Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_ekologia_2.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
122.98 Кб
Скачать

Билет №10

  1. Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?

  2. Экологиялық пессимисттер. Пессимисттер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.

  3. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

Жауаптар:

1. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

2. Осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастықта экология проблемаларын шешу және экологиялық дағдарысты жеңу жолында екі соңғы көзқарас болған. Екінші көзқарас – бұл экологиялық пессимистер көзқарастары (алармистер немесе радикалдар). Олар диаметрлік қарама-қарсы амалды алға қояды – табиғат техникалық та, экономикалық та жаңғыртылмайды. Қоршаған ортаның құлдырауы және табиғи ресурстардың таусылуы экономикалық өсудің және халық саны өсуінің салдары болып табылады. Қалыптасқан жағдайдан шығатын жалғыз амал – не экономикалық өсуді тоқтату, халық санын және материалдық игіліктерді жай ғана өсіру, не болмаса мемлекеттің заңдар мен заңды актілердің көмегімен кәсіпорындар қызметін қатаң реттеуі және жоспарлауы.

3. . Біріккен Ұлттар Ұйымының адамды қоршаған ортаның проблемалары бойынша конференциясы Стокгольмде 1972 жылғы маусымның 5-нен 16-на дейін мәжілістер өткізіп, әлем халықтарын рухтандыратын және оларға адамды қоршаған ортаны сақтау және жақсарту ісінде нұсқау болатын жалпы амал мен жалпы принциптердегі қажеттілікті қарастырып, мынаны жариялайды:

  1. Адам оның физикалық өмір сүруін қамтамасыз ететін және оған зияткерлік, адамгершілік, әлеуметтік және рухани даму үшін мүмкіндіктер беретін, өзін қоршаған ортаны жаратушы және сонымен бірге құрушы болып табылады. Адамды қоршаған ортаның табиғи да, адаммен құрылған да екі аспектісінің адамның жақсы тұрмысы үшін және тіпті өмір сүрудің өзіне құқықты қосқанда, адамның негізгі құқықтарын жүзеге асыру үшін шешуші маңызы бар.

  2. Адамды қоршаған ортаның сақталуы және сапасының жақсаруы халықтардың жақсы тұрмыс халіне және әлемнің барлық елдерінің экономикалық дамуына әсер ететін маңызды проблема болып табылады; бұл бүкіл әлем халықтарының еркін білдіру және барлық елдер үкіметтерінің парызы болып табылады.

  3. Адам жинақталған тәжірибесін үнемі жалпылап қорытады және жаңалықтар ашуын, ойлап табуын, жасап шығаруын және әрі қарай прогреске қол жеткізуін жалғастырады. Біздің кезімізде адамның қоршаған ортаны ақылмен пайдаланғанда оны түрлендіру қабілеті барлық халықтарға даму игіліктерін пайдалану және өмір сапасын жоғарылату мүмкіндігін әкелуі мүмкін. Егер осы қабілет дұрыс емес немесе ойланбай пайдаланылған болса, ол адамзатқа және оны қоршаған ортаға өлшеусіз зиян келтіруі мүмкін.

  4. Дамып келе жатқан елдерде қоршаған орта проблемаларының көпшілігі жеткіліксіз дамудан пайда болады. Дамып келе жатқан елдер өздерінің бірінші кезектегі міндеттерінен және қоршаған ортаны сақтау және сапасын жақсарту қажеттілігінен алғанда, өз күштерін дамуға бағыттауы тиіс. Осы мақсатта өнеркәсіптік дамыған елдер олардың және дамып келе жатқан елдер арасындағы алшақтықты қысқарту үшін күштерін салуы тиіс.

  5. Халықтың табиғи өсуі қоршаған ортаның сақталуы облысында проблемалардың пайда болуына әкеледі. Алайда, күн сайын әлеуметтік прогреспен және өндірістің, ғылым мен техниканың дамуымен бірге адамның қоршаған ортаның сапасын жақсарту қабілеті жоғарылайды.

  6. Тарихта біз бүкіл әлемдегі өз қызметіміздің салдарына қатысты қоршаған орта үшін аса мұқият қамқорлық білдіріп, оны реттеуге тиіс болатын сәт келген сияқты. Қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін адамды қоршаған ортаны қорғау және жақсарту адамзаттың маңызды мақсаты болды, оған бірлесіп және әлем мен халыаралық экономикалық және әлеуметтік дамудың белгіленген негізгі мақсаттарына сәйкес қол жеткізілуі тиіс.

  7. Адамды қоршаған орта облысында осы мақсатқа қол жеткізу үшін азаматтар мен қоғамдар тарапынан, сондай-ақ барлық деңгейлердегі кәсіпорындар мен мекемелер тарапынан жауапкершіліктің танылуы және барлығының ортақ күш салуға тең қатысуы талап етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]