Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика ekolog.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
418.3 Кб
Скачать

5 Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғаудың екі принциптік аспектісін ажыратады: табиғи ресурстарды қорғау және қоршаған ортаны қорғау.

Табиғи ресурстарлы қорғау өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін пайдалануды шектеуге бағытталған. Мұндай шаралардың ғылыми базасы – аутэкологиялық зерттеулер.

Қоршаған ортаны қорғау ауаның, судың және топырақтың ластануының әр түрлерін ескертуге бағытталған.

Табиғатты қорғау проблемасына арналған қазіргі амал сондай-ақ әр түрлі масштабты маңызды экологиялық зерттеулер жүргізуді және оларға жаңа жағдайларда бейімделген ерекшелік беру, олардың орнықтылығы мен өнімділігін жоғарылату мақсатында бұзылған экожүйелерге белсенді араласу үшін олардың нәтижелерін пайдалануды көздейді. Мұндай амал болғанда экологияда антропоцентрлік және биоцентрлік амалдар жаһандық экологиялық жүйелер функцияларының тұтастығын қолдаудың жалпы проблемасында үйлеседі.

Бақылау сұрақтары

    1. Ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсерінің қалай ландшафттар эволюциясының принциптік факторы болғанының мысалын келтіріңіз.

    2. Биосфера ресурстарын қарапайым пайдалану деп нені түсінеді?

    3. Тірі организмдер популяцияларының санын бақылауды практикалық қолданудың тағы мысалдарын келтіріңіз.

    4. Табиғатты қорғау деп нені түсінеді? Табиғатты қорғау міндеттерін практикада іске асыру мысалдарын келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Шилов И.А. Экология. – Москва: Высшая школа, 2006. – 512с.

  2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2003. – 560с.

  3. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-экономика-биота-среда. – Москва: ЮНИТИ, 2007. – 495с.

СӨЖ арналған тапсырмалар

    1. Алғашқы екі дәрістік тақырып бойынша глоссарий (25 глостан кем емес) құрастыру.

    2. Экологияның ғылым ретінде пайда болуына пікір талас тудыру.

    3. «Тұрақты даму» сөз тіркесі бойынша синквейн құрастыру.

2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйелердің орта құрудағы ролі және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру проблемасы

МАҚСАТЫ: Адамның биосфераға әсер етуінің технологиялық және экологиялық түрлерін зерделеу

1 Адамның биосфераға әсер етуінің технологиялық түрлері

Адам қызметінің табиғи қауымдастықтарға әсер етуі биосфераның барлық деңгейлерінде алуан түрлі байқалады. Оның дағдарысты күйі бірінші кезекте бірқатар тірі организмдерді тікелей қырып-жою, сондай-ақ биосфераны өнеркәсіптік және тұрмыстық пестицидтермен және т.б. ластау сияқты антропогенді әсердегі түрлермен байланысты.

1.1 Биологиялық ресурстарды пайдалану

Бұл бірінші кезекте, адамның өсімдіктер мен жануарларды қырып-жоюымен байқалады. Тек тарихи кезең ішінде сүт қоректі жануарлардың 100-ден астам түрінің және құстардың шамамен сондай түрлері мен қосалқы түрлерінің қырылып-жойылғаны тіркелген. Олардың арасында моа (Жаңа Зеландия), эпиорнис (Мадагаскар), қанатсыз гагарка (Исландия), тау сиыры (Тынық мұхит жағалауы) және т.б. сияқты теңдессіз түрлері бар.

Құстар мен сүт қоректілер жойылуының басты себептері – зиякестердің орынсыз аңшылығы (1-кесте). Осындай әсер ету түрлерінде халық тығыздығының және популяциялар санының күрт төмендеуінен оларды өсіру механизмдерінің бұзылуы арқылы түрлер қырылып қалады.

1-кесте – XVII-XX ғғ. сүт қоректі жануарлар мен құстар түрлерінің қырылып-жойылу себептері

Жойылу себептері

Түрлер саны

Сүт қоректілер

Құстар

Кәсіптік аңшылық

16

15

Спорттық аңшылық

6

3

Жұмыртқаларды, балапандарды жинау

-

1

Хайуанаттар бақтары үшін аулау

-

3

Ырымшылдық

1

-

Жорамалданатын зиянкестер ретінде жою

15

6

Биотоптардың өзгеруі:

орманды кесу

салу, жырту

қойлардың, ешкілердің, қояндардың әсер етуінен

7

1

-

13

25

7

Үй жануарларының қырып-жоюы

9

22

Әкелінген жабайы жануарлардың қырып-жоюы

20

24

Инфекциялар енгізу

-

3

Таза экологиялық себептер бойынша түрлердің біраз саны жоғалды: түрге тән биотоптардың түпкілікті өзгеруі, жаңа жыртқыштардың, ауру қоздырғыштардың пайда болуы түрінде биоценологиялық байланыстарды бұзу, экожүйелерді қайта пайдалану және т.с.с.

Биологиялық ресурстарды қайта пайдаланудың зиянды салдарымен күрес жүргізу – экологиялық міндет. Ол пайдаланылатын түрлер популяциясы параметрлерін зерделеуді және осы негізде кәсіптік алу деңгейінің орнын толығымен толтыратын масштабтарда ұрпақтануды бұзбай, ынталандыратын кәсіптің әсер ету нормаларын әзірлеуді көздейді. Экожүйелер құрылымын ықшамдау және биологиялық алуан түрлілік деңгейін төмендету түріндегі екінші реттік салдарлар экологиялық заңдылықтарға негізделеді.