Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Мінездеме

Самат Айдынұлы Мәуленбаев, 1970 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы. Самат Айдынұлы Мәуленбаев – 1970 жылғы қаңтар айының 15-інде Қазақстан Республикасы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1987 жылы қазіргі Ұлттық политехника университетінің компьютерлік техника факультетіне оқуға түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітірген. 1993-98 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының аға ғылыми қызметкері. Қазір – Қазақ ұлттық университеті металлургия өнеркәсібі факультетінің аға оқытушысы. 1998 – 2001 жылдар аралығында ҚазҰПУ-дің өндірістен қол үзбей оқитын аспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

С. А. Мәуленбаев - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. С.А. Мәуленбаевтың “Металлургия өнеркәсібінің терминдері” деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

С. А. Мәуленбаев – қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі. Студенттер мен әріптестерінің арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметіне ұсыну үшін беріледі.

Мекеме басшысы /аты-жөні, қолы/

Айы, күні, жылы

4-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Мінездеме жазу, мінездеме беру, мінездемеге қол қою, жоғары білімді, өз ісін жетік білетін маман, тәжірибелі маман, орта білімді, беделді, қазақ тілін жетік меңгерген.

5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.

Мінездеме – мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін (адамның, адам, адамға, адамда) туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым (тарапымен, тарапының, тарапынан, тарапында, тарапына) берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін (сипаттап, сипаттар, сипатта, сипаттайтын, сипаттамас) ресми құжат. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық (болған, болып, болса, болуы, болды) керек. Мінездеме басқа мекеме /сот, прокуратура/ сұраған жағдайда, оқуға, (аспирантурамен, аспирантураға, аспирантураны, аспирантурадан, аспирантурасын) түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби (біліктілігімен, біліктілігінен, біліктілігінің, біліктілігін, біліктілігінде) көтеру мақсатында беріледі.

6-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Оның деректемелері: атауы (мінездеме); мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету; құжатты беруші ұжымның атауы, қызметкердің толық аты-жөні, мәтіні; қолы және мөрі.

7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық нұсқасын қойыңыз.