Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Факстер және е-mail

Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.

Аппараттың өзі қоятын қосымша деректері:

  • жіберушіні (кодты) көрсету;

  • ақпараттың берілген күні және уақыты;

  • ақпарат берілген телефакстің (аппараттың) нөмірі;

  • беттердің саны болады.

Факсті жіберуші ақпараттың алушыға жеткендігі туралы

растау (CONFIRMITION REPORT) алуға тиіс, онда:

  • алушы фирманың коды;

  • факсті алушының нөмірі;

  • күні;

  • ақпаратты берудің уақыты және ұзақтығы;

  • алынған беттердің саны (Р);

  • нәтижесі (RESUL TS) көрсетіледі.

Ең басты баған «RESUL TS» болып табылады, егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған «ОК» (o key) қойылады немесе факс алу кезінде іркілістер болса, «NG» (негатив) белгісі соғылады.

Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес.

Байланыстың бұл түрі жедел ақпарат жіберу үшін қолданылады, өйткені факспен берілген құжаттардың өзінің түпнұсқалығы туралы растамасы болмайды, егер шартта факспен хабар алмасу айтылған болса, онда олардың осындай нысанның өзінде заңдық күші болады.

Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі 3 жыл сақталады және мұрағатқа өткізуге жатпайды. Аса маңызды мәселелер бойынша шетел фирмаларымен алмасқан ақпараттар (экспорт, импорт, кепілдік) 10 жыл сақталады.

Электрондық поштамен жіберілген құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады және қолы мен мөрі болуға тиіс. Бұл ретте электрондық қолды пайдаланылатын субьект пайдалану құқығына және электрондық қолдарға рұқсат алуға қатысты сақтық пен бақылаудың тиісті шараларын белгілейді. Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты азаматтық-құқықтық сипаты бар шарттарда айтылуға тиіс. Осындай құжаттарға заңдық күш беру үшін 27.12.94 ж. № 268 – ХІІ ҚР АК-нің 152 бабының және 07.01.2003 ж. № 320-ІІ ҚРЗ-ның талаптары орындалуы тиіс.

Мәтінге арналған сөздік

байланыстың телефон жүйесі – телефонный канал связи

көмегімен – с помощью

көшірме - копия

кез-келген түрлері – любые виды

қосымша – приложение

сызбалар – чертежи

кестелер – таблицы

суреттер – рисунки

іскер әріптестер – деловые партнеры

ұйым – организация

арадағы – между

хат алмасу – переписка

іскерлік хат – деловое письмо

қосымша деректер – дополнительные данные

жіберуші – отправитель

бет саны – количество страниц

ақпарат – информация

алушы – получатель

растау – подтверждение

нәтиже – результат

баған – графа

іркілістер – сбои

жедел ақпарат – оперативная информация

түпнұсқалық – подлинность

сақталады – хранится

мұрағат – архив

кепілдік – гарантия

мәртебе – статус

мөр – печать

пайдалану құқығы – право использование

электрондық қол – электронная подпись

бақылау – контроль

азаматтық-құқықтық – граданско-правовой

бап – статья

талап – требование