Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_ekologia_2.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
122.98 Кб
Скачать

Билет №18

  1. Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

  2. Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).

  3. Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.

Жауаптар:

1.Билет 1 там

2. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөлімтерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.Біріншісі – продуценттер немесе өндірушілер. Мұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды.Екіншісі – консументтер немесе тұтынушылар, бұған жануарлар жатады. Консументтер екіге бөлінеді: өсімдік қоректі жануарлар (фитофагтар) және жыртқыштар (зоофагтар).Үшіншісі – редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.

3.Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен іске асырылатын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.Қазіргі уақытта Қазақстанда қоршаған орта, соның ішінде климатты өзгерту, биологиялық алуан түрлілік және шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ 3 негізгі халықаралық конвенциясы аса сәтті іске асырылуда. БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі. Биоалуан түрлілік туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша табысты жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстан трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы, ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы, өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы, трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының конвенция-ларын орындайды. Берілген конвенцияларды орындау шеңберінде өндірістің қауіпті қалдықтарын басқару және тұтыну мәселелері, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу, өнеркәсіптік апаттарды болдыр-мау бойынша екі жақты және көп жақты шаралар жасау, оларға дайындықты қамтамасыз ету және олардың әсерін жою, өнеркәсіптік апаттарды жою кезінде өзара көмек көрсету, ауаның ластануымен және ауа ластаушыларды үлкен ара қашықтықтарға тасымалдаумен күрес жүргізу, трансшекаралық проблемалар-дың зиянды әсеріне ұшыраған мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жөнге келтіру бойынша Қазақстан тиімді ынтымақтастық жүргізеді. 2005 жылғы желтоқсанда № 97-III ҚР Заңымен Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы ратификацияланған, ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]