық шаруашылығы келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес, оптималды маршруттармен, белгіленген уақытта тұтынушыға әртүрлі жүктерді тасымалдау және жеткізу үшін құрылады. Транспорт шаруашылығының жұмыс істеуінің негізгі критериі - сапалы және ең төмен бағадағы, өз уақытымен қызмет көрсету болып табылады. Транспорт шаруашылығы материалды ағымдарды байланыстыратын негізгі кәсіпорын жолы болып табылады. Көрсетілген транспорттық қызметтердің сапасы мен ырғақтылығын кәсіпорынның толық қызмет көрсетуінің тұрақтылығы мен тиімділігі анықтайды. Транспорт операциялары өндірістік үдерістің маңызды құрам бөлігі болып табылады, себебі, транспорт қаражаты оны басқару мен жүргізу және өндірістің (мысалы, конвейер көмегімен) берілген ырғақтылығын қамтамасыз ету үшін жиі қолданылады. Транспорттың ішкі зауыттық оңтайлы ұйымы, жүк айналым және жүк тасымалдануын оңтайландыру, өнімді дайындаудың өндірістік циклының ұзақтылығын қысқартуға, айналым қаражатының айналымдылығын жылдамдатуға, өнімнің өзіндік құның төмендетуге, еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етеді [51].

Транспорт шаруашылығының негізгі функциялары:

- жұмыс орындарына және қоймаларға жүктердің үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз ету;

- жүк тасымалының сақталуы;

- транспорттық орын ауыстыру үдерістеріне оңтайлы маршруттар мен оңтайлы транспорт қаражатын пайдалану;

- транспорт қаражатын оңтайлы пайдалану;

Кәсіпорындағы транспорт қаражатының жіктелуі:

- қызмет көрсету саласы бойынша – сыртқы, цехаралық, қойма ішілік және цехішілік транспортының қаражаты;

- жұмыс режиміне байланысты – үздіксіз (конвейер жүйесі, құбыр желілері және т.б.) үздіксіз және кезеңдік (автомашининалар, өздігінен жүретін арбалар және т.б.) транспорттық қаражаттар;

- қозғалыс бағыты бойынша – көлденең және тік (лифттар, элеваторлар және т.б.) және аралас орын ауыстыру (крандар және т.б.) үшін транспорттық қаражаттар;

- автоматизация деңгейі бойынша – автоматты, механизациялы, қолдық;

- тасымалданатын жүк түрлері бойынша – даналық және құймалық, сепкіш жүктердің тасымалдануына арналған транспорт қаражаттары;

- транспорт түрлері бойынша – теміржолдық, теңіздік, авиациялық және автомобильдік.

Кәсіпорынның транспорт шаруашылығы ұйымы келесі жұмыстардың орындалуын қамтиды:

  1. транспорт қаражатын стратегиялық жаңартуды жоспарлау;

2) кәсіпорынның өндірістік құрылымының анализі, жүзеге асырылуы бойынша іс-шаралардың өңделуі және енгізілуі (оңтайлы транспорттық схемалар бойынша, өндірістік үдерістердің ырғақтылығын, үздіксіздігін, пропорционалдылығын, нақтылығын қамтамасыз ету);

3) өндірістік уақыт бойынша, транспорт қаражатының, үдемеліліктің, басымдылықтың және пайдалану тиімділігінің анализі;

4) транспорт қаражаттарын пайдалануды негіздеу және таңдау;

  1. транспорт шаруашылығы қажеттіліктерінің жөндеу-пайдалану материалдық ресурстарының шығын нормалары мен нормативтерінің есептелуі;

  2. жүк айналым теңгерімін құрастыру (көлденеңінен жүк жіберушілер, тігінен оларды қабылдап алушылар көрсетіледі);

  3. жүк ағымы схемасын жобалау;

  1. транспорттық операцияларды оперативті-күнтізбелік жобалау;

  1. кәсіпорын транспортының үйлестіруші жұмыстары;

  2. транспорт шаруашылығы жұмыстарын есептеу, бақылау және тиімділігі мен сапасын жоғарылату мотивациясы.

Транспорт шаруашылығы жұмысына кәсіпорындардың, цехтардың, жұмыс орындардың толық ырғақтылығы көп жағдайда тәуелді болады.

Цехаралық және цехішілік тасымалдар кәсіпорында транспорт тасымалдаушы үдерістердің негізгі үш жүйесі бойынша ұйымдастырылады:

- маятник жүйесі;

- сақиналы жүйе;

- аралас жүйе.

Маятник жүйесінде транспорт қаражаты екі нысан арасында, біржақты және екіжақты маятник міндеті бойынша әрекет етеді. Біржақты маятникті жүйеде транспорт қаражаты жүксіз оралады, ал екіжақтыда жүкпен оралады.

