Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика ekolog.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
418.3 Кб
Скачать

3 Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін консерваторлар көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін радикалдар көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:

    1. Экология проблемалары қолданыстағы әлеуметтік-экономикалық институт-тар мен қатынастар шеңберінде шешіледі ме, не болмаса осы институттар мен қатынастардың өздері маңызды қайта құруды талап етеді ме?

    2. Экология мәселелерін шешу саласында кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеу және жоспарлау өлшемдері, сипаты мен тәсілдері қандай болуы тиіс?

Бақылау сұрақтары

  1. Рим клубы баяндамаларының негізгі идеялары мен тұжырымдары қандай?

  2. Қоғамда экология проблемаларын шешуге қандай көзқарастар орын алды?

  3. Экология проблемаларын шешу жолдарына өз көзқарасыңызды баяндаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Маркович Д.Ж. Социальная экология. – Москва: Просвещение, 1991. – 176с.

  2. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. – Москва: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. – 455с.

Сөж арналған тапсырмалар

  1. № 7 дәрістік тақырып материалына сүйеніп, «табиғатты қорғау және тұрақты даму» тақырыбына эссе жазу.

  2. «Тұрақты даму тұжырымдамасы» тақырыбына тезаурус құрастыру (25 глостан кем емес).

5 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілгендігі проблемасы

МАҚСАТЫ: Экологиялық ресурсология принциптерін зерделеу

1 Экологиялық ресурсология принциптері

1.1 Таусылмайтын ресурстар болмайды. Жер бетінде адамзат қызметіне қатысты барлық табиғи ресурстардың таусылмау заңы әрекет етеді. Тіпті ғарыш энергиясы көздері – күн сәулесінің шығуы және гравитациялық (құйылмалы) энергия – антропогенді әрекеттер әсерінен олардың Жердегі қолайлылығының өзгеруінен уақытта шектелген болып шығуы мүмкін.

1.2 Табиғи ресурстардың таусылуы олардың жаңару деңгейіне байланысты. Ресурстардың табиғи жаңартылу көлемінен артық болатын оларды алу көлемі ресурстарды жаңартылмайтын ресурстар категориясына ауыстырады. Алудың жаңартудан артық болуы ресурстар қорларының қысқаруымен ғана емес, сонымен бірге үнемі жаңарту механизмдерінің бұзылуымен де қауіпті.

1.3 Ешқандай ізденіс немесе шаруашылық қызметі ресурстарды жаңарту ретінде жіктеле алмайды. Тәртіп бойынша, ресурстарды пайдалану шебін кеңейту туралы ғана сөз болып отыр.

1.4 Адам үшін қажетті жаңартылмайтын ресурстарды, әсіресе энергия тасымалдаушылар қазбалары мен рудаларын масштабты пайдалану, биосфера заңдары көзқарасынан табиғи емес. Биосфера эволюциясы масштабтарында берілген жағдай жаһандық экологиялық дағдарыспен шектелген, біршама аз уақытта ғана сақталуы мүмкін.

1.5 Тегін табиғи ресурстар болмайды. Олардың әрқайсысы тіршілікті және биосфера өнімін қолдауға, ал осыдан, адамдардың амандығына қосылған үлеспен анықталатын абсолют құнды иеленеді. Бұл мағынада барлық табиғи ресурстар тең және ақылылық жүйесіне қосылуы тиіс.

1.6 Табиғат заңдары биосфера ресурстарына меншік құқығын жоққа шығарады. Ресурстар жеке адамдарға тиесілі болмауы тиіс. Олар адамдардың болашақ ұрпағын қосқанда, жалпы алғанда бүкіл адамзатқа тиесілі болады. Сондықтан адам заңдарымен анықталатын табиғи ресурстарға меншік ылғи да салыстырмалы болады және ешқашан да толық болмайды. Табиғатқа және ол арқылы адамға зиян әкелетін табиғи ресурстарға меншік құқығы жоққа шығарылуы тиіс.

1.7 Адам пайдаланатын кез келген жаңартылатын ресурс сандық та, сапалық та қатынаста жаңғыртылуы, қалпына келтірілуі тиіс. Көптеген жағдайларда биосфера функцияларына қысым көрсету жағдайларында табиғи жаңаруға есептеулер расталмайды. Сондықтан адамзаттың табиғи ресурстарды жаңартумен байланысты үлкен және жылдам өсетін парызы, - этикалық абстракция емес, нақты құндылық өрнектелген және өте жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар шындық.

1.8 Ресурстық капиталды өзгерту принципі: жаңартылмайтын ресурстарға салынған капитал, оларды игергенде және пайдаланғанда мемлекетке тиесілі және жаңартылатын табиғи ресурстарды жаңғыртуға бағытталған тең қаржылық немесе басқа капиталға өзгертілуі тиіс. Бұл, өз кезегінде, әлемдік табиғи ресурстар рыногын құруды талап етеді.

Осы принциптерді іске асыру ресурстарға жоғары биосфералық экологиялық салықты қолдануды білдіреді, бұл экономиканың бүкіл ресурстық базасының қымбаттауына әкеледі және осыдан:

  • ресурстарды алудың жалпы сандық шектелуі;

  • кен орнын аса терең қазу және шикізаттан пайдалы компоненттерді аса толық алу қажеттілігі;

  • өндіру және тұтыну процесінде барлық ресурстарды үнемдеу құралдарына себепші болу;

  • пайдаланылатын ресурстарды айырбастау және жаңа, аса экологиялы ресурстарды іздестіру қажеттілігі;

  • экономиканың ресурстық базасын жаңартылмайтын ресурстан жаңартылатын ресурсқа барынша мүмкін ауыстыру.