Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktika2shishisigo.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
56.46 Кб
Скачать
  • Басшылық

  • Кедендік кіріс басқармасы

  • Кедендік бақылау басқармасы

  • Контрабандаға және кеден ережелерін бµзушылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарма

  • Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы

  • Ұйымдастыру-талдау басқармасы

  • Кадр басқармасы

  • Қаржы-шаруашылық басқармасы

  • Кеден күзету мен режимі басқармасы

  • Жүктерді алып жүру жөніндегі бөлім

  • Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі

10

1.2. Нарықтық экономика элементтері. Нарық жағдайындағы жеке өндірістің мәні мен заңдылығы

Заман ағымына орай бәсекелестікке қойылатын талап та қатайып тұр. Әлбетте, мұндай қатаң талапсыз ел межесі – озық 30-ға да іліге алмайсың. Қазір қазақстандық кәсіпкерлер Кеден одағы аясында бәсекеде шыңдалуда. Келесі сатыда Бірыңғай экономикалық кеңістікте көрік қыздыратын қазақстандық бизнестің көңіл күйі қандай? Әлбетте, бұл туралы түрлі пікір бар. Дегенмен депутаттар Кеден одағындағы қазақ бизнесі үшін тең жағдай жасалмағанын алға тартады.Қазақстанда бәсекеге лайықты ортаны дамыту, кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес қа­уымдастықтың құқығын қорғауға жа­уап­ты агенттік жұмыс істейді. Бұл – Бәсе­келестікті қорғау агенттігі. Мәжіліс алдын­дағы есебінде аталмыш агенттік төрағасы Болат Қуандықовтың баяндамасы, негі­зі­нен, Бірыңғай экономикалық кеңістік ел­де­рінің бәсекелестік туралы модельдік заңына еліміздің ұлттық заңнамасын үй­лес­тіру тұрғысында өрбіген болатын. Бұл бағытта біздің агенттік біраз шаруаның басын қайырыпты. Айталық, Ресей мен Беларусь нарықтарына қазақстандық биз­нестің қолжетімділігі үшін әкімшілік тос­қа­уылдарды жоюға күш салыпты. Сосын қа­зақ­стандық агенттік өңірлік деңгейде ин­теграциялық үрдістердің сапасына шы­найы әсер етуге қабілетті жаңа форматтағы Еуразиялық бәсекелестік жөніндегі ынты­мақ­тастық алаңын құру туралы бастама жа­сапты. Төраға Болатбек Қуандықовтың ай­туынша, бұл басқа алаңдарды қайта­лау­шы орган емес, керісінше, оларды то­лықтыратын болады. «Еуразиялық бәсеке­лестік жөніндегі ынтымақтастық алаңының ерекшелігі – халықаралық ұйымдар қам­ты­ған бәсекелестікті қорғау саласындағы бағыттарды жақсартумен байланыстыры­лып, өзінің «елдік ерекшелігі» ескерілетін болады. Аталмыш алаң ынтымақтастығы өзара мүддені білдіретін елдердің ғана монополияға қарсы органдарын, оның ішінде көршілес елдермен, сонымен бірге тауар айналымының көлемі және Қазақ­стандағы инвестициялар көлемі үлкен бо­ла­тын елдермен біріктіретін болады», – дей­ді Болатбек Баянұлы. Ал Еуразиялық бәсекелестік жөніндегі ынтымақтастық алаңын құрудан бизнес не ұтады? Түсінге­німіз, басты артықшылықтардың бірі – біз­дің бизнес үшін тиімді ақпараттық орта құ­ры­лады. «Ақпарат кімнің қолында бол­са, бизнесте сол күшті» деген қағидаға сү­йен­сек, аса құптарлық екен дерсіз.

11

Бұдан бөлек, Болатбек Баянұлы басқа­ра­тын агенттік ел нарығындағы бәсекелес­тік­ке де талдау жасапты. Сол талдауға сү­йен­сек, еліміздегі цемент пен авиациялық керосин нарығында, интернетке қо­сылу желісінің бөлшек сауда нарығында бәсе­келестік жеткілікті деңгейде емес. Сол секілді талдау нәтижесі доминанттар ре­естрі­не енгізілген вагон операторлығымен

айналысатын қазақстандық субъектілерге қолданылатын бағалық реттеу шарасы шетелдік операторлардың реттеу тетігіне қарағанда тиімсіз екенін көрсеткен. «Се­бебі Кеден одағына мүше өзге елдерде осы қызмет саласындағы жұмыс жасайтын операторларға бізде қолданылатын та­риф­тік реттеу шаралары қарастырылмаған. Осыған байланысты агенттік Қазақстанда «электрондық ақпарат алаңын», яғни ва­гон­дардың электрондық биржасын құру­ды ұсынады. Бұл қазақстандық жүк тасы­мал­даушылардың қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және жүк вагон­да­рының пайдалану қызметінің құнын тө­мендетуге мүмкіндік берер еді», – дейді Болатбек Қуандықов. Бұдан өзге, Болатбек Баянұлы АИ-80, АИ-92-93 маркалы бен­зин және дизель отынын бөлшек саудада өткізу нарығында да бірқатар түйінді мә­се­лелерді алға тартады. Айтпақшы, өткен жолы Елбасы баспана бағасының тым ша­рықтап кеткеніне алаңдап, арнайы тексеру жүргізуді бұйырған. Осы баспана нары­ғын­дағы бағаның негізсіз өсуіне жол бер­меу және құрылыс нарығында бәсекелес­тікті дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзір­леу де агенттіктің құзыретінде екен. Әйтсе де «баспана бағасына қайтып бұғау сала­мыз?» дегенге агенттік басшысы ләм-мим демеді. Айтуынша, тұрғын үй нарығындағы бағаға қатысты арнайы қорытынды қара­ша айында жарыққа шығады. Солай бол­ғанымен, Болатбек Қуандықов мырза елі­міз­дің құрылыс нарығында күрделі мәсе­лелер бар екендігін мойындайды. «Құры­лыс материалдары нарығында белгілі бір бағытта тұрақтылық болғанымен, жеке­ле­ген түрлерінде баға «секіріп» тұрады. Мә­селен, статистика бойынша кірпіш бағасы – 13,9 пайыз, цемент – 8,7 пайыз, темір­бетон бұйымдары 8,3 пайызға өскені бай­қалады. Дегенмен қиыршық тасқа, металл құбырларға, жылу ұстағыш материалдарға баға төмендегені белгіленген. Жалпы, бұл нарық бақылауда. Біз жақында ғана це­мент өнімдерінің нарығына сараптама жа­са­дық. Қазақстанда 10 цемент зауыты бол­са, жалпы жүктеме жылына 65-70 па­йыз­ды құрайды. Сосын осы зауыттар құ­ры­лыс үдеген маусымда бағаны да «секір­тіп» алатын көрінеді. Ондай фактілер тір­кел­ген», – дейді Болатбек Қуандықов.

12

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]