Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

10. Ең алғашқы жазба материалдары

Папирус (грекше πάπυρος) – қамыс тектес өсімдіктен жасалған, жазуға арналған затын. Бұл затын ежелгі Мысырда және онымен көр­шілес елдерде қолданылды. Оны қалай дайын­даған? Сулы жерде өсетін, биіктігі 5 метрге же­тетін папирус деген өсімдіктің төмен жағын, жерден жоғары 60 см. кесіп алып, оның үш қырлы сабағын қабығынан аршиды. Содан соң өзегін ұзына бойына тіліп алады. Тілінді таспаларды екі-үш күн суда ұстайды. Суды жиі- жиі ауыстырып отырады. Су үнемі таза болуы керек. Суға салынған таспа тілінділер ісінеді, бу­­санады да бойындағы суға төзімсіз заттардан арылады. Жұмсарған таспаларды жалпақ тегіс тақтайдың үстіне жайып тастап, оқтаумен жұқарта жаймалайды. Одан соң қайта суға салады да бір тәуліктен соң тағы да оқтаумен жұқалайды, тегістейді. Бұдан кейін де қайта суға салып қояды. Осылайша бірнеше рет қайталағанда, таспа тілінділер әбден жұқарып, ақшылқоңыр түске енеді. Одан кейін теп-тегіс жерге әлгі тілінділердің бірінің ұшын біріне жалғап, қатар-қатар ұйқастыра тізіп шығады. Одан соң оның үстіне тағы бір қатарды айқас­тыра тастайды. Келесі кезекте табаны тегіс жалпақ таспен бастырады да шыжыған күннің астында қалдырады. Әбден кеуіп, қаудыраған папирус парағын арнаулы балғамен ұрғылап тегістейді. Бұдан әрі бөлек-бөлек парақша­лар­ды бірнен соң біріне жалғастыра желімдеп жапсырады. Сондықтан да ежелгі папирустар тас­падай ұзын болған. Ұзын болған соң шиыр­шықталған. Кейінгі нұсқалары кітап секілді пәттеленген, қатталған түрде кезігеді. Папирус басылымдарда жазылған мұраларды зерт­тей­тін ғылымды папирология дейді. Осы папирология ғылымының анықтауы бойынша, папирус басылымдар қатарында Аристотельдің «Афина саясаты» және Менандрдың Филодем Гадарскийдің шығармалары мен латын тіліндегі «Алкестида Барселонская» деген поэма сақ­тал­ған да, біздің заманымызға жеткен. Сондықтан да біз ол шығармалардың мазмұнымен қазір де таныса аламыз. Жалпы адамзатқа бопраз басылым­дар­дың 1800 данасы таныс. Ата-бабаларымыз қағаз, ағаш қиындылары мен қалдықтарының үйінділерін «бопыр» дейді. Бопыр – қамыс тектес суда өсетін биік ағаштың бір түрі. Сырты түкті болады. Соның қабығын сыдырып арқан ескен, басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар, жұ­қалап тоқып төсеніш жасаған. Таспадай тіліп айқастыра-ұйқастыра өріп, таптап, жұқалтым етіп күн көзіне асып қойып кептірген де жамылғы тіккен. Оны перде есебінде қолданған. Ол бопырдан жасалған бұйым тозғанда талшықтары бопырап, түте-түтесі шығып кетеді. Көпке шыдамайтындықтан қолданыстан ерте шығып қалады да бопырға айналады. Тез тұтанады. Тегінде осы «бопыр» анау «папирдың» ата­сы емес пе екен деп те ойлап қаласың...

Пергамент (Пергам қаласының атауынан) — пергамент жазу материалы ретінде б.д.д. ІІ-ғасырда жасала басталған. 1. Ірі қарамалдың және шошқаның өңделген, бірақ иленбеген терісі.Музыкалықаспаптар жасауға (соқпалы-барабан), тоқыма машиналарының кейбірбөлшектеріндеқолданылады; 2.Майөткізбейтін қағаз. Орама ретінде және техникалық мақсатта пайдаланады. Негізікүкірт қышқылы- мен өңделгенқағаздантұрады. Сонымен пергамент  алғаш  рет Греция елінде  пайда болған. Кіші  Азияның Пергам  қаласының атынмен  байланысты аталған. ХV ғасырдың аяғына  дейін қолданылған. Пергамент  малдың  терісінен  жасалған. Ол бүктеуге ыңғайлы  болған. Кейіннен  жеке парақтап  қиып, кітап жасаған.

Редакторлық басылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]