Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
леуметтану ЭУМКД - копия.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
272.9 Кб
Скачать

6. Ш.Есенов атындағы кмТжИу-дің профессорлық-оқытушылық құрамының шығарған оқу құралдары.

Автор (ы)

Атауы

Басылым, шыққан жылы.

Басылым түрі.

Кітапханадағы экземпляр саны.

1.

Таңат А.С.

Әлеуметтану

2013

Оқу құралы

2.

7. Әдістемелік нұсқаулық.

Атауы

Автор (ы)

Басылым, шыққан жылы.

Кітапханадағы және кафедрадағы

экземпляр саны.

1.

Тәжірибе түрлері бойынша әдістемелік нұсқау.

-

-

-

2.

Дипломдық жұмыс(жоба) орындау бойынша әдістемелік нұсқау.

-

-

-

3.

Білім алушылардың қорытынды аттестациясы бойынша әдістемелік нұсқау.

-

-

-

8.Әдістемелік нұсқаулық.

Атауы

Автор (ы)

Басылым, шыққан жылы.

Кітапханадағы және кафедрадағы

экземпляр саны.

1.

Пәнді оқып үйрену бойынша әдістемелік нұсқаулық:

Социология пәнi бойынша тесттiк тапсырмалар жинағы: барлық мамандық студенттерiне арналған оқу әдiстемелiк құрал

Г.Е.Өтесова, С.Н.Атшыбаева

Ақтау, 2006 ж.

2

2.

Тұрпаттық есептеулер бойынша есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

-

-

9. ЭПОӘК

Оқу дәрісінің түрі.

Бағдарламалық өнім атауы

Арналуы

1.

Контенты

-

-

2.

Лекциялар курсы

-

-

10. Лекциялар курсы.

Атауы

Автор (ы)

Кафедрада, лектордың қолында

1.

Лекциялар тезисі

Әлеуметтану

Аға оқытушы

Өтесова.Г.Е.

Дәріскердің қолында

2.

Иллюстративті материал

3.

Таратылатын материалдар

11.Сөж үшін материалдар

Атауы

Автор (ы)

Кафедрада бары

1.

СӨЖ үшін тапсырмалар (рефераттар,баяндамалар және т.б.)

Өтесова.Г.Е.

+

2.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі. (4,5 пункте көрсетілген).

12.Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

Мамандандырылған арнаулы зертханалар (аудиториялар, кабинеттер) .

Наименование и принадлежность помещения

Количество посадочных мест

1.

6. Дәрістер кешені (дәріс тезистері, иллюстрацияланған және таратылатын материалдар; ұсынылатын әдебиеттердің тізімі).

1-дәріс. Әлеуметтану әлеуметтік –гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» -латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейінннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.Түптеп келгенде , қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану – қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Әлеу «социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам көлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады. Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

1.жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық әлеуметтану;

2.арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те атайды;

3.нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі болып келеді. Соның ішіндегі негізгілері:

1. Теориялық-танымдық қызметі.

2. Практикалық қызметі.

3. Идеологиялық қызметі.

Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары, бағыттары, жолдары жөніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде, айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі – идеологиялық қызмет. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір әлеуметтік-таптық қауымдастықтың құрамында, яғни, көбінесе қандай да болмасын бір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

2 дәріс.Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан біршама жас ғалым. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, әлеуметтанудың кеш пайда болуына қарап, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мысалы, философиялық, экономикалық, саяси, тарихи шығармаларда жалпы қоғам, оның элементтері және даму заңдылықтары туралы пікірлер пайда бола бастады. Осы орайда Ертедегі (Ежелгі) Шығыс өркениетіндегі – Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытайдағы қоғам туралы көзқарастарды айтуға болады. Мысалы, конфуцийшылар – қоғамтанушылар болып есептеледі. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің әлеуметтанулық мифтерінде қарастырылды. Мұнда «тірі жанға зиян келтірмеу» принциптерін ұстанды.Алайда Ежелгі Шығыстағы әлеуметтанулық ой-пікірлер прагматистік сипатта болды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырылды.Әлеуметтік теорияның бірқатар айқын элементтері Ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Дегенмен Ежелгі грек философтарының ішінде қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлген софистер де болды. Сонымен бұдан кейінгі дәуірлерде де: орта ғасырда, қайта өрлеу дәуірінде, жаңа дәуірде адамдардың қоғамдық өмірі жайында әр түрлі пікірлер болды. Бірақ, бұларды әлі әлеуметтанулық ілім деп есептеуге болмайтын еді. Өйткені бұлар тек әлеуметтанулық ойлар философиясы немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар деп аталады.

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сӛйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп көрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр: 1. қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану; 2. әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.

Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Г.Спенсердің есімімен

байланысты. Ол өзінің әлеуметтің көзқарастарын «Бастаудың негіздері» (1862), «Биология негіздері» (1864- 1867), «Психология негіздері» (1870-1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады. Г.Спенсер жас кезінен Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалында болып, эволюция үрдісімен айналысады. Спенсердің әлеуметтануының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция дамудың бірден-бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде Г.Спенсер осы идеясын терңдете келіп, қоғамды биологиялық организммен салыстырады. Сонымен ол эволюциялық кӛземелді дәлелдеу үшін қзінің алдына кӛптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды. Мұның өзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ ғылымда, өнерде, дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына көзін жеткізе түсті. Оның пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық процестің үш түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және жоғарыорганикалық. Ол эволюцияның жоғарыорганикалық түріне аса көңіл аударады. Өйткені ол қоғамның дамуы эволюциясын көрсетеді деп есептейді. Сондықтан әлеуметтану осы жоғарыорганикалық эволюцияны зерттеуі керек деп санайды. Қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы және эволюция принципін Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі және әлеуметтік реформаларды жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді. Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бірақ, бұл барлық жағынан емес дей келе Спенсер бұл екеуінің арасындағы 6 ұқсастықты атап көрсетеді.Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп айтуға болады:

1.ол қоғамды дискретті организм ретінде қарастырды;

2. Спенсер аналогиялық тәсіл арқылы ғылымға «құрылым», «функция» деген

ұғымдарды енгізді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол кӛптеген ғылыми еңбектер жазды. Соның ішінде оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бӛлінісі туралы» (1853), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Өзіне-өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) сияқты еңбектері жатады.Э.Дюркгейм қоғамдық ӛмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды да адамдардың мінез-құлқына , олардың сан-салалы қызметіне талдау жасауда индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың ӛзара әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен роль атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясының негізгі ережелері осылар.

Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864-1920) болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен өткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып жүр.М.Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына Г.Риккерт, К.Маркс, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Ф.Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер көптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтануды М.Вебердің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.М.Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның міндеттеріне біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды. К.Маркс пен Ф.Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт етіп қарастырудан бастады. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі, материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал жасайды. Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу маркстік әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды. Сөйтіп, ол адамдардың қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды.

Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегіресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың өкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечников болды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Өркениет және ұлы тарихи өзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап көрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы Л.И.Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп көрсетті. Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А.И.Стронин және П.Ф.Лилиенфельд болды. А.И.Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады.П.Ф.Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады. Субъективтік бағыттың көрнекті өкілдері П.Л. Лавров пен Н.К.Михайловский болды. П.Л.Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол – тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н.К.Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады. Анархизм бағытын қалыптастырған М.Бакунин мен П.Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы – ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды. Психолгиялық бағыттың өкілдері Е.В.Де-Роберти мен Н.Иуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П.Струве, М.Туган-Барановский, Н.Бердяев, С.Булгаков және т.б. болды. Олардың көзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады. Қазан төңкерісінен кейін ресейлік әлеуметтанудың дамуы шиеленісті жағдайда жүрді. Кеңе өкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының өрлеуі байқалды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы екі рет: 30-жылы және 60-жылдың басында әлеуметтануды марксизмге жау, жалған ғылым деп жариялады.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары, қөзқарастары қазақтың көзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың қатарында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және т.б. болды. Ш.Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің өркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның көзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, өз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Кейінірек Қазақстанның Ресейге қосылуы (бодан болуы), хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер де қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын біраз өзгеріске ұшыратты. Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан деп білді. Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың мүддесіне сай өлкені басқару жүйесін орнатады деп сенген болатын. Алайда , оның үміті орындалмады.Шоқанның әлеуметтік көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер тәрізді Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікіріне ұқсас. Алайда Шоқан олардың көзқарастарының төңірегінде қалып қоймады.Шоқан секілді қазақ қоғамындағы әлеуметтік проблемаларды зерттегендердің бірі – Ы.Алтынсарин болды (1841-1889).Ы.Алтынсарин білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамын надандық жайлап бара жатқанын айта келіп, халықты білім алуға шақырды. Сол себепті ол өзінің өмірінің 25 жылын жастарға білім беруге арнады. Ы.Алтынсарин ағартушы-демократ ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына, жергілікті өкімет орындарының озбырлық істеріне наразылық танытты. Қазақ халқының қамын жеп, мүддесін қорғады.Көшпелі қазақ елін отырықшылық өмірге, тек мал бағумен ғана емес, егін егіп, бау-бақша өсіруге шақырды. Дінді зерттеп, оған өзіндік үлес қосты. «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты кітап жазып, онда ислам діні туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын да зерттеді. Зерттеу объектісіне Торғай облысының халқын алды. Отырықшылықтың тиімділігін Ы.Алтынсарин оқу процесімен де байланыстырады. Отырықшылқ оқу процесінің үздіксіздігін, мектептердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп түсінді. . Ы.Алтынсарин отбасының мәселелеріне де көп көңіл бөлді. Отбасының қазақ қоғамында ерекше міндеттер атқаратындығына зор мән беріп, ата-аналардың ұл-қыздарын атастыру, некелестіру салт-дәстүрі жанұяның тұрақтылығын сақтаудың, туыстық қатынастарды нығайтудың құралы деп сипаттайды. Қазақ халқында жеті-сегіз атаға дейін қыз алыспау салты әлеуметтік нормаға айналғанын көрсетеді. Ыбырайдың әлеуметтану тұрғысынан қарастырған мәселелері, оның нәтижелері отандық әлеуметтану ғылымы үшін маңызы зор деп есептеледі.Абай Құнанбаевтың әлеуметтанулық көзқарастарынң қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық еңбектерімен танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды.Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселеллеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын билік, байлық, билік деңгейі айқындайтынын атап түсіндірді.

