Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОБЖ каз 2012 1.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.89 Mб
Скачать

Жұмысты орындау реті

1. БОЛУ МҮМКІНДІГІ БАР УЛАНҒАН ОШАҚТАР ШЕКТЕРІМЕН ХИМИЯЛЫҚ УЛАНҒАН АУМАҚ АУДАНЫН АНЫҚТАУ. Әуе жолын қолдана отырып, химиялық улану кезіндегі химиялық уланған аумақ ауданы мен мөлшері.

АҚТЖ күштерімен химиялық заттарды қолдану құралдары анықталады. УЗ түрлері АҚТЖ химиялық барлаушылар құралдарымен ғана (ПХР тасымал құралдарымен) немесе зертханалық бақылау құралдарымен анықталады.

МЫСАЛЫ. Құю жолы арқылы түнгі уақытта екі F-4 ұшағы арқылы химиялық улану жүргізілді. УЗ ви-икс табылып отыр. Метеожағдай бұлыңғыр, жел жылдамдығы 3 м/с. Жергілікті жер ашық. Химиялық уланған аумақ ауданын анықтау.

ШЕШІМІ: 1. (2.8 - сурет) график бойынша ауаның тік тұрақтылығы анықталады. Бұлыңғыр ауа-райы кезінде, жел жылдамдығы 3 м/с, изотермия бақыланады.

2. (Қосымша 2) кесте бойынша екі ұшақ F-4 үшін уланған аумақ ұзындығын табамыз L=4 км, ал кесте бойынша (қосымша 3) тереңдігі Г=10 км.

3. Химиялық уланған аумақ ауданын 2.1 формуласы бойынша анықтаймыз.

Sз=10·(4+0,08·10)=48 км2 (изотермия үшін α=0,08Г=0,08·10=0,8 км).

2. ХИМИЯЛЫҚ УЛАНУ АУМАҒЫНЫҢ АУДАНЫ МЕН КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ. Химиялық уланған аумақтың көлемі нысандағы ҚӘУЗ саны, физикалық және уытты құрамы, сақталу уақыты, метеожағдай мен жергілікті жердің құрылысына байланысты болады.

МЫСАЛЫ. Нысанда 10 т аммиак бар сыйымдылық бұзылды. Түнгі уақыттағы химиялық уланған аумақтың ауданы мен көлемін анықтау қажет. Ашық жерде. Метеожағдай ашық, жел жылдамдығы 3 м/с.

ШЕШІМІ: 1. (2.8 - сурет) график бойынша ауаның тік тұрақтылығы анықталады. Метеожағдай – инверсия.

2. 4 қосымша бойынша 10 т аммиак үшін 1 м/с жел жылдамдығы кезіндегі уланған ауа таралуының тереңдігін табамыз, ол зақымдау концентрация үшін 4,5 км тең. 3 м/с желдің жылдамдығы үшін инверсия кезінде түзету коэффициенті 0,45 тең. Зақымдау концентрациясымен бірге уланған ауа бұлтының таралу тереңдігі Г = 4,5 0,45 = 2,02 км.

3. Инверсия кезіндегі химиялық улану аумағының енін анықтаймыз:

Аумақ ені.

Ш = 0,03Г = 0,03 ·2,02 = 0,06 км.

4. Химиялық уланған аумақ ауданы (2.2) формуламен анықталады км2.

3. АНЫҚТАЛҒАН НЫСАНҒА БАЙЛАНЫСТЫ УЛАНҒАН АУАНЫҢ ТАҚАЛУ УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ. Белгілі бір нысанға келетін уланған ауа бұлтының тақалу уақытын t анықтау үшін нысанға дейінгі ҚӘУЗ төгілу орнынан R қашықтығын, м, ауа ағынымен берілетін орташа жылдамдыққа W бөлеміз, м/с. Уланған ауа бұлтының орташа жылдамдығы 2.1 - кестесі бойынша анықталады. Уланған ауа бұлты қай жерде жел жылдамдығы жоғары, яғни биіктікте таралады. Осыған байланысты таралу уақыты 1 м биіктікке қарағанда онда жоғары болады

2.1- кесте – Заттармен уланған бұлттың орташа көшу жылдамдығы, м/с

Жел жылдамдығы, м/с

инверсия

изотермия

конвекция

R<10 км

R> 10 км

R< 10 км

R> 10 км

R< 10 км

R>10 км

1

2

2,2

1,5

2

1,5

1,8

2

4

4,5

3

4

3

3,5

3

6

7

4,5

6

4,5

5

4

-

-

6

8

-

-

5

-

-

7,5

10

-

-

6

-

-

9

12

-

-

МЫСАЛЫ. Халық тұратын аумақтан 9 км жерде орналасқан нысандағы апаттың салдарынан аммиакты төмендететін коммуникация бұзылды. Метеожағдай: изотермия, жел жылдамдығы 5 м/с. Халық тұратын жерге дейін уланған ауа бұлтының жету уақытын анықтау

ШЕШІМІ: 2.1 - кесте бойынша изотермия үшін және жел жылдамдығы V1 = 5 м/с, W = 7,5 м/с уланған ауа бұлтының орташа көшу жылдамдығын табамыз. Халық тұратын жерге уланған ауа бұлтының жетуі:

ми.н

4. ҚӘУЗ ЗАҚЫМДАУ ӘСЕР ЕТЕТІН УАҚЫТЫН АНЫҚТАУ. Химиялық улану ошағындағы ҚӘУЗ зақымдау әсер ету уақыты ҚӘУЗ төгілу кезінен булану уақытына қарай анықталады. Уақыт, мин, сұйықтықтың булануы tисп резервуардағы сұйық салмағын бөлшектерге бөлу арқылы G1 булану жылдамдығына қатынасымен анықталады Сисп.

