Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-apta.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
31.46 Кб
Скачать

Уақыттың пайдасы

Адам өз уақыт... үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақыт... бағалауы қажет. Уақыт... босқа өтуі.-.үлкен шығын.. Мұны дәлелдеу... қажеті жоқ. Пайда келетін іспен шұғылдану... ойластырған дұрыс. Бір қарағанда, ондай пайдалы іс... айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібі... жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойың... жас кезің... қалыптастыру керек. Әрбір минутың... үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табыс... қол жеткізіп, өз қабілет-күшің... толық жұмсай аласың.

6-тапсырма. Жадыңызда сақтаңыз.

Уақыттың жаулары

• Түсініксіз мақсаттар;

• Тыңдай білмеу;

• «Жоқ» деп айта алмау;

• Асығыс шешімдер;

• Бәрін бірден орындауға ұмтылу;

• Ұмытшақтық;

• Толық ақпараттың болмауы;

• Өзіндік тәртіптің жоқтығы;

• Жоспарлай білмеу;

• Тосын шешімдер;

• Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.

А. Файзуллина

7-тапсырма. Уақыт туралы сұхбат құрыңыз.

- Сіз уақыт туралы ойланып көрдіңіз бе?

- Ойыма келмепті, өтеді де кетеді, қайырылмайды?

- Ұқыпты пайдалана білсек, бәріміз де табысты болар едік, солай емес пе?

- Уақытымды үнемдеп, жаттығуға көбірек барғанымда бокстан әлем чемпионы да болар ма ем, кім біледі. Әлі де кеш емес. Бос уақыттарымды пайдалы жұмсауға тырысамын.

8-тапсырма. Есте сақтаңыз

Абайдың он бесінші қара сөзі

... Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

9-тапсырма. Оқыңыз. Түсініңіз. Қараман көрсетілген омоним сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

Менің атым қой,

Қойшыңды таңдап қой.

Қойшыңды таңдап қоймасаң,

Қой жинауыңды қой. (Ауыз әдебиетінен)

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Оқулық. Алматы, 2012.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1. Жоғарыдағы мәтіндер мен уақыт туралы ой-толғамдарды, сөз тіркестерін пайдалана отырып, «Уақытты үнемдей білесіз бе» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2. Абайдың табиғат лирикасынан бір өлеңді жаттап алыңыз.

3. Уақыт, дәуір туралы мақал-мәтелдерді жазып келу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]