Абай қазақ қоғамын дамытудың құралы халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту деп есептеді. Ғылым әлеуметтік жағдайларды жақсартудың бірден-бір құралы деп қарай отырп, ғылымды игеру бүкіл прогреске жеткізетін жол деп түсіндірді. Абай дінге қоғамдық институт ретінде қарады. Абай дін мәселесін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде алға тартып, оның әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашады. Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Абай жек адам мен қоғам арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастың мазмұнына үңіліп, оған әлеуметтік процесс ретінде қарады. ХІХғасырдың аяқ шенінде ХХғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышпаев шықты. Олардың шығармалары қоғамдық ғылымда өшпес із қалдырды.Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының жетекшілері А.Байтұрсынов пен Ә.Бөкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аты аталған зиялылардың бәрінің еңбектеріне сараптама жасамай-ақ А.Байтұрсынов пен Ә.Бӛкейхановтың әлеуметтанулық көзқарастарына тоқталамыз.А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында өзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» көсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси көзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды.Ә. Бөкейханов (1870-1937) Ресей империясында саяси-әлеуметтік қарама-қайшылытар шиеленісіп тұрған тұста шыққан ірі тұлға болды.Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, әлеуметтік-саяси мәні бар зор тұжырымдар жасайды. 1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылыінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә.Бөкейханов сонда алғашқыда статист қызметін атқарып, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.Экспедициядағы жұмыс Ә.Бӛкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақтағы тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жете білуіне мүмкіндік жасады.

Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Символдық интеракционизм. Осы теорияның негізін салағн әлеуметтік философ Дж. Мидтің пікірі бойынша, саналы түрдегі «мен» әлеуметтік процестен шығады. Адамның әлеуметтендірілуі мен есеюі оның ролге ие болуы ретінде түсініледі. Феноменологиялық әлеуметтану. Оның негізін салушы А.Щюц адамдар қоршаған ортамен байланыста болады, оны сезімнің көмегімен таниды деп пайымдайды. Драматургиялық әлеуметтану. Бұл теорияны жасаушы Э.Гоффман адамдардың өзара әрекет ету ортасы – бұл ойын алаңы деп есептеді.

3-дәріс.Тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

Қоғам дегеніміз не, оның адам өміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан. Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы. Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.Өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2.Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3. Өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы

және тб.

4. Әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі.

Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екендігін өткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл өзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Вебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің өнімі болып табылатын, адамдардың өзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда өзін-өзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

Қоғам – адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын өзара әрекеттер жүйесі.Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы өзара әркеттердің жүйесі.Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып көрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады. Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы көптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік өсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы өндіріс дамуының нәтижесі, ал өндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.

Қоғамның даму сатылары.

Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.

Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы көсемшілік қоғам.

Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.

Төртінші саты - неолиттік революция.

Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы.

Алтыншы саты - аграрлық қоғам.

Жетінші саты – қазіргі заманғы қоғам.

Қоғамның көптеген түрлері болады және болған. Қоғамды жіктеу сол елдегі өндірістік қатынастардың сипатына, үстемдік етіп тұрған дінге, тілге, саяси жүйенің сипатына, техникалы даму деңгейіне байланысты алуан түрлі болып келеді. Қоғамды типтерге бөлуде 60-жылдары жаңа көзқарастар қалыптасты. Соған сәйкес, қазіргі ғылыми әдебиеттерде қоғам дәстүрлі,индустиарлды, постиндустриалды болып бӛлінеді. Дәстүрлі қоғамның мақсаты – билік, индустриалды қоғамның мақсаты – ақша, постиндустриалды қоғамның мақсаты болса – білім болып табылады. Қоғам мынандай қызметтерді атқарады: материалдық игіліктерді ндіру, дүниеге нәресте әкелу және адамды әлеуметтендіру, рухани игіліктерді өндіру және адамдардың белсенділігін зерттеу, еңбек өнімдерін бөлу, мінез-құлық пенқызметті реттеу және басқару

4-дәріс. Тақырыбы: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.

Қоғамдық өмірді реттеудің негізгі элементі әлеуметтік институттар болып табылады. «Институт» деген ұғым әлеуметтануға юриспруденциядан енген. Бұл ұғым әлеуметтануда әлеуметтік байланыстар мен субъектілердің мінез-құлқын әлеуметтік реттеудің әр түрлі ұйымдасқан формаларын тұрақты түрде тәртіптендірудің ерекше типін білдіру тұрғысында одан да кеңірек түсіндіріледі. Institutum сӛзі латын тілінен аударғанда – белгілеу, орнату, мекеме дегенді білдіреді. Әлеуметтану ғылымында «әлеуметтік институт» деген ұғымды алғаш қолданған Г.Спенсер болды. Әлеуметтік институттардың дамуын айқындаушы фактор деп ол тіршілік үшін көршілес қауымдастықтармен және қоршаған табиғи ортамен күресуді есептеді. Спенсердің пікірі бойынша, кез келген әлеуметтік институт белгілі бір функцияларды орындайтын әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады. Ал, Э.Дюркгейм әлеуметтік институттарды адамның өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды құралы ретінде қарастырды. Ол еңбек бөлінісі жағдайында ынтымақтастықты қолдайтын ерекше институттар құру керектігі жөнінде айтты. Әлеуметтік институттарды зерттеуге елеулі үлес қосқан тағы бір ғалым К.Маркс болды. Ол еңбек бөлінісі, туыстық құрылым институттарын, жеке меншік институттарын қарастырды. Институционализм бағытының (саяси экономияда) негізін салушы американ экономисі, әлеуметтанушысы, публицист, футуролог, философия ғылымдарының докторы (АҚШ-тағы Корнель, Чикаго, Стэнфорд, Миссури университеттерінде әр жылдарда сабақ берген, Нъю-Йорктегі әлеуметтік зерттеулердің Жаңа мектебінің негізін салушылардың бірі болған) Торстейн Бунде Веблен (1857-1929) болды. Ол өзінің «Парықсыз тап теориясы»(«Теория праздного класса») атты еңбегінде алғаш рет әлеуметтік институт ұғымына жан-жақты анықтама берді. Сонымен, әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік институттар белгілі бір ұйымдасқан құрылыммен байланысты нормалардың, жарлықтар мен талаптардың жиынтығы, ол арқылы қоғам қоғамдық өмірдің маңызды салаларында адамдардың қызметін бақылайды және реттейді. Әлеуметтік институттар болып табылатындар мыналар: меншік, мемлекет, саяси партиялар, отбасы, мешіт, шіркеу, еңбек ұйымдары, білім мен тәрбие беру мекемелері, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, әскер және т.б.Әлеуметтік институттар өздерінің міндеттерін қоғамдық қызметті, байланыстар мен қатынастарды тәртіпке салу, стандарттау мен формальдандыру есебінен орындайды. Бұл тәртіп орнату, стандарттау мен формальдандыру процесі институттандыру (институционализация) деп аталады. Инститтандыру дегеніміз, басқаша айтқанда әлеуметтік институттың қалыптасу процесі.

Әлеуметтік институттардың түрлері және атқаратын қызметтері

Әлеуметтік институттар бір-бірінен өздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді:

1.Экономикалық-әлеуметтік институттар – меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық өмірді әлеуметтік өмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты өндіру мен бөлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді.

2. Саяси институттар – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды көздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды.

3. Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен өндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтікжәне сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын өздерінің алдына мақсат етіп қояды.

4. Нормативті-бағыттаушы институттар – индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-өнегелік және этикалық негіздерді енгізу.

5. Нормативті-санкциялаушы институттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінез-құлықты қоғамдық-әлеуметтік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі.

6. Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар. Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді.

Әлеуметтік институттардың негізгі бес қызметін бөліп көрсеткен жөн. Олар:

1.Байланыстар мен қатынастарды айқындау, нығайту (бекіту) және ұдайы өндіру қызметі. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын бекітетін, стандарттайтын мінез-құлықтың нормалары мен үлгілерінің, құндылықтардың жүйесін жасайды. Сол институттың шеңберінде белгілі бір әлеуметтік бақылау жасалынады, ол сол институттың әрбір мүшесініңқызметі, байланыстары мен қатынастары орын алатын шеңберлер мен тәртіпті қамтамасыз етеді.

2. Келесі қызметі – реттеушілік қызмет. Бұл жоғарыда аталған қызметімен тығыз байланысты. Бұл қызметі арқылы әлеуметтік институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасау жолымен-мәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін қоғамның мүшелерінің арасындағы өзара қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді. Бұл функция қоғамның барлық мүшелерін қамтиды.

3. Біріктірушілік қызметі институционалдық нормалардың, ережелердің, санкциялар мен рольдер жүйесінің ықпалымен болып жатқан әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың топтасу, өзара тәуелділік және өзара жауапкершілік процестерін қамтиды.

4. Коммуникативтік қызмет жеке өзара әрекет пен ақпарат алмасудың негізінде іске асырылады. Институт мүшелерінің коммуникативтік байланыстарының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл институттандырылған рольдер жүйесі арқылы іске асырылатын формальданған байланыстар.

5. Тасымалдаушы (трансляциялау) қызметі әлеуметтік тәжірибенің тәртібінде көрініс береді. Әрбір институт құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін меңгеру негізінде индивидтің әлеуметтенуіне мүмкіндік беретін белгілі бір механизмдерге иелік етеді.

Міне, осы жоғарыда атап көрсетілген әлеуметтік институттардың айқын қызметтерімен қатар жасырын, латентті қызметтері де бар. Бұлар әлеуметтік институттардың қызмет етуінің қосымша, жанама нәтижелері. Мәселен, әлеуметтік институттар туралы ілімнің негізін салушылардың бірі Торстейн Веблен экономикалық институттың қызметі – азық түлікпен, баспанамен және т.б.-мен қамтамасыз етілудегі өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тұтынатын заттарды өндіру екендігін крөсетіп берді. Бірақ, аталмыш институттың қызмет етуінің нәтижесінде өндірілген материалдық игіліктер атақ-абыройға деген қажеттілікті де қанағаттандыра алады.

