Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
леуметтану ЭУМКД - копия.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
272.9 Кб
Скачать

8.Пәнді зерделеуге арналған әдістемелік нұсқаулар: студенттің жазбаша жұмыстар (реферат, эссе, терминдермен, ұғымдармен жұмыстар жүргізу) жазуына арналған әдістемелік нұсқаулар.

1. Рефераттар. Жоғарғы оқу орнында рефарат жазу теориялық білімді терең меңгеріп, берілген тапсырманы жан-жақты талдап меңгеруге бағытталған. Рефарат жазу – студентке ақпараттар ағымын еркін меңгеріп, керекті мағылұматтарды жинақтауға, материалдарды іріктеуге, кәсіби ойлауға, ғылыми-ізденушілік жұмыстың алғашқы белгілерін қалыптастырады.

Рефарат студенттің өзіндік жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады.

Рефарат жазуға келесі талаптар қойылады:

  1. Жұмыс жақсы теориялық деңгейде жазылуы тиіс, оны дайындауға оқулықтар, оқу құралдары, баспасөз басылымдары, журналдар, газеттерді пайдаланылуға болады.

  2. Жұмыс өздігінше жазылуы тиіс, тақырыпты жан-жақты ашу нақтылығымен ерекшеленуі тиіс. Әдеби көздерден алынған материалдар таңдалған тақырыппен органикалық байланыста болуы және өз сөздерімен жеткізілуі қажет.

  3. Қорытындыларды аргументтеу, ұсыныстар мен кеңестерді нақтылау.

  4. Жұмыс нақты, сауатты тілмен жазылуы және дұрыс рәсімделуі қажет (титулдық беті, беттердің номерленуі тиіс және жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс).

Реферат 10-15 компьютерлік текст көлемінде орындалып, төмендегі ретте орналастырылады:

  • титул (сыртқы) беті;

  • жоспар-мазмұны;

  • рефератты мәтіндік баяндау (жоспарда көрсетілген бөлімдер ретімен);

  • әдебиеттер тізімі;

  • жұмыста көрсетілген көрнекіліктер, таблица, сызбалар жұмыс соңына қосымша ретіне жалғанады.

Реферат А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағына жазылады. Жұмыстың әр бетінің жиектері: сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғарғы жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см.

Әрбір бөлім немесе тарау жаңа беттен басталады. Тақырып пен мәтін арасында бір жол таза қалдырылады. Кестелер немесе график, диаграммаларды жұмыстың соңына қосымша ретінде жалғанады немесе баяндау барсысында сілтеуден кейін орналастырылады. Кестелерді бір беттен екінші бетке тасымалдауға, араларын бөлуге болмайды. Кесте, сурет немесе көрнекілік соңында аты сөзбен көрсетілуі тиіс. Қорғау ауызша түрде.

Реферат жазуға қолданылған барлық материал жұмыстың мазмұнына сәйкес болуы керек, тақырыпқа қатысы жоқ артық мәліметтер мен материалдарды жазу қажет емес.

2. Терминдермен және ұғымдармен жұмыс, глоссарий. Курсты зерделеу барысында кездесетін терминдер мен ұғымдарды әдебиеттерден іріктеп ала отырып, студент оларды дәптерге жазып, оқытушыға тексеруге береді және ауызша жауап беруге дайын болуы керек.

9.Тұрпаттық есептеулер бойынша есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Жұмыс оқу жоспары бойынша «Әлеуметтану» пәнін зерделеу барысында беріліп отырған тапсырмалар жүйесі қарастырылмаған.

10.Білім алушының өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмаларының мәтіндерін теру, әрбір тақырып бойынша өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар, жұмыстардың ағымдағы түрлерін, рефераттарды және өзге де үй жұмыстарын орындауға арналған тапсырмалар, күрделілік деңгейі және әдебиеті.

Әлеуметтану пәні бойынша рефераттар тақырыптары.

1.Әлеуметтанудың пәні мен объектісі, құрылымы мен функциялары. 2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары.

3.Әлеуметтанудағы әдіс түсінігі.

4.Әлеуметтік ойлар тарихының негізгі кезеңдері.

5.ХХ ғасыр әлеуметтануы.

6.Қазақстанда әлеуметтік ойлардың пайда болуы мен дамуы.

7.Әлеуметтанудағы «қоғам» және «жүйе» түсінігі.

8.Қоғамдық өмірдегі негізгі жүйелердің сипаттамасы.

9.Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы.

10.Р.Мертонның құрылымдық-функционалдық талдауы.

11 .Қоғамның әлеуметтік құрылымы түсінігі.

12.Әлеуметтік институттар.

13.Әлеуметтік стратификация теориялары.

14.Әлеуметтік мобильдік және маргиналдық

15.Жеке тұлға және қоғам.

16.Әлеуметтік мәртебе.

17.Девианттық мінез-құлық. Ауытқушылық тәртіп теориясы.

18.Ауытқушылық тәртіп түрлері.

19.«Мәдениет» әлеуметтануы.

20.Білім беру әлеуметтануы. Білім беру жүйесіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар.

21.Саяси әлеуметтанудың пәні, объектісі, заңдары.

