- •Кіріспе
- •1 Ауыл шаруашылығы
- •2 Биодақылдар
- •3 Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау
- •4 Өнеркәсіптік жерлерді қайта құнарландыру
- •5 Табиғатты қорғау
- •Бақылау сұрақтары
- •1.2 Биосфераның ластануы
- •2 Адамның биосфераға әсер етуінің экологиялық түрлері
- •2.1 Көліктің әсері
- •2.2 Бейімдендіру
- •2.3 Гидротехникалық құрылыс
- •2.4 Ландшафттардың өзгеруі
- •2.5 Фаунаны қоңсыластыру
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Ноосфера туралы ілім
- •2 Ғтп және экология проблемалары
- •3 Сабақты өткізу әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Экологиялық дағдарыс және қоғамдық ой
- •3 Сабақты өткізу әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Экологиялық ресурсология принциптері
- •2 Экология проблемаларын шешудегі мемлекеттің және нарықтық қатынастардың ролі
- •3 Сабақты өткізу әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Көп жақты универсалды халықаралық шарттар
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Мемлекеттік ұлттық табиғи бақтар
- •2 Мемлекеттік табиғи қорықтар
- •3 Мемлекеттік табиғи резерваттар
- •4 Мемлекеттік табиғи бақтар
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
- •1 Денсаулықтың және аурушаңдықтың экологиялық аспектілері
- •2 Денсаулық көрсеткіштерінің қоршаған ортаның ластанғандығымен байланысы
- •3 Сабақ өткізу әдістемесі
- •Бақылау сұрақтары
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Сөж арналған тапсырмалар
1 Көп жақты универсалды халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен іске асырылатын көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қоршаған орта, соның ішінде климатты өзгерту, биологиялық алуан түрлілік және шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ 3 негізгі халықаралық конвенциясы аса сәтті іске асырылуда.
БҰҰ климатты өзгерту бойынша Рама конвенциясы шеңберінде ұлттық та, жаһандық та деңгейде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, климаттың өзгеруіне және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін олардың салдарының жұмсаруына бейімделуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. Қазақстанда шөлденумен күрес жүргізу туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру шеңберінде шөлдену және құрғақшылықтың жағымсыз әсер ету масштабтарын болдырмау және қысқарту, нашарлаған жерлерді және топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдаланудың экономикалық механизмдерін әзірлеу және ендіру бойынша орасан жұмыс жүргізіледі. Биоалуан түрлілік туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін іске асыру бойынша табысты жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ Қазақстан трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы, ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы, өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы, трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану бойынша БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының конвенция-ларын орындайды. Берілген конвенцияларды орындау шеңберінде өндірістің қауіпті қалдықтарын басқару және тұтыну мәселелері, су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу, өнеркәсіптік апаттарды болдыр-мау бойынша екі жақты және көп жақты шаралар жасау, оларға дайындықты қамтамасыз ету және олардың әсерін жою, өнеркәсіптік апаттарды жою кезінде өзара көмек көрсету, ауаның ластануымен және ауа ластаушыларды үлкен ара қашықтықтарға тасымалдаумен күрес жүргізу, трансшекаралық проблемалар-дың зиянды әсеріне ұшыраған мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жөнге келтіру бойынша Қазақстан тиімді ынтымақтастық жүргізеді. 2005 жылғы желтоқсанда № 97-III ҚР Заңымен Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы ратификацияланған, ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті.
Сондай-ақ 2005 жылғы желтоқсанда № 94-III ҚР Заңымен басты түрде суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері ретінде халықаралық мағынасы болатын, су-батпақ жерлер туралы Конвенция ратификацияланған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ұя салу, түлеу, маусымдық көшіп-қону және қыстау кезеңінде құстардың 130-дан астам түрі тіркелген. Құстардың ұя салатын түрлерінің жыл сайынғы саны 10 млн. жетеді, 2-3 млн. құс мұнда түлеу үшін ұшып келеді, ал 50 млн. жуық жыл құстары көктемгі және күзгі көшіп-қону кезеңінде біздің су қоймаларына тоқтайды. Берілген Конвенция жаһандық маңызды су-батпақ жерлердің үш басым аумағында биологиялық алуан түрлілікті сақтауға және тұрақты пайдалануға және негізгі қауіптерді азайтуға/жоюға амалдың негізін құрайды, Рамсар конвенциясында баяндалған, халықаралық келісілген стандарттарды қабылдау бойынша жаңа ақпаратқа және кеңес беруге қатынасты қамтамасыз етеді және су-батпақ жерлер бойынша жобаларды қолдау үшін Рамсар қорынан қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қоса, тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясын, халықаралық саудадағы жеке қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім процедурасын қолдану бойынша Роттердам конвенциясын, климатты өзгерту бойынша БҰҰ Рама конвенциясына арналған Киото хаттамасын ратификациялау жоспарлануда.
Киото хаттамасы механизмдерін іске асыру энергетика сферасына инвестицияларды және жаңа, заманауи технологияларды жұмылдыруға, энергияның балама көздерін дамытуға және жаңа экологиялық таза және энергия жинайтын технологияларға салынатын «жасыл инвестициялар» мен халықаралық жобалардың қосымша құралдарын жұмылдыруға мүмкіндік береді. Стокгольм конвенциясын ратификациялау кезінде Қазақстан тұрақты органикалық ластаушылар бойынша мәселелерді шешу үшін халықаралық қаржылық, ақпараттық және технологиялық ресурстарға қатынасты алады.