Сақиналы жүйе – бұл радиус бойынша орналасқан цехтарға транспорт қаражаты бойынша, жүк тасымалдайтын жабық маршрут.

Транспорт шаруашылығы жұмысының тиімділігі мен сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттарына жататындар:

- кооперативтендіруді дамыту, өндірістің функционалды тақырыптық тереңдету;

- өндірістің және басқарудың автоматизация деңгейін жоғарылату;

- транспорт қаражатының орта өсімін қысқарту және дербес транспорт қаражатының меншікті көлемін үлкейту;

- транспорт қаражатын пайдалануды басқарудың және есептеудің мөлшерленуін жетілдіру, олардың тиімділігін көтеру мотивациясы;

- нақтылық принциптерін, өндірістік үдерістердің үздіксіздігі мен пропорционалдылығын, сәйкес келетін іс шараларды енгізу мен өңдеуді бақылаудың анализі;

- жоғарғы өнімді және апару-тасымалдау құралдарын өндіріске енгізу, олардың механизациясы мен автоматизациясы;

- кәсіпорынның жүк көзі мен жүк айналымының анализі;

- біржақты маятникті тасымалды минималды көрсеткіштерге жеткізу, сақиналық жүйені кеңейту;

- транспорттық қызмет көрсетудің мамандандырылуы мен концентрациясы.

Мұнайлы аудандарда соңғы аталған бағыттарды жүзеге асыру мақсатында, транспорттық қызмет көрсету функциясы кәсіпорын құрамынан енгізілген және мұнай аудандарының барлық кәсіпорындарына қызмет көрсететін маманданған автотранспорттық кәсіпорындарда жиналған.

Бұл мақсаттар үшін, акционерлік мұнай компанияларында, арнайы техника мен (ТТБ және АТ) техникалық транспортты басқарудың, автомобиль транспортын (АТБ) басқарудың және арнаулы техниканы (АТБ) басқарудың тәсілдері енгізілген.

Кезеңдік әрекеттегі транспорт жұмысын жоспарлау кезінде, есептейді:

а) топ бойынша, келген жүктердің жоспарлы номенклатурасы мен саны;

б) кәсіпорын ішіндегі жүктің түсірілімі мен тиелімі арасындағы нысандардағы жүк көзі;

в) түрлері бойынша транспорт құралдарына қажеттіліктер;

г) механика және қол жұмыстарына бөлінген, түсірілім-тиелім жұмыстарының көлемі.

Автотранспорттық цехтың немесе автотранспорттық кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы келесі көрсеткіштерді қамтиды:

1. жүктердің барлық түрлері бойынша жүк көздері. Жүк көзі – екі нысан арасындағы уақыт бірлігіне ауыстырылатын (т, дана) жүк саны.

2.түрлері бойынша жүктердің номенклатурасы және саны.

3. жүктің барлық түрі бойынша жүк айналымы:

, (5.14)

мұнда – жүктердің i-түрі бойынша жүк айналымы, т, км;

– жүктердің i-түрі бойынша тасымалданған жүк көлемі, т;

–жүктердің i-түрі бойынша тасымал алшақтығы, км.

4. Кәсіпорын бойынша толық жүк айналымы:

, (5.15)

мұнда n-тасымалданған жүк түрінің саны.

Жүк айналымы – бұл, белгілі бір уақыт кезеңінде, кәсіпорын бойынша түгелімен тасымалдануға тиісті жүк көлемі (тәулік, ай, тоқсан, жыл). Тасымалданатын жүк көлемін тонна бойынша киллометр бойынша тасымалдау қашықтығына көбейту арқылы анықталады және тонна –км бойынша өлшенеді.

Сыртқы жүкайналымды жоспарлау кезінде, материалдық–техникалық жабдықтау жоспарын пайдаланады, сонымен қатар, өндіріс (мысалы, металлолом) қалдықтарының кәсіпорыннан тасымалдануы бойынша, соңғы жылдағы шақырылымдар жөніндегі мәліметтер пайдаланылады.

Ішкі газайналымды кәсіпорын өндірісі мен цехтарының жоспарына, материалдық–техникалық құралдарды жеткізу жоспарына, құрылыстық-монтаждау жұмыстарының көлеміне және құралдарды тасудың жалпы қашықтығына, жұмысшыларды жұмыс орны мен тұратын жеріне тасу және т.б. қашықтығына байланысты негізде жоспарлайды.

Кесте 3.3 – Келісілген міндеттемелер бойынша жүк айналымының есебі

Жүк түрі

Келісілген міндеттемелер

Тасымал көлемі, мың т

Орташа қашықтық, км

Жүк айналымы, мың. т-км

Таңдалған қозғалмалы құрам

1.

2.

3.

Барлығы

5. Транспорт машиналарының техникалық жылдамдығы – бұл жүрілген жол ұзындығының қозғалысқа жұмсалған уақытқа қатынасы.

