Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktika2shishisigo.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
56.46 Кб
Скачать

3.Тақырып. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер

3.1. Сұраныс және ұсыныс теориясы арқылы тұтыну нарығындағы шаруашылық субъектілердің іс-әрекетін талдау Қазақстан Республикасы Үкіметі жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметтің құрылымдық өзгерісімен, нарықтық қатынастардың ары қарай дамуымен, халықаралық сауда және кедендік ұйымдардағы интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында келесі мәселелерді тиімді шешуге қабілетті қазіргі кедендік қызмет құру қажеттілігі туындап отыр:

сыртқы экономикалық қызметті (бұдан былай СЭҚ) мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан Республикасы мүддесінде кедендік саясат қалыптастыруға қатысу, басқа мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал ету, елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

СЭҚ түскен пайданың ел бюджетіне толығымен түсуін қамтамасыз ету, тауарларды әкелу/әкетуге бақылауды күшейту;

кедендік заң бұзушылықпен, контрабандамен, халыққа зиян келтіретін есірткі заттарының, зиянды және қауіпті тауарлардың заңсыз қозғалысымен тиімді күрес жүргізу;

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын әзірлеуге белсенді қатысу арқылы әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне кіру.

Талдаудан көретініміздей, аталған мәселелерді шешу қазіргі кедендік қызмет үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Кедендік қызметті кең ауқымда жетілдіру қажеттілігі туындап отыр, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен жан-жақтылығына

сәйкестендіру, кедендік қызметтің Қазақстанның сыртқы және ішкі

17

саясатының тұрақты өзгеріп тұратын шарттары мен міндеттеріне,

халықаралық кеден тәжірибесінде қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттар мен процедураларға бейімделуі. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі кедендік органдар алдына қойған осы міндеттер аталған Бағдарлама дайындауды қажет етті.

Кедендік органдардың қызметін талдаудан көретініміз, қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында іс-әрекетке аса қабілетті кедендік қызмет қалыптасты. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылған және жетілдірілуде. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыру, сыртқы экономикалық қызметті реттеу, кеден ісі саласында контрабандамен және заң бұзушылықпен күресу механизмі қалыптасты. Тармақталған кедендік құрылым қалыптасуда. Кедендік орган арқылы басқару жүйесін құру аяқталуда. Кеден қызметінің кадрлық құрамы жасақталған. Кедендік органдардың тәжірибелік қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.

Қазіргі кедендік қызмет республиканың сыртқы экономикалық саясат жүргізуде маңызды орынға ие болып отыр және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінде бақылау және фискальды қызметтерді атқарады.

Қазіргі кедендік жүйенің негізгі кемшіліктері мыналар:

жүйе ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің жетілдірілмегендігі;

басқару жүйесін құрудың аяқталмағандығы:

заңнама базасының жетілдірілмегендігі;

кеден ісі саласында контрабандамен және қылмыспен күресудің жеткілікті тиімді шараларының болмауы;

18

әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмегендігі, білікті кәсіби мамандардың жетіспеуі;

материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі.

Бұлардың бәрі шешілген мәселелермен және сыртқы экономикалық қызметтің түрлілігіне қарама-қайшы, СЭС қатысушыларына кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігінде көрініс тауып отыр, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыруда проблема тудырады, кедендік ережелердің бұзылуына және кедендік қызмет саласында қылмыскерлік санының көбеюіне әкеп соқтырады.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының кедендік қызметін реформалаудың негізгі мақсаты болып мына негізде мемлекеттің экономикалық саясатын және Қазақстанның қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге асыру тиімділігін арттыру саналады:

2005-2008 жылдарға Қазақстан Республикасының Кедендік қызметін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру;

кедендік әдістер арқылы сыртқы экономикалық қызметті бақылауды жүзеге асыру;

мемлекеттік құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруда ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]