Әлеуметтік процесс ұғымы. Әлеуметтік процестің түрлері.

Әлеуметтік процесс – бұл адамдардың мінез-құлқының өзара байланысқан әрекеті, соның нәтижесінде өзгерістер іске асырылады. Көптеген басқа әлеуметтік әрекеттерден бөліп көрсетуге болатын бір бағыттағы және қайталанбалы әлеуметтік әрекеттердің жиынтығы әлеуметтік процесс деп аталады. Қоғамда әр түрлі ӛлшемдері бар көптеген әлеуметтік процестер орын алып жатады. Көбіне оларды төрт түрге бөледі: мақсатты, стихиялы, материалдық, рухани. Қандай әлеуметтік процесс болатындығына қарамастан, олардан туындайтын ӛзгерістерді үлкен үш топқа бөлуге болады: табиғаттағы өзгеріс, адамның өзі жасайтын өзгеріс, қоғамдағы өзгеріс. Алуан түрлі әлеуметтік процестердің ішінен ортақ беліглері бар процестерді Р. Парк пен Э. Берджес топтастырып берді. Соған сәйкес мынандай әлеуметтік процестің мынандай типтерін бөліп көрсетуге болады: кооперациялар, бәсекелестік, бейімделу, шиеленіс, ассимиляция.

5-дәріс. Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.

Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда көптеген концепциялар бар. Оларды топтастыра келе негізгі екі бағытты ажыратуға болады. Әлеуметтанушылырдың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін, яғни оның құрастырушы заттарын, процестерін нақты өмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал, екінші бір бағыттағы әлеуметтанушылар таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтікқұрылымды тек қана сананың, адам ойының нәтижесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, ал екінші бағыттағылар символдық интеракционизм деп аталатын топқа жатады. Біз осылардың ішінде бірінші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты басшылыққа аламыз.Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас (адамдардың қоғамдық жағдайының тепе-теңдігі немесе тең еместігі) болып болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылым қоғамдық қатынастардың осы екінші түріне жатады. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі бір-біріне өзара дәнекер болатын әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері мыналар:

1. қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына деген

меншік қатынасына байланысты пайда болатын таптар;

2. қала мен ауыл адамдары;

3. ой және дене еңбегінің өкілдері;

4. әлеуметтік-демографиялық топтар (жастар, әйелдер, еркектер т.б.)

5. ұлттық қауымдастықтар (ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар).

Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойыншаӘлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын теңсіздік те анықтайды. Айырбас теориясының тұжырымдамасы бойынша адамның атқарған қызметінің нәтижесін әділ бөлмеу процесінен барып теңсіздік пайда болады. Сонымен, қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б жіктелуі әлеуметтануда әлеуметтік стратификация деген терминмен сипатталады (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын атайды). Әлеуметтік стратификация – бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады.

Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда төменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды.Стратификация теориясының құрамдас бөлігі - әлеуметтік мобильдік теориясы. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтанулық категория ретінде индивидтің әлеуметтік құрылымдағы өзгерісін бейнелейді. Әлеуметтік мобильдік дегеніміз – адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобильдік категориясын 1927 жылы әлеуметтануға орыс-американ ғалымы П.Сорокин енгізді. Әлеуметтік мобильдік түсінігін талдаудың методологиялық теориясы және әлеуметтанудағы әлеуметтік-құрылымдық бағыт болып есептеледі. П. Сорокин әлеуметтануда алғаш рет әлеуметтік мобильдік түсінігінің анықтамасын жасап, оны зерттеу принциптерін негіздеді. Осы проблемаға байланысты ол «Әлеуметтік мобильдік» деп аталатын еңбек жазды. Ол әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп екіге бөлді.Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуында негізгі екі тенденция байқалады. Оның біріншісіне қоғамның белсенді түрді әлеуметтік тұрғыда жіктелу процесі, халықтың жаңа әлеуметтік топтары мен қабаттарының пайда болуы жатады. Екінші тенденция – бұл бүкіл дүниежүзінде жүріп жатқан экономикадағы интеграция процесі, ол қоғамның әлеуметтік құрылымына сөзсіз әсер етеді. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы пирамида түріндегі геометриялық фигураға ұқсас. Келешек даму барысында осы сипаттағы әлеуметтік құрылым дамыған елдердегі тәрізді ромба түріндегі геометриялық фигураға ұқсауы тиіс.Келешек қоғам орта таптың қоғамы болуы тиіс.

-6дәріс. Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары.

Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғы шарты және субьектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеру және т.б. Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңнілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру- бұл біздің қоғам азаматы ретінде болмысымыз. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған:

- табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;

- биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

- тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және

дамитын факторлар, бұл биологиялық (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым

қуаламайды);

- әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен

қарым-қатынаста және өзара іс-әрект арқылы сіңісті болып, қабылдаған

белгілер.

Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың обьектісі және субьектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады. Адам-жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық ,«ерекшелік » дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал«жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әрекет жасайды. Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі.Тұлға дегеніміз бұл - индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.Әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады: 1)Тұлғаның іздену элементі; 2)Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретінде тұғаның өзін ұқсастыру процесінің үш түрі бар.1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2)Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық т.б.); 3) Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және тұлғаның әлеуметтенуі.

Әрбір тұлға белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт,жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары,туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипытын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін,саяси ықпалын,партияға мүшелігін,ұлтын, дінін, жас мөлшерін,отбасылық жағдайын және т.б. қамтиды. Бұларды Р.Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе зө кезегінде адамның өмірге келген сәтінен белгіленген, яғни субьектіден тәуелсіз туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің зө күшімен жеткен мәртебесі болып

бөлінеді.Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 30жж. Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдамада әр түрлі әлеуметтану ағымдарында,әсіресе құрылымдық-функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады.Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды,бұл рөлдер қоғамдағы кез-келген индивидтерге тән.Әлеуметтік рлө - бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлғааралық қатынастағы тұлғаның обьективті берілген әлеуметтік ұстанымы.Тұлғаның әлеуметтенуі топтық тәжірибенің негізінде іске асады. Шағын және ірі әлеуметтік топтардағы адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінің нәтижесінде адам қоғамда жинақталған білім мен тәжірибені, ол қалыптастырған құндылықтар мен нормаларды меңгереді. Әлеуметтендіру - ауқымды және қүрделі процесс.Ол өзінің табиғатынан әлеуметтік орта мен байланысты, әлеуметтік обьектісі және субьектісі тұрақты, адамның үздіксіз және қарқынды өзара әрекеті. Әлеуметтендірудің екі түрі бар.Бірінші әлеуметтендіру адамға өзін тікелей қоршаған ортаның,алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған-туыстардың, достардың, оқу және еңбек ұжымдарының, жұмыстағы тікелей басшылардың жәнет.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар, құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір-екі бағытта жүзеге асырады. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болады. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасөспірім, есейген, қартайған щақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

7Дәріс.Тақырыбы: Ауытқыған мінез-құлық және әлеуметтік бақылау.