22.Қоғам және басқару формалары – диктатура, авторитаризм, демократия.

23.Неке-отбасы қатынастарының тарихи типтері мен формалары.

24.Отбасы әлеуметтік институт ретінде.

25.Қазіргі заманғы отбасы проблемалары.

26.Экономика әлеуметтануының түсініктері мен категориялары.

27 .Экономика әлеуметтік үрдіс ретінде.

28.Еңбек әлеуметтануының негізгі түсініктері, категориялары және проблемалары.

29.Еңбек ұжымы – әлеуметтік бірлестіктік.

30.Бұқаралық байланыс әлеуметтануы

31.Бұқаралық байланыстың заңдылықтары мен механизмдері.

32.Бұқаралық ақпарат құралдары.

33.Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы түсінігі.

34.Әлеуметтік зертеудегі гипотеза.

35.Қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің түрлері және әдістері.

36.Қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің бағдарламасы мен жоспары.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.Сорокин П.А. Человек, цивилизация, общество. М., 1992.

2.Современная западная социология. Словарь. М., 1992.

3.Смелзер М. Социология. М., 1994.

4.Тощенко Ж.Т.Социология. М., 1999.

5.Социология. Лекциялар курсы. / Құрастырған Ә.Х.Тұрғынбаев. А., 2005.

6.Основы социологии. Курс лекций. М., 1993.

7.Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

8.Ядов В.А. Социологическое исследование: Методология, программа, методы. М., 1997

9.Радаев В.В., Шкаратан О.И. Социальная стратификация. М., 1996.

10.Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в Республике Казахстан. А., 1997.

11.Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. Экономическая социология. А., 2002.

12.Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. А., 2002.

13.Габдуллина К.Г. Социология труда. А., 1995.

14.Жаназарова З. Ж. Социология семьи. А. 2001.

15.Экономическая социология. Курс лекций. Рук. авт. колл. Гуревич Л.Я. А., 2002.

16.Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. Социология общественного мнения. А., 2001.

17.Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. А., 2007.

18.Социология. (оқулық ) А., 2002.

19.Социология. Отв. ред. Э.В.Тадевосян. М. 1995.

20.Социология на пороге XXI века: Новые направления исследований. М. 1998.

21.Булатова А.Н., Исмагамбетова З.И. Курс лекций по социологии. А., 2001.

22.Кравченко А.М. Социология. М.1998.

23.Филиппов Ф.Р. Социология образования. М. 1980.

24.Аитов Н.А. Социология образования. Алматы. 2000.

25.Н.С.Аитов., К.У.Биекенов. Социология. Алматы. 2002.

26.Фролов С.С. Основы социологии. Учеб. пос. М. 1997. гл.12.

27.Жакупова Т. Этнополитика. Костанай. 1998.

28.Буданцев Ю.П. Социология средств массовой информации. М. 1997.

29.Егоров В.А. Телевидение и власть. М. 1997.

30.Мельник Г. С. Маss-media: психологические процессы и эффекты. СПб. 1996.

31.Батыгин Г.С. Лекции по методологии социологических исследований. Учебник. М.1995.

32.Бутенко И.А. Организация прикладного социологического исследования. М.1998.

33.Ядов В.А. Социологическое исследование. Методология. Программа. Методы. М.1972.

34.П.Штомпка. Социология социальных изменений М., 1996. 109-110-б.б.

35.К.Ясперс Смысл и значение истории. М., 1994. 358-365-б.б.

36.Иекенов А.И,А.Д Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері.Оқу құралы.Алматы: Экономика,2004.

37.Садырова М.С.,Мәуілшіріп М.,Әженов М.С. және т.б. Социология негіздері.Оқу құралы.Алматы,2003.

38.Әженов М.С.Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.Оқу құралы.-Алматы «Қазақ университеті» 2002.

39.Рахметов Қ.Ж.,Болатова А.Н.,Исмағамбетова З.Н. Социология.Алматы,2005.

40.Сәрсенова Ж.Н.,Тәңірбергенқызы Г.Әлеуметтану.Оқу құралы.Алматы:РБК ,2000

41.«Қазақстан Республикасының білім туралы заңы» Егемен Қазақстан 1992.6наурыз.

42.Әженов М.С.Кедейлік социологиясы.Оқу құралы.-Алматы «Қазақ университеті» ,2004.

43.Әлемдік әлеуметтану антологиясы.М.Тәжиннің редакциялауымен.Алматы,2005.1-2кітап

44.Арғынбаев Х.А.Қазақ халқындағы неке мен семья.Алматы,1973.

45.Қалдыбаева Т.Ж.Білім социологиясы.Алматы,1997.университеті.

46.Социологиялық сөздік.Алматы: Қазақ университеті,2004,2008.

47.Тұрғынбаев Ә.Х.Социология.Алматы.Білім,2005.

48.М.Тәжин,Б.Аяғанов.Социология негіздері. Алматы. «Ана тілі» 1993.

49.Танат А.С.Әлеуметтану.Оқу құралы.Ақтау,2010.

50.Қарабаев Ш.К.Әлеуметтану негіздері.Экономика аспасы.Алматы,2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]