6. Пайдаланылған жылдамдық – бұл жүрілген жол ұзындығының сызықтың (маршруттың) бастапқы, аралық және соңғы нүктелеріне машинаны құруды есепке алуменға жұмсалған барлық уақытқа қатынасы.

7. Жүккөтеру коэффициентін пайдалану – бұл белгілі бір уақыт кезеңінде (Q) машинаның (q) жүккөтеруінің есебінде тасымалданған салмақтың, осы кезең ішіндегі (n) жүрілген дол санына қатынасы:

(5.16)

8. Автомобиль жүрісін пайдалану коэффициенті () – бұл жүкпен бірге жүрілген қашықтықтың, машинаның жүкпен бірге (L) және жүксіз (Lо) жүрілген қашықтығының есептелуіне қатынасы:

, (5.17)

мұнда L – жүкпен жүрілген қашықтық, км;

Lо – жүксіз жүрілген қашықтық, км.

9. Транспорт құралдарындағы кәсіпорынның тәуліктік қажеттіліктері:

, (5.18)

мұнда Qс – тасымалдардың тәуліктік жоспарланған көлемі, т;

t – транспорттың бір рейсіне жұмсалған уақыты, сағ.;

kр.в. – тасымалдау кезінлегі мүмкін болатын кездейсоқ кідірістер және жұмыс уақытындағы транспорттық қызметтердің әртүрлі түрі, жанармай бекетіне кеткен уақытпен бірге есептелетін жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті (оның беретін мағынасын 1,1 бастап 1,5 дейін қабылдайды);

q – транспорттық құралдардың атаулы жүккөтерімділігі, т;

kг – транспорттық құралдардың жүккөтерімділікті пайдалану коэффициенті (оның беретін мағынасын 0,7 бастап 0,9 дейін қабылдайды);

Tс – тәулік ішіндегі транспорттың жұмыс уақыты (кәсіпорынның жұмыс режиміне байланысты қабылданады, мысалы, екіауысымды жұмыста Т = 14 а.), а.

10. Транспорт құралдарының бір рейске жұмсалатын уақыты:

, (5.19)

мұнда L – белгіленген нысанға дейінгі қашықтық, км;

V1, V2 – транспорт құралдарының жүкпен бірге және жүксіз техникалық жылдамдығы, км/сағ.;

Tз, tр – транспорт құралдарының жүк түсіру және жүк тиеу уақыты, сағ.;

11. Кәсіпорынның транспорттық құралдарға жылдық қажеттіліктері:

, (5.20)

мұнда Qг – жүктерді тасып бітірудің жылдық жоспарлы көлемі, т;

Tг – жыл ішіндегі транспорттың жұмыс уақыты, сағ.

12. Жүк тасымалы бойынша жүкпен бірге, i-түріндегі автомобиль спарларының саны:

, (5.21)

мұнда –i-маркасындағы автомобиль қозғалысының техникалық орта жылдамдығы, км/сағ.;

–жүктелімдегі i-маркасындағы автомобиль жолының орта ұзақтығы, сағ.;

–i-маркасындағы автомобильдің жүрісін пайдалану коэффициенті;

Li– i-маркасындағы автомобильдің жүкпен жүрегн жолының орташа ұзындығы, км;

–i-маркасындағы автомобильдің жүк түсірілім және тиелім уақыты, сағ.

13. Тасымалдардың барлық түрлері бойынша және автомобильдердің барлық маркаларына өзгермелі құрамның орта тәулікті өндірімділігі ():

,(5.22)

мұнда qi – i-маркасындағы өзгермелі құрам бірлігінің атаулы жүккөтерімділігі, т;

–i-маркасындағы автомобильдің жүккөтерімділігінің пайдаланылу коэффициенті, т;

–i-маркасындағы автомобильдің тәулік ішінде жүрген жолының саны.

Өте жоғары өнімділік, жүк тасымалдарының өте төмен өзіндік құны, жүктерді тасымалдаудың жоғарғы жылдамдығы, өте аз капитал салымы және олардың өтелу уақыты сияқты көрсеткіштерді тасымалдаудың бәсекелестік шарттарында, қозғалу құралдарының маркасы мен түрлерін дұрыс таңдау анықтайды.

Қозғалыс құралдарының өнімділігі, қозғалыс құралдарының әрбір маркасы бойынша, тасымалдау түрлері бойынша есептеледі.

14. Қозғалыс құралдарының әрбір маркасыжәне тасымал түрлері бойынша, қозғалыс құралдарының өнімділігі ():

, (5.23)

мұнда –уақыттың күнтізбелік қоры, күндер;

kВi – i-маркасындағы автомобильдердің желіге жіберілу коэффициенті.

Уақыттың күнтізбелік қорының автомобильдерді шығарылымға жіберу коэффициентіне жургізілуі, i-маркасындағы автомобильдердің жұмыс уақытының тиімді қорын анықтауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]