Кез-келген қоғамның бүкіл өмірі дерлік ауытқушылықтың болуымен сипатталады. Әлеуметтік ауытқу, яғни, девиация кез-келген әлеуметтік жүйеде болады. Сондықтан мұндай ауытқулардың себептерін таба білу, олардың әр түрлі жағымсыз формаларын болдырмаудың жолдарын табу қазіргі заманғы кез-келген адамға тән болуы тиіс. Девиация (әлеуметтік ауытқу) дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамда қалыптасқан нормаларға мойындалған шаблондарға және мінез-құлық стандарттарына жауап бермейтін адамдардың, әлеуметтік топтардың қылықтары, жүріс-тұрыстары.Ауытқыған мінез-құлық тұжырымдамасының пайда болуы француз әлеуметтанушысы Э.Дюркгеймнің есімімен байланысты. Ол өзінің бүкіл қызметі барысында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктің себептерін айқындауға айрықша көңіл бөлді. Әлеуметтік интеграция қай кезде болады, яғни қоғамның мүшелері немесе әлеуметтік топтар ондағы өмір сүріп тұрған нормаларға ерекше мән бергенде, өздерінің өмірлерінде осы нормаларды басшылыққа алғанда әлеуметтік бірігу орын алады. Егер индивид жалпы (ортақ) нормаларды сақтағысы келмейтін болса, онда аномия пайда болады, яғни, бұл дегеніміз – қоғамның мүшелерінің айтарлықтай бөлігі өздеріне міндеттелетін нормалардың бар екендігі жөнінде біле тұрып, оларға бей-жай, қалай болса солай қарайтын қоғамның жай-күйі. Бұл жағдай қоғамның әлеуметтік құрылымының күрт өзгеруімен, мысалы, күтпеген жерден экономиканың өрлеуімен немесе оның дағдарысқа ұшырауымен байланысты орын алуы мүмкін. Әлеуметтік ауытқулар жеке (индивидуальном) деңгейде де, бұқаралық (массовом) деңгейде де қарастырылады.Жеке деңгейде белгілі бір адамның нақты іс-қылығы (не болмаса ұжымның қызметінің актісі, халықаралық қатынастардағы мемлекеттік акциялар) қарастырылады; бұқаралық деңгейде - әлеуметтік нормалардың бұзылу жүйесі түріндегі актілердің жиынтығы қарастырылады. Әлеуметтік нормалардан индивидуалдық ауытқудың құрылымын қарастыра отырып, ең алдымен мынаны атап көрсеткен жөн: егер де әлеуметтік норманы іс-қылықтардың эталоны деп қабылдайтын болсақ, онда бұл эталоннан ауытқу әр түрлі бағыттарда жүруі тиіс. Адамдардың іс-қылығы (поступок) объективті және субъективті белгілер бойынша, мақсаттары мен мотивтері, тікелей және жанама нәтижелері бойынша әлеуметтік нормаға жауап бере алмайды. Ол жаңашыл немесе консервативті, пайдалы немесе зиянды, кездейсоқ немесе әдеттегідей және т.б. болуы мүмкін. Ал бұқаралық құбылыс деңгейінде әлеуметтік ауытқу қоғамдық өмірдің элементі ретінде, оның тілекке сай емес әлеуметтік процесі ретінде көрініс береді.Девиацияның неғұрлым жарқын мысалдары – адамзатқа тән емес, әрдайым айыптаушылықты тудыратын қылықтар – мысалы, адам өлтіру, адам зорлау сияқты. Алайда тек осының негізінде ғана девиацияға нақты анықтама беру қиын. Ӛйткені, тіпті адам өлтірудің өзін ақтап алатын кездер болады, мысалы, соғыс уақытында. Сонымен қатар, девианттық мінез-құлықтың деңгейін айқындайтын жағдайлардың да уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындығын айта кеткен және, мысалы қазіргі кезде ХХ ғасырдың бас кезіндегіге қарағанда шылым шегушілерге деген қарым-қатынас нашақорлықпен ұқсастырылады. Девиацияны айқындаудағы екінші тағы бір проблема мінез-құлықтың күтілетін тұстарының екі ұштылығымен (анық еместігімен, белгісіздігімен) байланысты. Кейде бұл қағида мүлдем түсініксіз болып көрінеді. Айталық, көшені абайсызда кесіп ту әрқашан девиация болып табыла ма деген сұрақ туындайды. Бір жағынан бұған заңмен тиым салынған, ал екінші жағынан бұл жағдай кеңінен таралған. Яғни, әзірге көліктердің жұмысы бұзылып немесе бұдан біреу зардап шеккенге дейін бұл жағдай жартылай легальды деп есептеледі.Ауытқыған мінез-құлықтың себептері мен түрлері.Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер төмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: төменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы төмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Девиацияны түсіндірудің биологиялық типінің өкілдерінің бірі Шелдон болып табылады. Ол девианттардың белгілі бір дене құрылымы бар екендігі жөнінде және осы дене ерекшеліктері девиацияға себеп болатындығы жөніндегі теорияны ұсынды. Осы сияқты девиацияны биологиялық түсіндірудер ХХ ғасырдың басында да танымал болғанымен, оларды кейінгі зерттеу нәтижелері ығыстырып шығара бастады. Психоаналитиктер болса, девианттық қылықтар мен көптеген психологиялық проблемалардың арасындағы байланыстарды анықтайтын теорияны ұсынды. Мысалы, австриялық дәрігер-психиатр Зигмунд Фрейд«өзін кінәлі сезінетін потенциалды қылмыскерлер» туралы ұғымды енгізді. Яғни, өздерін кінәлі деп есептегендіктен ұсталып, жаза тартуды қалайтын адамдар туралы. Алайда, бір ғана психологиялық ерекшеліктермен қылмыстың немесе мінез-құлықтың басқа да типінің мәнін түсіндіруге болмайды. Девиацияның пайда болуының алуан түрлі социологиялық теориялары да бар. Мысалы, өзінің аномия теориясында Э.Дюркгейм девиация – бұл көбіне өзіне-өзі қол жұмсау деп, ол нормалардың жоқтығынан болады деп есептейді. Осы теорияны дәлелдеуші американдық әлеуметтанушы Р.Мертон девиация қоғамның мақсаттары мен оған қол жеткізудің мойындалған құралдарының арасында алшақтық пайда болған кезде орын алатындығын тұжырымдады. Шоу мен Маккей негізін салған әлеуметтік азғындау теориясы бойынша девиацияның көптеген түрлері мәдени құндылықтар, нормалар мен әлеуметтік байланыстар әлсіреген кезде, немесе олар қарама-қайшылыққа ұшыраған кезде немесе мүлдем болмаған жерде туындайды. Әлеуметтік ауытқушылықтың типологиясы бұл құбылыстың алуан түрлілігін көрсетеді, оларды бөліп тұратын шекараларды айқындауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік ауытқушылық бірнеше себептер бойынша классификацияланады. Солардың ішінде кең таралғаны бұзылатын норманың (құқық, мораль, қатынас ережесі және т.б.) типі бойынша ауытқудың әр алуан түрге бөлінуі. Соған байланысты жағымсыз ауытқу қылмыс, басқа да құқық бұзушылық (әкімшілік, азаматтық, еңбекке қатысты, қаржылық және т.б.), адамгершілікке жат қылықтар және т.б. болып бөлінеді. Бұл классификацияның практикалық мәні оған қатысты қандай жаза тағайындалатындығымен, сондай-ақ кінәлілерді анықтап, жазалауға байланысты болып келеді. Бұзылатын нормалардың сипаты бойынша ауытқуды ұлттық деңгейдегі және халықаралық деңгейдегі ауытқу деп те бөлуге болады. Мінез-құлықтың көптеген түрлері белгілі бір елдегі өмір сүріп тұрған құқық нормаларының, моральдың, үлгі-өнегенің, әдет-ғұрыптардың бұзылуы болып саналса, оның кейбір түрлері халықаралық құқық пен моральдың (агрессивті соғыстар, нәсілдік қорлаушылық, геноцид, халықаралық терроризм және басқалары) жалпыға бірдей қолданылатын нормалары мен принциптерінің бұзылуымен байланысты. Әлеуметтік ауытқудың объективті және субъективті жақтарымен байланысты тағы бір классификация бар. Ол екі топқа бөлінеді.а) экстравертивті (сыртқы ортаға бағытталған мінез-құлық, ол мақсатты, алдын-ала жоспарланған немесе аффективті болуы мүмкін, мысалы, отбасындағы дау-жанжал); ә) интравертивті (адамның өз-өзіне бағытталған мінез-құлық –ішімдік ішу, алкоголизм, өзін-өзі өлтіру, нашақорлық және басқасы).

Әлеуметтік бақылау.

Мұндай мінез-құлықтың бірінші тобы да, екінші тобы да әлеуметтік бақылаудың әлеуметтік нормаларымен және құралдарымен тартысқа түседі. Қоғамдық жүйе үшін жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік қауымдастықтардың, жіктердің, топтардың және т.б.-ының қызметінеәлеуметтік бақылау жасау өмірлік маңызды болып табылады. Әлеуметтік бақылау деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі. Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жөнге келтіру. Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.

11 дәріс.Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы.

Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып саналады.Сонымен қатар, отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Ал, неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып табылады.Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі.Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады. Әлеуметтану отбасына талдау жасағанда, ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп, некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп, әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз тӛңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты.Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір локалдануы, құрылымыжәне атқаратын әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктері арқылысипатталады. Отбасының локалдануы – бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қоймай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін мойындайды. Сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің өзара экономикалық көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Өйткені, отбасының құрылымы, тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты.Отбасылар да басқа әлеуметтік институттар тәрізді қоғамда белгілі бір функцияларды атқарады. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының функциясы дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік салдары бар оның қызметі. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбекке ынталылығына да байланысты. Өзге әлеуметтік институттардың міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасының қызметтері ерекшелікті және ерекшеліксіз қызметтер деп ажыратылады.Отбасының ерекшелікті қызметтеріне мыналар жатады:халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;балаларды асырап сақтау (экзистенциалды);балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру).Бұл қызметтер қоғамның әр дәуірде өзгеріске түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.Отбасының ерекшеліксіз қызметтеріне жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статус, өндіріс пен тұтыну, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық жасау (микроахуал) сияқтылар жатады. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен қоғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, яғни бұның барысында отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның тәрбиесі мен күтімі қалай жүретіндігі де назардан тыс қалмайды.Ажырасулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35-40 жаста) бала туу санының азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр түрлі аймақтарында, халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы 90-жылдарда орын алған экономикалық дағдарыс украин, орыс, неміс, кәріс диаспораларының да бала санын көбейтуіне кері әсер етті. Бұларда адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының мөлшерінің төмен болуы және т.б. себептер ата-аналардың қоғам алдындағы ерлі-зайыптылық парыздарын орындау арқылы өмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруларына кедергі келтіріп отыр.Әлеуметтанушылардың пікірі бойынша отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше стереотиптері бар. Олар: бала центризмі, бала профессионализмі,бала прагматизмі.Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар ерке, шолжың болып өседі, ата-анасының ескетулері мен тиым салуларын және өзіне жүктелген міндеттерді орындамайды. Ал, бала профессионализміне келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалар мен мектептердегі кәсіби-тәрбиешілердің, педагогтардың иығына артып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Прагматистік тәрбие баланы тәжірибелілікке үйретуге, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылыққа бағытталған, іскерлікке тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбиенің бұл бағыты әсіресе нарықтық экономикаға көшу кезінде кең түрде етек алды. Әлеуметтануда ажырасудың себептерін үш топқа бөліп қарастыруға болады:1. тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылардың бірінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің болмауы немесе оған деген ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі т.с.с. жатады.2. махаббат сезімінің жойылуы, отбасындағы өрескелдік, өмірге деген көзқарастың әр түрлі болуы, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуы, қызғаншақтық, күмәншылдық сияқтылар жатады.3. ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсуі, көзге шөп салу, жаңа сезімнің пайда болып, оның жаңа отбасын құруға итермелеуі, бұған ата-аналарының және басқа да адамдардың араласуы жатады.

