- •2. Физикалық шамалар бірліктерін келтір
- •3. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мем-к жүйесінің құрылымы қандай
- •4. Физикалық шама деген не ж/е оның түрлері
- •5. Метрологияның аксиомалары мен постулаттарын келтір
- •6. Өлшем құралдары классификациясын көрсет
- •7. Өлшем құралдары не үшін мем-к реестрде тіркеледі
- •8. Өлшем құралдарының қателіктері ж/е олардың болу себептерін анықта
- •9. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдерін түсіндір
- •10. Өлшеудегі априорлы ж/е апостериорлы ақпараттың рөлі
- •11. Өлшеуге әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз. Өлшем қателігі деген не?
- •12. Стандарт деген не, оның түрлері , структурасы қандай?
- •13. Техникалық реттеудің мақсаттары қандай
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
- •2. Техникалық реттеу:
- •14. Стандарттау объектілері қандай болады?
- •15.Стандарттардың түрлерін келтіріңіз.
- •16. Стандарттау әдістері қандай болады?
- •I .Стандарттау нысандарын реттеу.
- •17. Стандарттаудың принциптерін түсіндіріңіз.
- •18. Параметірлік стандарттау және параметрлік қатар деген не?
- •19. Озық стандарттаудың ерекшелігі неде?
- •20. Кодтау және классификациялаудың бірыңғай жүйесі не үшін қолданылады?
- •21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.
- •22. Сертификаттауға қатысушылар кім?
- •23. Сынау зертханалардың функцияларын атап көрсетіңіз.
- •24. Сәйкестікті міндетті растаудың негізгі мақсаты неде?
- •25. Сәйкестік белгісі қашан қойылады?
- •26. Өнімнің өмірлік циклі деген не?
- •27. Сапа менеджмент жүйелері енгізудің тиімділігін көрсетіңіз.
- •28. Жылу энергетикасындағы сапа саласындағы мәселелерді шешу жолдары қандай?
- •29. Қр энергоүнемдеудегі iso 50001дің маңыздылығы неде?
- •Iso 50001 – международный стандарт – путь к энергосбережению
- •30. Тұтынушы құқығын қорғаудағы өнім сапасы қамтамасыздандырудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •31. Көлбеулік манометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •33. Тексеру кезінде ұзындығы 20мм мераның шамасы 20,0005 мм алынған. Абсолютті және салыстырмалы қателіктерді салыстырыңыз.
- •34. T уақыт моментінде жылдамдықты анықтау өрнегі мына түрде жазылған: а – үдеу. Формуланың дұрыстығын анықтаңыз.
- •35. Термостаттағы май температурасы үлгілі шыны термометр мен тексеруші бу аралас газ термометрмен өлшенеді. Бірінші көрсеткіш 111с – қа, ал екінші 110с-қа тең. Нақты температураның шамасын анықтаңыз.
- •36. Еңбек қауіпсіздігі және стандарттау
- •37. Экология және стандарттау
- •38. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
- •39. Саудадағы техникалық кедергілер түсінігі
- •41. Өнімнің қаптамасында қандай ақпарат көресетіледі.
- •44.Статистикалық мәліметтерге қандай талаптар қойылады.
- •45. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеуді классификациялау.
- •46.Метрологияның негізгі постулаты.Метрологияның негізгі аксиомалары.
- •47.Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.Өлшеу құралдарын калибрлеу.Өлшеу құралдарын сынау.
- •48. Өлшеудің принциптері. Әдістері.
- •49.Өмір сапасына стандарттау қандай әсер етеді?
- •50.Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •51. Өлшеудің қателігі, түрлері
- •52.Жүйелік қателік,оның түрлері.
- •54.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу алгоритмін көрсетіңіз.
- •55. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •59. Өлшеу құралдары, түрлері.
21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.
Сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қүжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рэсімі. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді. Сәйкестікті растау органы берілген сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімін мына жағдайларда тоқтатады: 1) сынақтан өткен өнімнің теріс нәтижелері; 2) сәйкестікті растау бойынша органға тиісті ескерту жасамай өнімнің құрылғысының (құрамының), комплектілігінің, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясының өзгеруі; 3) технология талаптарының орындалмауы; 4) өнімнің белгілі бір түрінің шығарылуының немесе қызметтер көрсетудің тоқтатылуы; 5) мемлекеттік бақылау барысында өнімніңтехникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда.
Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:
1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.
2. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.
Сәйкестікті растау саласындағы құжат — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.
Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж.б.) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.
Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.