- •2. Физикалық шамалар бірліктерін келтір
- •3. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мем-к жүйесінің құрылымы қандай
- •4. Физикалық шама деген не ж/е оның түрлері
- •5. Метрологияның аксиомалары мен постулаттарын келтір
- •6. Өлшем құралдары классификациясын көрсет
- •7. Өлшем құралдары не үшін мем-к реестрде тіркеледі
- •8. Өлшем құралдарының қателіктері ж/е олардың болу себептерін анықта
- •9. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдерін түсіндір
- •10. Өлшеудегі априорлы ж/е апостериорлы ақпараттың рөлі
- •11. Өлшеуге әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз. Өлшем қателігі деген не?
- •12. Стандарт деген не, оның түрлері , структурасы қандай?
- •13. Техникалық реттеудің мақсаттары қандай
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
- •2. Техникалық реттеу:
- •14. Стандарттау объектілері қандай болады?
- •15.Стандарттардың түрлерін келтіріңіз.
- •16. Стандарттау әдістері қандай болады?
- •I .Стандарттау нысандарын реттеу.
- •17. Стандарттаудың принциптерін түсіндіріңіз.
- •18. Параметірлік стандарттау және параметрлік қатар деген не?
- •19. Озық стандарттаудың ерекшелігі неде?
- •20. Кодтау және классификациялаудың бірыңғай жүйесі не үшін қолданылады?
- •21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.
- •22. Сертификаттауға қатысушылар кім?
- •23. Сынау зертханалардың функцияларын атап көрсетіңіз.
- •24. Сәйкестікті міндетті растаудың негізгі мақсаты неде?
- •25. Сәйкестік белгісі қашан қойылады?
- •26. Өнімнің өмірлік циклі деген не?
- •27. Сапа менеджмент жүйелері енгізудің тиімділігін көрсетіңіз.
- •28. Жылу энергетикасындағы сапа саласындағы мәселелерді шешу жолдары қандай?
- •29. Қр энергоүнемдеудегі iso 50001дің маңыздылығы неде?
- •Iso 50001 – международный стандарт – путь к энергосбережению
- •30. Тұтынушы құқығын қорғаудағы өнім сапасы қамтамасыздандырудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •31. Көлбеулік манометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •33. Тексеру кезінде ұзындығы 20мм мераның шамасы 20,0005 мм алынған. Абсолютті және салыстырмалы қателіктерді салыстырыңыз.
- •34. T уақыт моментінде жылдамдықты анықтау өрнегі мына түрде жазылған: а – үдеу. Формуланың дұрыстығын анықтаңыз.
- •35. Термостаттағы май температурасы үлгілі шыны термометр мен тексеруші бу аралас газ термометрмен өлшенеді. Бірінші көрсеткіш 111с – қа, ал екінші 110с-қа тең. Нақты температураның шамасын анықтаңыз.
- •36. Еңбек қауіпсіздігі және стандарттау
- •37. Экология және стандарттау
- •38. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
- •39. Саудадағы техникалық кедергілер түсінігі
- •41. Өнімнің қаптамасында қандай ақпарат көресетіледі.
- •44.Статистикалық мәліметтерге қандай талаптар қойылады.
- •45. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеуді классификациялау.
- •46.Метрологияның негізгі постулаты.Метрологияның негізгі аксиомалары.
- •47.Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.Өлшеу құралдарын калибрлеу.Өлшеу құралдарын сынау.
- •48. Өлшеудің принциптері. Әдістері.
- •49.Өмір сапасына стандарттау қандай әсер етеді?
- •50.Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •51. Өлшеудің қателігі, түрлері
- •52.Жүйелік қателік,оның түрлері.
- •54.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу алгоритмін көрсетіңіз.
- •55. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •59. Өлшеу құралдары, түрлері.
17. Стандарттаудың принциптерін түсіндіріңіз.
Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.
Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.
Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.
Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізуді талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.
Үйлестіру принципі. Бұл принцип үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
Жинақтылық және оңтайлы иіектеу принципі. Стандарттарды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.