Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AlFaViT_Raiko.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
145.57 Кб
Скачать

101. Қр-дағы саяси партияларыдың орны және рөлi. Қр-ның негiзгi партиялары.Партиялар туралы заң. (2002 жыл)

Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген. Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады. Партиялардың негізгі қызметтері: жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру; басқа партиялармен бәсекелестікте болу; белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу; мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту; қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару. Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық партиялар әлі қалыптасу үстінде деп айтуға болады. Қазақстанның саяси партиялары: «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы «Руханият» партиясы Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы «Әділет» демократиялық партиясы Қазақстанның патриоттар партиясы Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы Қазақстан коммунистік партиясы 2002 жылы 15 шілдеде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды. Жаңа заңда саяси партия азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн ерiктi бiрлестiгi ретiнде айқындалды. Сөйтіп заңда саяси партия анықтамасынан мемлекеттiк билiктi жүзеге асыруға өз өкiлдерi арқылы қатысу жолымен азаматтардың саяси еркiн бiлдiре алады деген анықтау алынып тасталды. Бұл елiмiзде қалыптасып отырған саяси шындықты бiлдiрдi, себебi көппартиялық жүйе жағдайында саяси партиялардың барлығы бiрдей мемлекеттiк билiктi жүзеге асыруға қатыса алмайтыны белгілі. Демек, саяси партияларды саяси үдерiстiң белсендi субъектiсiне айналдыруға көп көңiл бөлiнді.2002 жылы қабылданған заң саяси партияларды құруға және оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзу талаптарын күшейтуге байланысты партиялар саны 2004 жылы 15-тен 12-ге дейiн кемiді. Бұрынғы заң бойынша саяси партияны құру үшiн елiмiздiң қандай да бiр жерiнде тұратын он адамның бастамасы жеткiлiктi болса, ендi жаңа заң бойынша саяси партияны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құру талап етілді. «Саяси партиялар туралы» заңға енгізілген келесі өзгеріс те зерттеушілер мен партия қайраткерлерінің алаңдатушылығын тудырғаны анық. Заңға сәйкес саяси партиялар саяси және сайлау үдерiсiнiң негiзгi субъектiлерiнiң бiрі ретінде айқындалды. Егер 2002 жылға дейiнгi заң бойынша саяси партиялардың сайлауға қатысу құқы болып келсе, ендi жаңа заң бойынша ол мiндетiне айналды. Партияның өз мәртебесiн сақтауы сайлау науқанына қатысуына байланысты болды. Бұл кейбір зерттеушілермен демократияға жатпайтын тіптен заңсыз өзгеріс деп сыналды. Бiздiң ойымызша, бұл талап өте орынды, әрi саяси партиялардың тиiмдi қызмет жасауына әсер етедi. Бiрiншiден, сайлау үдерiсiне қатысу саяси партиялардың маңызды функцияларының бiрi екенiн бiлемiз. Екiншiден, мұндай талаптың қойылуы саяси партиялардың қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстырушы, халық мүддесiн бiлдiрушi және жеткiзушi мiндеттерiн жүзеге асыруға толық мүмкiндiк бередi. Үшiншiден, саяси партиялардың тұрақты қызмет жасауы, сайлаушысы (таңдаушысы) тұрақты парламенттi қалыптастыруға жағдай жасайды. Яғни, бiр күндiк партиялардың саяси аренадан кетуiне көмектеседi. Сонымен, саяси партиялар туралы жаңа заң кейбiр партияларға өз позицияларын нығайтуға мүмкiндiк берсе, ал кейбір партиялық саяси ұйымдардың тiптен саяси аренадан кетуiне алып келдi.

37. Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың қызметі.Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан карап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық турде жеке мемлекеттік шенберде бекітілгенқұқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы тендігі; тәннің дербес құқығы;адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қормалау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау;діңге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі;қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]