Белгілі бір шарттар үшін кейбір ҚӘУЗ булануларының уақытын есептеуге болады (2.2 - кесте). Химиялық улану ошағындағы ҚӘУЗ зақымдау әсер ету уақытын анықтау үшін булану уақыты қолданылады. 2.2 - кестедегі көрсеткіштерге қарағанда, жоғарғы жылдамдықтағы жел үшін түзетілген коэффициенттер енгізіледі. (2.3 - кесте).

2.2 - кесте – Кейбір ҚӘУЗ булану уақыты, сағ., (жел жылдамдығы 1 м/с)

ҚӘУЗ

Сақтау орны

Құламаған

Құлап қалған

Хлор

1,3

22

Фосген

1,4

23

Аммиак

1,2

20

Күкіртті ангидрид

1,3

20

Күкіртті сутек

1

19

2.3 - кесте – Желдің әртүрлі жылдамдығы кезіндегі ҚӘУЗ булануының уақыты үшін түзетілген коэффициент

Жел жылдамдығы, м/с

1

2

3

4

5

6

Түзету коэффициенттері

1

0,7

0,55

0,43

0,37

0,32

МЫСАЛЫ. Нысанда жарылыстың әсерінен аммиак сыйымдылығы құлаған. Жел жылдамдығы 3 м/с. Төгілген аммиактың жайылу уақытын анықтау.

ШЕШІМІ: 1. 2.2 - кесте бойынша 1 м/с жел жылдамдығы кезіндегі аммиак жайылу іс-әрекеті 20 сағ. тең.

2. 3 м/с жел жылдамдығы үшін түзету коэффициентін табамыз, ол 0,55 тең (2.3 - кесте).

3. Аммиактың әсер ету уақыты 20 сағ. құрайды, ал·0,55 үшін 11 сағ. тең.

5. Химиялық әсер ету ошақтарындағы адамдардың жоғалу мүмкіндігін анықтау.

Жұмыскерлердің, қызметкерлерді және жақын аймақта тұратын адамдардың, сонымен бірге АҚ қалпының жеке құрамының шығыны ошақ ауданында қалған адам санына, олардың қорғалу дәрежесіне және алғашқы қорғану құралдарын қолдануларына байланысты болады.

Зақымданған ошақтағы қалған жұмыскелер саны объект аймақтағы ғимарат, цех, аудан бойынша олардың барымдығына байланысты есептеледі; халықтың саны қаладағы тұрғын квартал бойынша анықталады. Зақымдалған ошағындағы адамдардың мүмкіндік шығыны 2.4 - кестесінде келтірілген.

2.4 - кесте – Зақымданған ошағындағы ҚӘУЗ жұмыскерлер мен қызметшілердің және де халықтың мүмкіндік шығыны

Адамдардың табылу жағдайы

Адамдардың газқағармен жабдықталғаны

20

30

40

50

60

70

80

90

100

Ашық жерде

75

65

58

50

40

35

25

18

10

Жәй шарттарда

40

35

30

27

22

18

14

9

4

Ескерту. Зақымдану ошағындағы адамдарды жоғалту мүмкіндігінің құрылымы %, жеңіл дәрежесі – 25; орта және ауыр дәрежесі (2-3 аптаға дейін шектетілген және емханаға мұқтаждар) – 40; өлім шығыны – 35.

МЫСАЛЫ. Химиялық зауытта апат салдарынан 18 т хлор бар сыйымдылық бұзылды. Жұмыскерлер мен қызметкерлер саны 600 адам, газ қағармен жабдықталғандары 100 %. Адамдардың паналау жағдайлары: жабайы пана, ғимараттар. Зауыттағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің мүмкіндік шығынын, оның құрылымын анықтау.

ШЕШІМІ: 1. 2.4 - кесте бойынша шығын анықталады.

Р = 600·0,04=24 адам.

3. 2.4 - кестесінің ескертуіне байланысты нысандағы қызметкерлермен жұмыскерлердің шығын құрылымы: өлім — 24·0,35=8 адам, орташа және ауыр дәрежедегі — 24·0,4=9 адам, жеңіл дәрежедегі — 24·0,25=7 адам. Барлығы 17 адам.

Осылайша АҚ жеке құрамы мен халықтың мүмкіндік шығыны есептелінеді.

Химиялық жағдайды бағалау қорытындысын талдау негізінде өндіріс қызметкерлерін және халықты қорғаныс құралдарымен қорғауды қамтамасыз етуден шығатын зақымданған ошақтан болатын жағдайлармен анықталады. Кәсіпорынның улы заттарымен материалдары, шикізаттарына байланысты еңбек шарты сараланады, Адамдар жұмыс істейтін цехтар, ғимараттар, бөлмелердің қымталған мүмкіндіктері, сонымен бірге, қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу ортасы да қарастырылады. Қажет болған жағдайда адамдарды санитарлық өңдеуін өткізу және ғимараттарды, аумақты, нысандарды залалсыздандыру жолдары анықталады.

Қорытынды нысанның жоғарғы төзімділігі бойынша қосымша химиялық зақымдану ошағының болу мүмкіндігіне байланысты ұсыныстарды өңдеу үшін қызмет етеді.