Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AlFaViT_Raiko.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
145.57 Кб
Скачать

124. Тоталитарлық саяси режим: ұғымы, негізгі сипаты.

Тоталитарлы саяси тәртіп.Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жургізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз теориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін билік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтқанындай, басқалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың християндық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.

38. Тура (идентитарлық) демократия: ұғымы, сипаты..Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің түрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, асқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабыдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі

УУУУУУ

65 Утопиялық Социализмның саяси доктринасы.

Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. "Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Морқолданды. Содан кейінгі жерде бұлтерминойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған қүрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан даағылшынсаяси экономиясыжәнеклассикалық неміс философиясыменбіргеутопиялықсоциализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді ЕжелгіГрекияменРимніңкейбіржазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мүның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді.Капитализмніңпайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарайУтопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алып, теорияретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар қүрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу жәнеРеформациядәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер,Т.Мор,Т.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып,пролетариаттыңізашарларының идеологиясына айналды.Капитализмқауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістеридеологтарыныңжалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқында- ла түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)-Маркстіңайтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында үйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды

ҰҰҰҰҰҰ

Ұлттық мүдде [1] - кең мағынасында - қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында - ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі[

Ұлттық Қауіпсіздік[1] - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден түрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

ФФФФФ

118. Федерация - [ фр. federation - бірлестік, одақ , лат. federatіo – одақ, бірлестік] - мемлекеттік құрылым түрі. Федерация– заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерация Америка Құрама Штатта 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерац. жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар, кантондар, провинциялар, республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.

ХХ

  1.  ХХ ғасыр басындағы Қазақ либералды интеллигенциясының саяси көзқарастары ХХ века (А.Байтұрсынов, А.Бөкейханов, М.Дулатов).

ХХ ғасырдың басындағы азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерінің ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматы Әлихан Бөкейхановтың ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршысының тұңғыш қарлығашы бола білген ұлы қайраткердің өмір сүрген кезеңдерін тарихи фактілер арқылы талдап, өзіндік баға беру. Алдымызға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынандай міндеттер қойдық:  - Алты Алаштың арысы атанған Әлихан Бөкейхановтың өскен ортасын негізгі құжаттар арқылы баяндау; - Әлихан Бөкейхановтың саяси - көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін ХХ ғасыр басындағы басқа ұлт зиялыларының көзқарастарымен байланыстыра зерделеу; - Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері дәрежесіндегі тұлғасын тарихи зерттеулер арқылы ашып көрсету; - Әлихан Бөкейхановтың қазақ қоғамын құрудағы және ұлттық мүддені ойластыру мен шешудегі жетекші ролін бүгінгі күн тұрғысынан анықтау; - ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан, ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхановты бүгінгі ХХІ ғасыр ұрпағына тың деректер тұрғысынан әділ бағасын беру

А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ  Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының көшбасшылары Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) - Қазақстандағы қоғамдық Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш М.Әуезовтің пікірінен А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасынын А. Байтұрсынов өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарын бірнеше Қазақ даласындағы оқу жайын зерттей отырып, А.Байтұрсынов қазақ халқына білім мен ғылымның Оку мәселесін А.Байтұрсынов 1913 жылғы наурыздан Съезде талқыланған мәселелер бойынша А.Байтұрсыновтың ұста-нымдары А. Байтұрсынов саяси лидер ретінде осы Сайып келгенде, А.Байтұрсыновтың саяси-әлеуметтік көзқарастары Казақстанда Алаштықтардың ұлттық сипатта жүзеге асырмақ болған.

ӨӨӨӨӨӨ

93.Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]