Роттердам конвенциясы дамитын елдердің оларда химиялық заттар мен пестицидті теріс пайдалану адамдардың сырқаттануына және өліміне жиі әкелген және қоршаған ортаға зиян келтірген, өнеркәсібі дамыған елдерде жасалған көптеген қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен, барлық елдер тұрақты дамуға және экологиялық жағдайға зиян келтірмей, химиялық заттар мен пестицидтердің артықшылықтарын пайдалана алады. Роттердам конвенциясы Қазақстандағы химиялық заттарды бақылау және басқару жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Қазақстанның жоғарыда аталған халықаралық конвенцияларға қатысуын талдап, оларға қатысу өзінің оң нәтижелерін береді және қоршаған ортаны қорғауға қосымша қаржылар мен жаңа технологияларды жұмылдыруға мүмкіндік туғызады деп белгілеуге болады.
1-кесте - Көп жақты универсалды халықаралық шарттардың тізбесі
Р/к № |
Конвенцияның, келісімнің атауы |
Қосу (ратификациялау) туралы РК құжаты |
Қазақстан Республикасы үшін пайдасы |
1 |
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым конвенциясы, 1947 ж. 11 қазан |
Қосу туралы 18.12.1992ж. №1791-XII РК ВС қаулысы |
|
2 |
Биологиялық алуан түрлілік туралы конвенция. Рио-де-Жанейро, 1992 ж.маусым |
Мақұлдау туралы 19.08.1994ж. №918 РК КМ қаулысы |
|
3 |
Табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа қастықпен пайдалануға тыйым салу туралы конвенция |
Қосу туралы 20.02.1995ж. № 301-XIII ВС қаулысы |
|
4 |
Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Рама конвенциясы (UNFCC). Рио-де-Жанейро, 1992 ж. 11 маусым |
Ратификациялау туралы ҚР Президентінің 04.05.1995ж. № 2260 Жарлығы |
|
5 |
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасы. Монреаль, 1987 ж. 16 қыркүйек |
Қосу туралы 30.10.1997ж. №176 ҚР Заңы
|
|
6 |
Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы. Вена, 1985 ж. 22 наурыз |
Қосу туралы 30.10.1997ж. №177-I ҚР Заңы |
|
7 |
Трансшекаралық контекстіде қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенция. Эспо (Финляндия), 1991 ж. 25 ақпан |
Қосу туралы 21.10.2000ж. № 86-II ҚР Заңы |
|
8 |
Ауаның үлкен ара қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы конвенция. Женева, 1979 ж. 10 қараша |
Қосу туралы 23.10.2000ж. № 89-II ҚР Заңы |
|
9 |
Өнеркәсіптік апаттардың трансшекаралық әсер етуі туралы конвенция |
Қосу туралы 23.10.2000ж. № 91-II ҚР Заңы
|
|
10 |
Ақпаратқа қатынас, жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділдікке қатынас туралы конвенция |
Ратификациялау туралы 23.10.2000ж. № 92-II ҚР Заңы |
|
11 |
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасына түзету, Лондон, 1990ж. 27-29 маусым |
Қосу туралы 07.05.2001ж. №191-II ҚР Заңы | |
12 |
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және олардың жойылуын бақылау туралы Базель конвенциясы. Базель, 1989 ж. 20-22 наурыз |
Қосу туралы 10.02.2003ж. №389-II ҚР Заңы
|
Іске асыру барлық елдердің өңірдегі жағдайды объективті бағалауына және біздің елімізді теңіз ортасының елеулі ластануында және экожүйе тепе-теңдігінің бұзылуында мүмкін болатын негізделмеген айыптаудан қорғауға мүмкіндік береді. Ол Каспий теңізінің теңдессіз биоалуан түрлілігін сақтаудың нақты құралы, сондай-ақ Аралмен болған оқиғаның Каспий теңізімен қайталанбауының кепілі болады. Қазақстанның Тегеран конвенциясын ратификациялауы біздің еліміздің қоршаған орта мүдделерін есепке алып, экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылысын бүкіл әлемдік қауымдастыққа тағы да көрсетті. |
13 |
Шөлденумен күрес жүргізу бойынша БҰҰ конвенциясы. |
Ратификациялау туралы 07.07.1997ж. № 149-1 ҚР Заңы
|
|
14 |
Басты түрде суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері ретінде халықаралық мағынасы болатын, су-батпақ жерлер туралы Конвенция (1982 жылғы 3 желтоқсанда Париж хаттамасы-мен енгізілген түзетулерімен және 1987 жылғы 28 мамырда Режинде енгізілген түзетулерімен) |
Қосу туралы 13.12.2005ж. № 94-III ҚР Заңы |
|
15 |
Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Рама конвенциясы (Тегеран, 2003 жылғы 4 қараша) |
Ратификациялау туралы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 97-Ш ҚР Заңы
|
|
16 |
Тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясы. Стокгольм, 2001 жылғы 22 мамыр |
2001 жылғы 2 мамырда қол қойылған. 2007 жылғы ҚРЗ ратификацияланған |
|
17 |
Халықаралық саудадағы жеке қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негізделген келісім процедурасын қолдану бойынша Роттердам конвенциясы |
2007 жылғы ҚРЗ ратификацияланған |
Роттердам конвенциясы аса қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерді пайдалану кезінде мониторинг және қауіптерді бақылау бойынша қуатты құрал болып табылады. Қазақстан осындай заттар, олардың адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратқа қатынасты алады. Осы деректерді пайдаланып, ел пайдалану, тыйым салу немесе оны пайдалануды шектеу бойынша меншікті саясатын жасай алады |