Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Факс үлгісі

Кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның басшысы

Кәсіпорынның мекен-жайы _____________________

Тел., факс факс (095) 1411526

«____» __________ 200__г. №__

№ __ «___» __________ 200__ ж.

«___» _____________ 200 __ №_____ шот бойынша төлемді кешіктіру туралы

Құрметті _____________________!

«Технократ-105» жабығының комплектісін жеткізіп беру туралы «__» ____________ 200__ жылғы № ___________ шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.

«__» ____________ 200__ жылғы № _______ келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күннен кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі.

Директор қолы аты-жөні

Р.S. Бұл ескертпені алғанға дейін Сіздер төлемді төлеп үлгерсеңіздер, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.

Форма факса

Наименование предприятия Руководителю предприятия

Адрес предприятия _______________________

Тел., факс факс (095) 1411526

“___”____________200__г. №___

На № ___ от «___»_________ 200__г.

О задержке оплаты по счету №___ «____» ______________ 200__ г.

Уважаемый_______________________!

Напоминаем Вам о задержке оплаты по счету от «___»_____________ 200___ года №____ за поставку комплекта оборудования «Технократ-105»7 Прошло 10 дней после направления Вам счета по факсу.

В соответствии с пунктом 6.4. контракта №___ от «___»_____________ 200___ г. через 5 банковских дней начинается начисление пени за просрочку платежа.

Мы надеемся, что Вы незамедлительно решите этот вопрос.

Директор подпись И.О. Фамилия

P.S. Если к моменту получения этого напоминания Вы уже произвели оплату, примите нашу благодарность.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Факс деп құжаттың қандай түрі аталады?

  2. Факс қандай құжаттың көшірмесі болып табылады?

  3. Телефакс бойынша нелер жіберіледі?

  4. Факсті ресімдеу қандай құжатты ресімдеуге ұқсас?

  5. Аппараттың қандай қосымша деректерді өзі қояды?

  6. Ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растамада нелер көрсетіледі?

  7. Ең басты баған қандай баған болып табылады?

  8. Егер хабар толық және қатесіз жетсе, оған қандай белгі қойылады?

  9. Факс алу кезінде іркілістер болса, қандай белгі соғылады?

  10. Факстердің көшірмесін қандай жағдайларда түсіріп алады? Себебі не?

  11. Қандай жағдайда көшірме жасау міндетті емес?

  12. Байланыстың бұл түрі не үшін қолданылады? Себебі не?

  13. Қандай жағдайда факстің заңдық күші болады?

  14. Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі неше жыл сақталады?

  15. Қандай ақпараттар 10 жыл сақталады?

  16. Қандай құжаттардың көшірме деген мәртебесі болады?

  17. Мұндай құжаттардың несі болуға тиіс?

  18. Электрондық қолды пайдаланылатын субьект қандай шараларды белгілейді?

  19. Факс және Е-mail бойынша құжаттар алмасу шарты қандай шарттарда айтылуға тиіс?

  20. Мұндай құжаттарға заңдық күш беру үшін қандай талаптар орындалуы тиіс?

2-жаттығу. Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді тауып Кестені толтырыңыз.

Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.

Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес. Байланыстың бұл түрі жедел ақпарат жіберу үшін қолданылады, өйткені факспен берілген құжаттардың өзінің түпнұсқалығы туралы растамасы болмайды, егер шартта факспен хабар алмасу айтылған болса, онда олардың осындай нысанның өзінде заңдық күші болады.

Коммерциялық хат алмасулардың көп бөлігі 3 жыл сақталады және мұрағатқа өткізуге жатпайды. Аса маңызды мәселелер бойынша шетел фирмаларымен алмасқан ақпараттар (экспорт, импорт, кепілдік) 10 жыл сақталады.

Дара етістіктер

Күрделі етістіктер

алынған, ұсынылатын

болып табылады

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел сбой при приеме. Документы, отправляемые по электронной почте, имеют статус копий и действительный приусловии наличия подписи и печати, при этом субъект, использующий электронные подписи, должен установить надлежащие меры предосторожности и контроля, касающиеся права использования и доступа к электронным подписям.

4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз.

телефон

арнайы

факсті

құжаттың

іскерлік

хат

байланыс

заңдық

мұрағатқа

электрондық

хат

алмасу

өткізу

көшірмесі

күші

пошта

ресімдеу

ақпарат

түрі

жүйесі

5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.

Егер алынған факстердің маңызды ақпараты болса және ол ұзақ пайдалануға арналса, онда олардың көшірмесін түсіріп алады, өйткені факс қағазы ұзақ сақталмайды. Алайда қымбат факс аппараттарын пайдалану кезінде көшірме жасау міндетті емес.