Отбасының және некенің типтері.Отбасының құрылымдық типтері –ерлі-зайыптылық, тұрмыстата-аналық сипаттарға сәйкес пайда болып қалыптасқан құбылыс. Сондықтан отбасы құрылымын оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастар, рольдерді бөлісу мен ішкі билікті жүргізу анықтайды. Отбасының құрылымдық типінің ең кең тараған түрі – нуклеарлық немесе ерлі-зайыптылық отбасы. Оның негізін ерлі-зайыптылар мен олардың балалары құрайды. Яғни, мұндай отбасында екі ұрпақтың өкілдері өмір сүреді. Отбасының мұндай түрінің қалыптасуына қазіргі кездегі жүріп жатқан урбанизация процестері себепші болып отыр. Отбасының тағы бір түрі – туыстық тұрғыдан жақын жанұялар. Мұнда ерлі-зайыптылар өз балаларымен, ата-аналарымен және бауырларымен бірге тұрады. Отбасындағы билікті бөлу, лидерлікке байланысты отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі – авторитарлық немесе дәстүрлі отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақтың өкілдері тұрады. Билік жасы үлкен ер адамның қолында болады. Отбасындағы билікке байланысты жанұяның екінші түрі – эгалитарлынемесе демократиялық отбасы. Бұл отбасына мынадай белгілер тән:үй шаруасына қатысты міндеттердің әділ бөлінуі;ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселелерді шешуде бірігіп шешім қабылдауы;демалыстарын бірге өткізіп, бала тәрбиесіне бірдей қатысуы.Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, гетерогенді отбасында олар әр түрлі әлеуметтік топтардан, таптардан, касталардан тарайды.Сондай-ақ отбасын әлеуметтік және демографиялық белгілеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, білімі біртектес болса, ал, гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер әр түрлі келеді.Отбасы тұрған мекен-жайына қарай патрилокалды және матрилокалды болып жіктеледі. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар күйеуінің әкесінің үйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен күйеу жігіт әйелдің ата-анасының үйінде тұрады.Эванклюлелокалдық отбасы ерлі-зайыптылардың ағасының немесе әпкесінің жанұясымен бірге тұруымен сипатталады. Сол сияқты, егер жас жұбайлар ата-аналарынан мүлдем бөлек тұрса, оны неолокалды отбасы дейді. Әр қоғамдағы некенің түрлері де әр түрлі болады. Алайда кез келген қоғамда адамдар бас қосып, шаңырақ көтерердің алдындабірін-бірі сынап байқайды және некеге отыруға дайындалады, өзінің шешімінің дұрыстығына көз жеткізеді. Өйткені некеге отырған адамдар енді бірлесіп шаруашылық жүргізуге және балаларды тәрбиелеуге ден қоя бастайды, соған бел буады.Сондай-ақ, некенің түрлері де әр алуан болып келеді. Соның ішінде моногамия және полигамия деп аталатын некенің түрлерін атап көрсетуге болады. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Бұл түр ерлі-зайыптылықтың ең өркениетті түрі болып табылады. Алайда, қоғамның дамуы барысында некенің полигамиялық түрі де орын алды. Полигамия –бұл жұбайлардың, бірінің яғни бір әйелдің бірнеше ер адаммен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Теориялық жағынан алғанда полигамияның үш түрі болады. Оның біріншісі – топтық неке деп аталады (Маркиз аралдарында). Мұнда бірнеше еркек пен бірнеше әйел бір мезгілде некелік қатынаста болады. Келесі түрі –полиандрия бұл полигамиялық некенің өте сирек кездесетін түрі.

9-дәріс. Тақырыбы: Саяси әлеуметтануы.

Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Саясат әлеуметтануы – әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі 20ғ. 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталады, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып табылады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Әлеуметтік-саяси қатынастар саясат әлеуметтануының обьектісі.Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды. Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға мәдениетке, қызмет-әрекетке,олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Саясат әлеуметтануының пәніне – саясатпен тікелей байланысты қоғамның барлық саласымен құрылымының өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәнін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшеліктерін айқындау жөн. Заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік - саяси өмірдің өмір сүру заңдары және даму заңдары.Әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдарына әлеуметтік-саяси өмірдің әрекет ету заңы және оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әр түрлі элементтерінің, субьектілері мен обьектілерінің байланыстарын, олардың өзара іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бӛліну заңы, әр түрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы. Даму заңы – бұл әлеуметтік-саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады,өздерінің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық-саяси қозғалыс.Осы заңдарға сәйкес саясат әлеуметтануының категориялары қалыптасады. Олар: 1. Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет,билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм,ереуілдер, т.с.с.; 2. Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес, реформа, жариялылық, саясаттандырылған тұлға және т.б. Саясаттың ортақ мәселесі таптар,өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар, сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты,жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады.

Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар.

Субьектілердің саяси қызметі олардың саяси қатынастары арқылы жүзеге асады. Бұл тәуелсіз обьективтік сипатта болады. Таптар, басқа да әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар арасындағы саяси қатынастар, олардың саяси билік үшін күресінің немесе өзгеде саяси қызметтерінің нәтижесінде қалыптасып өздері осы қызметтің әлеуметтік формасы ретінде көрініп, сол қызметтің табысты болуының айғағы ретінде танылады. Саяси қатынастар сондай-ақ қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларындағы және рухани өміріндегі проблемаларға тікелей қатысты болады. Осыдан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат немесе мемлекеттік саясат немесе рухани мәденит саласындағы саясаты көрініс табады. Адамдар арасындағы саяси қатынастар олардың саяси мүдделерінің тікелей ықпалы мен қалыптасады. Қалыптасқан саяси қатынастардың өздері субьектілердің әр түрлі саяси мүдделерін тудырады. Бұл мүдделердің мазмұнын қоғамда нақты орын алып отырған саяси қарым қатынастардың мазмұны анықтайды. Сондықтан адамдардың саяси қарым-қатынастарды олардың саяси мүдделері ретінде көрініс табады. Адамдар арасында жанама түрде саяси қатынастар және белгілі бағыттар орныққан,сонымен қатар адамдардың саяси әрекеттері мен өзара әрекеттерінің жиынтығы саяси процесстердің мазмұнын құрайды.Саяси процестердегі саяси және өзгеде саналардың рөлі тұрақты түрде артады. Бұл сананың өзі уақыт ағымына орай тереңдейді және толығады, сондай-ақ адамдардың саяси мінез құлқына, мақсатты әрекетіне ықпал жасауға қабілетті болады,осылардың негізінде саяси процесс қалыптасады. Саяси процестер әр түрлі сипатта болады олардың сипаты оған қатысушылардың обьективтік саяси мүдделері мен саналы іске асыратын мақсаттарына тәуелді. Саяси процестер, әлбетте белгілі бір саяси институттардың қызметі арқылы іске асады. Саяси институттар - қоғамның саяси құрылысы мен өмір сүруінің бірегей органдары. Олар белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Бұлардың көмегімен қайсы бір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін жүзеге асырады. Қоғамның саяси институттарының ең маңыздысына саяси билік, құқық және идеология институттарын жатқызуға болады.Қоғамның саяси жүйесі мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы болып табылады. Өйткені олардың қызметі саяси сипат алған, яғни олардың қызметі белгілі бір таптардың,әлеуметтік топтардың, сондай-ақ ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделерін іс жүзіне асыруға бағытталған. Аталмыш жүйенің негізгі функцияларына әлеуметтік топтардың және ұлттық қауымдастықтардың арасындағы, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы кең көлемдегі саяси қатынастардың жиынтығын реттеу жатады.Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:-мемлекет органдары, оның заң шығарушы және атқарушы бөліктері;

-әскер;

-құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция; -мемлекеттік арбитраж;

-саяси партиялар;

-саяси қозғалыстар

-қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, жастар, шығармашылық, т.б. сол сияқты ұйымдар). Бұлардың қызметі белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін жүзеге асыру мен байланысты болады. Сондықтан белгілі дәрежеде саяси сипатқа ие болады.

10-дәріс. Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтануы.

«Экономика әлеуметтануы» термині XIXғ бастап қолданысқа енді, дегенмен мұндай атаумен еңбектер XXғ шыға бастады. Ең бірінші еңбек Бельгиялық әлеуметтанушы Г.Де Грефаның (1886-1964) «la sociologio economique» деген кітабы болды, ол 1904 жылы орыс тіліне аударылып «әлеуметтік экономия» деген атпен жарық көрді. Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б.з.д.3 мыңжылдық-б.з.XVIII) классикалық(XIXғ- XXғ) және қазіргі (XXғ соңы- XXIғ). Платон (б.з.д. 427-347) бірінші болып еңбектің «әртүрлі үйлесімдік» заңын орнатты. Ол адамдардың түрлі қажеттіліктері түрлі еңбекке қабілеттілігіне және түрлі еңбектің алуан түрлері сәйкес келеді деп есептеді. Еңбектің мамандандырылуы өнімнің сапасын жақсартуда және оның санын көбейтуде қажетті шарт болып табылады. Екі шартта қоғамның экономикалық дамуына аса қажет. Сонымен қатар, кім өзінің кәсібінде жақсырақ маманданса ,сол үлкен жетістіктерге жетеді. Атап айтқанда, гректер «экономика» немесе «ойкономика» сөзін ойлап тапқан, үй шаруашылығын меңгеру, сондай-ақ үй құрылысы, үй басқару. Басында «ойкономия» үйді басқару икемі, әке тегі, сол үйді басқару,яғни әйелін басқару, балалар мен қызметкерлкрін басқару дегенді білдірген. Платонда«ойкономия» саяси рең алған (полисті басқару), «койномия» ұғымы- тек қана отбасылық еңбекті ғана емес, сондай-ақ адамзаттық қарым- қатынасты, яғни адамзаттық қоғам дегенді білдіреді.Аристотель(б.з.д. 384-322) өзінің экономикалық ілімінде шаруашылықты жүргізудің 2 типін белгілейді: натуральды, тауарлық емес-ойкономия және ақшалық-хрематистика (chrematico-ақша істерімен айналысу). Ойкономияда үй басшысы үй ішіндегілер арасындағы қатынас заңды құжаттармен тіркелмеген, олар келісімді болған. Хрематистикалық қатынастар осы келісім негізінде құрылады. Бұл қоғамдағы заңды және физикалық тұлғалар арасындағы формалльды қатынастар еді, тек олар жекелеген отбасы іщінде емес еді.Англиялық ғалым Адам Смит(1723-1790) алғаш рет еңбек бөлінісі туралы жүйеленген ілімді ұсынған еді, ол өнімділікті ынталандырудың себебі болды.Ол еңбек бөлінісі өнімділікті үш тәсілмен арттырады деп есептеді: әрбір жұмысшының жылдамдығын арттыру арқылы; бір жұмыстан екіншісіне ауысқан кезде уақытты үнемдеу арқылы; еңбегін жеңілдететін және қысқартатын машина ойлап табу мен жасаушыларды ынталандырудыарқылы.Шарль Фурье(1772-1837) адамдарды қорлайтын еңбектің тар мамандануын және еңбекті өзгерту принціпін ұсынды. Кейіннен К.Маркс пен Ф.Энгельс шығармаларында жан-жақты дамытылған еңбекті өзгерту адамның еңбекке мүдделігін және уәждерін сақтаудың тәсілі қызметін атқарады. Еңбек бөлінісінің пргрессивті рөлін жоққа шығармады және оған тарихи қоғам дамуы механизмне маңызды рөл берді. Олардың пікірінше еңбек бөлінісі қоғамның әлеуметтік құрылымын жасап қана қоймайды, ол екі антогонистік топтардың қанаушылар мен қаналушылардың жіктелуіне әкеледі. Біріншісі екіншісінің еңбегімен жасалған өнімді иемдену мен қүн көреді. Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі мен пәні. Экономикалық әлеуметтанудың пәні экономика саласындағы әлеуметтік қатынастар (еңбек, жеке меншік, өндіріс, бқліс, айырбас және тұтыну),сондай-ақ экономиканың макроэкономикалық заңдылықтармен өзара әрекет нәтижесінде олардың дамуына әсері. Экономикалық әлеуметтанудың обьектісі – әлеуметтік-экономикалық процестердің күрделі динамикалық жүйесі, ол экономика және әлеуметтік саланың өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады, яғни бұл әлеуметтік процесс ретінде экономиканың дамуы.Олардың құрамына саладағы адамдардың әлеуметтік қатынастары,осы адамдардың әлеуметтік-экономикалық жіктелуі және олардың түрлі әлеуметтік таптарға бөлінуі жатады. Сондай-ақ әлеуметтік- экономикалық процеске олардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық коммуникациялар, әлеуметтік-экономикалық статустардың көптүрлілігі мен рөлдері, тауар түрлері жатады.Жалпыәлеуметтанулық және экономикалық заңдар.Әлеуметтік тұтастықтың заңы – қоғам әлеуметтік жүйенің біртұтас организмі болып саналады. Оның біртұтастығын оның барлық салалардың бір бірімен тығыз байланысты көрсетеді(экономикалық, саясаттық,рухани, әлеуметтік).Даму заңында қоғам жүйе ретінде тікелей дамуда болады.Бұл процестің қозғаушы күштері және мүдделері бар,өз ерекшеліктеріне қарай нақты кезеңдері бар. Кез-келген құбылыстың немесе оқиғаның қоғам өмірінде өзінің эволюциясы және әлеуметтік түп-тамыры болады. Құрылым заңы. Қоғам біркелкі болып табылмайды,бірақ өзара байланысқан және өзара әрекет ететін институттардан, топтардан, қауымдардан және олардың арасындағы қарым-қатынастардан тұрады. Қоғамдық қажеттілік пен қызметтің өзара байланыс заңы. Адамдардың әлеуметтік қасиеттіліктерін олардың қызметі анықтайды.Өз кезегінде әлеуметтіктің өзі ең алдымен қызмет кез-келген қоғамда қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың іргелік базасы қызметін атқарады. Бәсекелестік заңы«қонкуренция – тек өзінің маркасына тұтынушылардың қөңілін аударту мақсатындабіркелкі тауарлар шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік, бақталастық». Рыноктық экономиканың маңызды механизмінің бірі ретінде бәсекелестік өндірісте экономикалық тиімділіке және барынша кіріс табу үшін, қажетті жағдайларды жасайды. Сұраныс заңында өнімнің өтім көлемі мен бағасының арасында өзара кері байланыс болады. Мұнда тауар бағасы сұраныс көлемінің басты факторы болып табылады.Тауардың рыноктық бағасы қаншалықты тӛмен болса, оған деген сұраныс, тауарды қолданушылар саны да соншалықты көп болады.

Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері мен функциялары.

Экономикалық әлеуметтанудың міндеттері: қоғамның белгілі бір тарихи даму сатысында және белгілі бір экономикалық жағдайда әлеуметтік және экономикалық факторлармен процестердің өзара әрекеттерін зерттеу; белгілі бір тарихи кезеңде сол немесе өзге де әлеуметтік- экономикалық процестердің пайда болуы мен себептерін анықтау; экономикалық мінез-құлықтың әртүрлі типтерінің ерекшеліктерін және әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үрдісінде пайда болатын әлеуметтік қатынастарды зерттеу; қоғамның экономикалық саласының дамуына ықпал ететін және индивидтердің, қауымдастықтардың және топтардың экономикалық қызметін реттейтін әлеуметтік механизмдерді зерттеу болып табылады. Экономикалық әлеуметтанудың функциялары: танымдық функциясы қоғамның дамуының тарихи сатысында экономикалық үрдістерін әлеуметтік аспектілерін ерешектерін зерттеуді өз мақсаты етіп қояды, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестер қандай? деген сұраққа жауап береді; түсіндіруші функция-қайсы бір әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді тудыратын себептерді зерттеу; бағалау функциясы бұл қоғамдағы дамудағы экономикалық және әлеуметтік процестерге және адамдардың мүдделері мен қажеттіліктеріне ондағы әлеуметтік институттардың сәйкестігін талдау; болжамдық функция біршама ұзақ перспективада әлеуметтік-экономиканың дамуы болады-ау деген сценарилер мен болжауды жасауды анықтайды.

8дәріс. Тақырыбы: Білім беру әлеуметтануы.

Қазіргі өркениетте білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогресстің қарқыны, мәдениеттің жағдайы,адамның аман-есендігі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді. Білім әлеуметтануы – келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ғылымдардың бірі. Білім әлеуметтануы нені зерттейді? Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Білім әлеуметтануының обьектісі қызметін білім жүйесі және ол туралы ақпарат атқарады. Ал осы саланың пәні жӛніндегі анықтама белгілі бір пікір тартыстарын туғызады.Оқу адам өмірінің үлкен кезеңін қамтиды, оның жемісті шығармашылық жылдарын алып қояды. Орта деңгейлі кәсіби мамандыққа талпынған жас адам он үш жыл оқуы тиіс, ал жоғары білікті мамандық алу үшін оның оқуының мерзімі жиырма жылға жетеді. Оқу - адамның білім саласындағы негізгі әректінің түрі. Оқушының бүгінгісімен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары, түптеп келгенде, оқу қызметінің мазмұны мен анықталады. Әдебиеттерді оқу процесін белгілеу үшін мынандай терминдер қолданылады: оқу, білім беру, ғылым, білім және т.б. Бәріне ортақ ұғым ретінде «оқу»түсінігі алынған. Оқу термині басқа да мазмұнда да айтылып, тек білімді меңгеруді білдіріп қана қоймай, белгілі бір білім жүйесін(ғылыми, теория, тұжырымдама) игеруді білдіреді. Ресей ғылымында оқуды «білімді меңгеру ретіндегі» түсінудің теориялық негізін көрнекті психолог С.Л.Рубинштейн қалыптастырған еді. Ол оқу мен ғылыми танымды әртүрлі деп есептеді.Оқу, түптеп келгенде, ерекше жағдайда оқушыларға білім беру мен олардың танымын басқарудағы танымның түрлерінің бірі. Соған сәйкес оқудың негізгі компоненттеріне: талдау, синтез,абстракциялау, «бүкіл таным үрдісінің жалпы бӛлгіш» ретіндегі қорытындылау қызметін атқарады. Әлеуметтік өмірде оқу 1) адамның мадениетті меңгеруіне, қоғамдық практикаға, еңбек қызметіне кіруіне қажетті дайындық кезеңі; 2) оқудың фунциялары субьектіде қызметтің мәдени механизмдерін жасауға, яғни қайсыбір социумның мәдени жетістіктеріне негізделген қызмет болып табылады; 3) оқу тәжірибені меңгеруді ұйымдастырады;Орта оқу орнының қалыптасуы мен білім жүйесінің құрылымы.Мектеп - қазіргі білімнің негізгі, базалық институты. Оның өзіне тән функциясы – оқыту. Мектепті ұйымдастыру оқытушылар мен оқушылардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынасты бекіткен және солардан туындайтын басқа адамдармен өзара қарым-қатынастарды бекіткен. Әрбір мектепте оқытудың стандарты бар, оның міндеті оқушыларға белгілі бір деңгейде нақты міндеттерді атқаруға дайындау. Оқытудың басқа формаларынан мектепті әмбебаптық, көп тәртіптілік дайындық ерекшелейді.Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу обьектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді.Білім беруде келесі функциональді жүйешелерді бөліп көрсетуге болады:

- әр деңгейдегі басқару және үйлестіру;

- қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі;

- қызметтің ғылыми негіздерін жасауға, соның ішінде білім негіздерін

дайындауға жауапты жүйе;

- мамандар дайындау және олардың біліиін көтеру жүйесі;

- оқу-тәрбие қызметінің жүйесі;

- әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету,рекреация жүйесі;

- әлеуметтік-мәдени даму жүйесі;

-білім жүйесін дамытуға қатысатын қоғамдық бірлестіктер.

Білім мекемелері білім жүйесіндегі салыстырмалы түрдегі өз алдына жеке құрылымды көрсетеді. Алайда олар өз кезегінде бірнеше негіздер бойынша құрылымданады:

- білім беру деңгейі бойынша;

- стандарттаудың және біліми табыстарды құжаттандырудың сипаты

бойынша;

-меншіктік формасы мен мекемелердің жататын ведомствалары

бойынша;

-мекемелердің азаматтық ұйымдастырылуы сипаты бойынша;

-білімдік дайындықтағы жетекші пәндердің бағыты бойынша;

- білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы бойынша;

- білім дамуының типі бойынша;

-«нормальды» және балама;

Білім берудің негізгі функциональдық салаларына жататындар:

- өз бетінше білімін көтеру және білім беру;

- көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

- интеллектуалдық, гуманитарлық, политехникалық, жаратылыстану

ғылымдары, физикалық;

- іргелі-ғылыми және қолданбалы білім.

Білім беру жүйесінде индивидтердің және топтардың жіктелуіне сол қоғамда орныққан кешенді әлеуметтік өзгерістер себепші болды. Мұндай жіктелудің негізделуін щетелдік әлеуметтанушылар көбінесе жекелеген топтардан: орта мектепті бітірумілерден, студенттерден, мұғалімдерден іздестіруде. Шындығында жіктелу аса күрделі сипатта жүреді және оның негізделуі сол қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік теңсіздік жүйесімен ғана емес, сонымен қатар білім жүйесінің өзіндік құрылымының ерекшеліктерімен де байланысты болады.

12 дәріс. Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы.

Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән және оның өзіндік ішкі заңдылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Мәдениетті, оның сан қырлы әлеуметтік қызмет процесіндегі адамды елеулі күш ретінде қарастыруға болады. Мәдениет тұрғысынан қарастырылмайтын бірде бір қоғамдық күш жоқ. Мәдениет ұғымы бастапқыда жер өңдеу тәсілін білдірді. Оның бұл тар мағынасы 17-18 ғасырларда Еуропаның қоғамдық санасында кең қолданылған. Мәдениеттің онықты түсініктемесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Әлеуметтік ғылымдар мәдениетті ең алдымен нақты, яғни адам қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді. Мәдениет рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы іспетті және оларды жасаудағы, таратудағы және сақтаудағы адамның тіршілік еңбегі ретінде анықталады. Мәдениетті ішкі құрылымы бар. Себебі, ол адамзат қауымдастығынан тыс өмір сүрмейді. Сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және қауымдастық мәдениеті деп бөледі. Индивидтің жеке мәдениеті – бұл оның өзіндік тәртіп үлгілерінің, қызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының жиынтығы. Қауымдастық мәдениеті –шығармашылық туындылардың, қауымдастық мойындап қабылдаған ұндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, өмір сүрудің ортақ та міндетті ережелерін белгілейді. Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні:біріншіден, тұтастық ретіндегі мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа қоғамдық жүйелермен ӛзара әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің өзге элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі арақатынасына орай алынған мәдсоциодинамикасының, мәдени коммуникацияның әрбір элементтері бола алады. Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар көбіне-көп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. Адам қызметінің қанша түрі болса мәдениеттің де сонша түрі бар. Сондықтан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше маңызды. Мәдениет әлеуметтануының өзге әлеуметтану пәндері сияқты өзінің ұғымдық аппараты бар. Мәдениет негізгі үш буынды құрайды: когнитивтік, тәртіп, праксеологиялық. Когнитивтік буын мәдениеті адамзаттың жинақтаған дүниетанымдық парадигмаларын, білім, дағдысы, іскерліктерін -әлеуметтік қызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы ретінде сипаттайды.Адамның қызметі мәдениеттік «тәртіп» буыны арқылы да реттеледі. Мұндай реттеудің мақсаты – қоғамның әлеуметтік күтілімдеріне, қызметтің сәйкестігіне қол жеткізу. Когнитивтік және тәртіп буындары праксеологиялық буынмен синтезделеді. Бұл буын адамдардың мәдени қызметінің өзін реттейді. Сондықтан оны «мәдениетті ұйымдастырушы» деп те атайды.Мәдениетті атқаратын қызметтері: адам шығармашылдығы «басты функция; гносеологиялық; ақпараттық; коммуникативтік; құндылықтық-бағдарлық; нормативтік-реттеушілік.Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары.Әрбір мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері, белгілері болады, оларды мәдениеттің элементтері деп атайды. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне әдет-ғұрыптар, адамгершілік, заңдар, құндылықтар жатады. Әдет-ғұрыптар – ұжымдық әдеттермен бекітілген дәстүрлі тәртіптер.Адамгершілік – моральдық маңызға ие болған әдет-ғұрып.Заң – конституциялық негізде мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдарының қабылдаған нормативтік актісі.Құндылық мәдени нормалар түріне жатпайды, бірақ мәдениеттің нормативтік жүйесінің өзге де элементтері сияқты осы жүйеге енеді де, онда ерекше функция атқарады. Құндылықтар мәдениетте ненің қастерленетінін және сақталып қалатынын көрсетеді. Мәдениетті материалдық және рухани мәдениеттер деп бөлу қалыптасқан. Бұл толықтай мойындалған бөлу екендігі даусыз. ХХ ғасырдың 20-жылдарында бұқаралық мәдениет идеясы пайда болды. Бұқаралық мәдениет деп шынайы мәдениетке қарама-қарсы тұрған мәдениетті атайды. Үстемдік етуші мәдениетке орай субмәдениет, контрмәдениет деп аталатын мәдениет түрлері де бар.Әлеуметтанушылар кейінгі жылдары жастар субмәдениетіне де назар аударып жүр. Жастардың субмәдени белседілігі бірқатар алғышарттарға байланысты болады: 1. білім деңгейіне байланысты. Білім деңгейі төмен адамдарда бұл белсенділік білім деңгейі жоғарылардан әлдеқайда жоғары; 2. жас мөлшеріне байланысты. Мұндай белсенділіктің шарықтау биігі 16-17 жаста болады; 3. мекен-жайына байланысты. Формальды еместердің қозғалысы ауылға қарағанда қалада басым орын алып отыр, өйткені қалада әлеуметтік байланыстардың өте көп болуы құндылықтарды және мінез-құлық формаларын таңдауға нақты мүмкіндік береді. Субмәдениет үстемдік етуші мәдениетке ашықтан-ашық шиеленістік жағдайда, қарама-қарсылықта тұрғандықтан оны контрмәдениет деп те атайды. Басқаша айтқанда, контрмәдениет – қоғамда үстемдік етіп отырған нормалар мен құндылықтарға теріс көзқарастағы қайсыбір әлеуметтік топтардың нормалары мен құндылықтарының жиынтығы, кешені. Мәдениетті тоқтаусыз процесс ретінде де қарастыруға болады. Мәдениетте әрдайым жаңа шығармалармен қатар, жаңа мектептер мен бағыттар да пайда болады. Сөйтіп, мәдениет – аса күрделі және іштей қайшылықты жүйе. Бұл қарама-қайшылықтар мәдениеттің салыстырмалы түрдегі дербестігінесебепші болады.

13дәріс.Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы

Бұқаралық коммуникация ұғымы «коммуникация» (байланыс, ақпарат) термині (лат. тілінен «сommunicatio»-хабар, ақпарат және «сommunicare»-жалпылау, әңгімелесу, байланысу, хабарлау, жіберу) ғылыми әдебиетте ХХ ғасырдың басында пайда болды. Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады.Коммуникация - бұл адамдардың тіршілік әрекеті үрдісіндегі олардың өзара әрекетінің ерекшелікті формасы. Коммуникация негізінде қоғамда индивидуалды(жеке) және ұжымдық мінез-құлық қалыптасады. Коммуникация мынадай түрлі формада іске асады:тұлғааралық байланыстың тілдік және паралингвистикалық (ым, қылық); мәдениет саласында - әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары.Коммуникация адами белгілер жүйесі (тілдер) арқылы индивидтер, топтар, ұйымдар, мемлекеттер, мәдениеттер арасында жүзеге асырылады. Коммуникация тұтас белгі хабарларын алмасу ретінде адамдар арасында қарым-қатынас кезінде жүреді, онда білім, ойлар, идеялар, қарым-қатынас жасаушылардын көңіл-күй сезімдері мен бағдарламалары бейнеленген.Коммуникация индивидуалды және топтар арасындағы сөйлеу тәртібі қалыптасатын әлеуметтік келісу процессі. Сондықтан да әлеуметтануда коммуникация тұлғааралықпен қатар бұқаралық коммуникация кең түрде зерттелді.Әлеуметтану әлеуметтік факторларды, яғни бұқаралық коммуникацияның қоғамдық пікірді қалыптастырудағы әсерін, адамдардың әлеуметтік шындық пен құндылықтарға қатынасын зерттейді.Коммуникациялық процестің тұрақты элементері болып: 1)жіберуші (коммуникатор, хабарды тасымалдаушы); 2)канал немесе арна ақпаратты жіберу құралы; 3)жеке хабар; 4)ақпараттың бағытталған тұлғасы-алушы.Бұқаралық коммуникация (БК)-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, радио, киномотография,телевизиа), арқылы көпшілік аудиторияға адамдардың бағалау, көзқарасымен іс-қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі.Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары.Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жөніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады.Француз әлеуметтанушысы және криминалисті Г.Тард өзінің тұжырымдамасын өз әріптесіне қарағанда тереңірек қарастырды. Лебон секілді Тард адам тобыр арасында тым эмоцияға берілгіш, саналы ойламайды деп есептеді. Адамдардың тобырдағы орташа саналық денгейі, әрбірін санаған кездегі деңгейден төмен екендігін айтты. Егер Лебон тек «шашыраңқы тобыр» туралы айтса, онда Тард жаңа әлеуметтік бірлестік –публиканы ерекше бөліп көрсетті. Публиканың құрылуының негізіне ол бұкараға әсер ету тәсілін алды. Публика ортақ ақпараттың көздерімен біріккен әлеуметтік топ.Танымал «Қоғамдық пікір (1920ж)» еңбегінің авторы В.Липпман қазіргі заман адамындағы дүниетанымының қалыптасу процесі БК-ң ықпал етуі стериотиптер негізінде іске асады. БАҚ хабарлайтын фактілерді өздерінің қарауына сәйкес түрлендіреді, кейде оны өзгертіп те жібереді. Қоршаған орта туралы түсініктері жөнінде жүктеп, БК олардың сана-сезімдері арқылы адамдар әрекетіне ықпал етеді. Осылайша баспасөздің адамдарды шексіз билеуі жүзеге асады.Американ әлеуметтанушысы Г.Ласуэлль 1948ж. өзінің «Дүниежүзілік соғыстағы насихаттау техникасы» атты кітабында тұңғыш және ең танымал, бес элементен тұратын: кім? (хабарды жібереді) -коммуникатор, не? жіберіліп жатыр)-хабар: қалай? (жіберілудің іске асырылып жатуы) -арна; кімге?(хабарламаның жеткізілуі)- аудиторияға; қандай? (хабардың әсерлілігі)-нәтиже.«Ең аз мөлшердегі әсер» (минимальный эффект) теориясының негізін қалағандардың бірі Н.Лазерефельд болып табылады. Қоғамдық пікірді сайлау науқаны кезінде зерттеудің нәтижесінде, ол, БК-ң аудиторияға шектеулі түрде, яғни, белгілі бір дәрежеде ғана әсер ететіндігін қорытты. Бұл зерттеулердің қорытындысы ретінде БК-ң аудиторияға екі сатылы әсер ету моделінің пайда болуына әкеліп, онда басымдық күшті БК емес, көшбасшының тұлғалық ықпал етуі атқарды. Кейіннен, Дж. Клаппер БК құрылымының адамдардың өміріне ықпал етуі шексіз еместігін, дегенмен, қабылдаған аудиторияға әсер ете алады деген қорытындыға келді. Сондықтан, БК халықтын сана-сезімінің ауысуының негізгі себепкері бола алмайды.Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рөлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады:1) ақпарат көзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды;2) хабардың контексі маңызды болып саналады;3) ақпарат көзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы;4) референттік топтардың болуы маңызды.1953ж. К.Ховланд, А.Джанинс, Х.Келли «Коммуникация және сенім» атты кітәбін жарыққа шығарып сендіруші коммуникация тұрғысынан индивидтің(коммуникатор) екінші бір индивидтердің аудитория пікірін және мінез-құлқын өзгертуді ынталандыруды енгізетін процесс. Осынау енгізудің нәтижесі ақпараттың сапасы мен ақиқаттылығына, рецепиенттердің жеке тәжірибесі мен құндылық жүесінің негізінде анықталатын ақпарат көзінің мәртебесі мен беделіне де тәуелді болады.БК зерттеу жұмыстарында Б.Барельсонның жасаған аудитория қажеттіліктерін қанағаттандыру тұжырымдамасы аса үлкен рөлді атқарадыОның пікірінше БК аудитория қажеттіліктеріне бағыт ұстап ол белгілі бір дәрежеде ақпарат мазмұның анықтайды. Барельсон БК мен қоғамдық пікірдің өзара әрекеті туралы және де олар бір-біріне әсер етеді деген қорытынды жасайды. БК өзі қызметін іске асыру үшін, ол көпшілік аудиторияға назар аударып, оның қызығушылықтары мен дүниетанымын есепке алу тиіс. Сондай-ақ ол БК-ң қоғамдық пікірге ақпаратпен ықпал етуінен гөрі ақпаратты бағалау жағы басым деген қорытындыға келеді. Қоғам дамуын ақпараттық байланыстың техникалық құралдарымен байланыстырылған құрал теориясын жасап шығарған канадалық ғалым Г.М. Маклоэн болды.Маклоэн тұжырымдамасының басты тезисінде хабардың өзі құрал деп алады. Аудиторияға бағытталған ақпараттың сапасы, қабылдау деңгейі, сол ақпарат тасымалдайтын немесе жіберетін құрал немесе арна мен анықталады. Ақпаратты жіберетін әрбір құрал бір ғана арнайы тіл мен актуализацияландырылған әдіспен, қоғамға әсер ететін сол ақпараттың сипатын қалыптастырады соған сәйкес дүние қабылданады. Бұқаралық коммуникация жүйесінің құрылымы және бұқаралық коммуникация құралдарындағы жарнама.Өркениетті қоғамда баспа сөз, радио, және теледидар өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Адам санасына әсер ету процесінде БАҚ әрбір арнасы және жанрының ерекшеліктері бар.БК құралдары жүйесіндегі баспасӛз. Баспа ісі өнімдеріне газеттер, журналдар, кітаптар, альманахтар жатады. Ал коммуникациялық құралдарға нақты газеттер, журналдар, күнтізбеліктер жатады. Бұлар мұнымен қатар коммуникация басқа да қызметтер атқарады. Баспасөз арналары бойынша таратылатын, басылған мәтін ақпаратты тасушы болып табылады. Ақпарат берудің мұндай тәсілі көптеген артықшылықтарға ие:Олар мыналар1) оқырман белгілі бір материалдардың, газет немесе журналдардың кең мазмұны мен және қайсыбір материалдардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік алады.Ол мәтіндегі ең маңызды бөліктерін сақтап қалуға,өзін қызықтырған тақырыптар бойынша мәліметтер базасын құру мүмкіндігі бар;2) оқырман баспа өніміндегі ақпаратты қайталап оқу үшін,терең талдау және игеру үшін қайта орала алады;3) газет немесе журналды өзімен бірге алып жүріп, үзілістерде,транспортта, оқуға, басқаша айтқанда арнайы бос уақытын бөлуге мүмкіндігі болады;4) баспасөздегі ақпаратпен танысу психологиялық тұрғыда жайлы жерлерде іске асады. Ӛйткені оқырман ретінде оқу процесін ол жайлы темппен, ырғақта оқуға мүмкіндігі бар. Бұл баспасөздің оң жақтары; БК құралдар жүйесіндегі радио. Радио БК құралдары ретінде екінші болып пайда болған. Оның тұрақты түрде танымалдылығы мына себептерге байланысты.Біріншіден, радио халықты ең жедел ақпараттандырудың арнасы болып табылады.Екіншіден, радио БАҚ ішінде ең жайлысы болып табылады.Тыңдарманоның ақпараттарымен өз жұмысынан қол үзбей-ақ таныса алады.Үшіншіден, БК құралдары арасынан қаржының және ақпараттың жеткізілу мүмкіндіктеріне байланысты ең қолжетімді құрал. Шындығында, радио үлкен көлемдегі қаржыны қажет етпей-ақ, әлемнің барлық түпкіріне еркін тарала алады.Трөтіншіден, радио ақпаратты хабарлау мен қабылдауды қымбат техникасыз-ақ, бар ғаламға тарата алады.Сондай-ақ әлемдік қауымдастықты қалыптастыруда маңызды орын алатын бірінші халықаралық БК құралы.БК құралдары жүйесіндегі телевизия. БК құралдары ішінде уақыты бойынша соңында пайда болған телевизия болды. Телевизияның өз ерекшеліктері бар. Олар: кез-келген кеңістікте таратылып,бір уақытта үлкен аудиторияны қамти алады;радиодан артықшылығы аудиовизуалды көркемдік тәсілдерді қолданады,көру мен естуді үйлестіреді. Солардың арқасында телевизияны көпшілік көрермендер тез қабылдайды.Бұл ерекшелікті экрандық дейді; хабарды тікелей беруі мүмкіндігі болып жатқан оқиғаны бір уақытта және кескін арқылы көрсетуін теледидар дейді; теледидардың ойын-сауықтылығы аудиторияны қызықтыру мен назарын ұстап тұруда сан алуан ойын-сауқты берүдің алуан түрлі тәсілдерін қолданады; монтаждың техникалық мүмкіндектірі бейне-магниттік жазбаны тек бір тікелей хабарда ғана емес, басқа да хабар да және мазмұндас, тақырыбы ұқсас сюжеттерде де қолданылабереді, мұнда аудиторияға ақпараттық ықпал етудін басқа мақсаттары көзделеді.Жарнаманы зерттеушілер оны латын тіліндегі «reclamare» (жариялау,хабарлау және қарсы болу қанағаттанбау, осыдан «рекламация»-шағымдар айту) шыққан дейді.Жарнама адам өмірінің барлық кезеңінде де болып, сауда және айналым мағынасын білдіргенімен, оның көпшілікке бағытталуы, мыңдап тираждалуы ақпараттық құралдар нарығының пайда болуымен өркендеді.БК құралдары әрдайым жақсы төленген жарнаманы жасап шығарады. Жарнама қоғамдық пікірге әсер ете отырып, тұтынушыларға жарнамамен мадақталған тауарды т.б. сатып алуға итермелеп отырады. Сол тауардың қажет екендігін, оны сатып алуды үгіттеп,тауарды немесе қызмет көрсетуді жарнамалау арқылы, жанама сауда айналыманың нағыз жетекші күшіне айналып отыр. БК құралдарында жарнама көбінесе баспа, радио, телевизияда және сыртқы жарнамаларда хабарландыру түрінде колданылады.

14 дәріс.Тақырыбы: Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстарды, процестерді жете түсіну, жан-жақты түсіну нақты фактілерді жинаумен, талдаумен байланысты. Бұл әлеуметтанулық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асады. Нақты әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, олардың даму заңдылықтарын, нақты көрініс беруін тереңірек зерттеу болып табылады. Эмпирикалық әлеуметтану ппроцестер мен құбылыстардың мәнін теориялық тұрғыдан тануды, зерттеуді толықтыра түседі. Бұл қоғамдағы әлеуметтік шындықты түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті эмпирикалық талдау теориялық білімнің бастау көзі және негізі болып табылады. Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік құбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған қызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуідеп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер жөніндегі қоғамдық пікір жатады.Мұндай құбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпарат алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпараталамыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз және т.б. осындай сауалдарға жауап әзірлеуіміз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады. Ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру алдын-ала мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі?) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жӛніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен өңдеуден өткізіледі. Төртінші кезеңде алынған ақпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, соның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдері зерттелетін процестер мен құбылыстар жӛнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын кӛрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын құжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістемелік, зерттеуді ұйымдастырутарауларынан тұрады. Әдіснамалық тарауда проблема және оның тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні айқындалады, зерттеуде қолданылатын негізгі ұғымдары анықталады, көземел (гипотеза) құрылады;- әдістемелік таруында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды ӛңдеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бӛлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның осы үш тарауында қамтылған мәселелер анықтайтын болады. Бағдараламын әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды. Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгісіне қарай топтастырылады: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне қарай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына қарай; 5) оның тереңдік деңгейіне байланысты. Әлеуметтанулық зерттеу ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең күрделісі – талдаушылық. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және сыналған құралдарды талап етеді. Бұл зерттеудің кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар, оны тудырған басты себептер де анықталуы керек. Суреттемелік зерттеу ізденістің төе қарапйым түрі. Мұның басты мақсаты – зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу. Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда анкеттеу жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында.Әлеуметтанулық сауалнама - әлеуметтанулық ақпарат алудың негізгі әдісі.Әлеуметтанушыға бақылау жүргізу арқылы алуға болмайтын немесе құжаттарда жазылмаған құбылыстар мен процестер туралы ақпараттар өте жиі қажет болады. Мұндай ақпаратты сауалнама әдісін қолдану арқылы алуға болады. Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды –респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бӛлінеді. Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбатнамалық.Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш блөімнен тұрады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі, анкетаны толтыру ережелері кӛрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Төлқұжаттық бөлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы және т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұыжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар құрастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.Анкетаның сұрақтары негізгі үш топқа бөлінеді: 1.ашық түрдегі сұрақтар, мұның жауаптары анкетада көрсетілмейді, оны респонденттер өз қолдарымен жазып қайтарады;2. жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып көрсетіледі. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелектеп және т.б. етіп белгілейді. 3. аралас сұрақтар, бұл бірінші және екінші топтағы сауалдардың элементтерінен құралып, белгілі бір мөлшерде жауаптары жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]