Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

8. Басылымдардың түрлеріне анықтама беріңіз.

Басылым түрлері - кейбір белгілері сипаттарының бірегейлігімен ерекшеленетін (мақсаттық бағыты және сипаты, материалдық құрылысы, мерзімділігі, құрылымы, таңбалы ақпараттық табиғаты) басылымды ажыратуға мүмкіндік беретін категория.

Осы белгілерге орай ғылыми, оқулық, анықтамалық, әдеби-көркем басылымдар, кітаптық, журналдық, мерзімді емес, мерзімді, ноталық, бейнелеу және картограф, т.б. басылымдар екенін ажыратуға болады.

Анықтамалық басылым - тез тауып алатындай етіп баяндалған, безендірілген және орналастырылған ғылыми, ғылыми көпшілік, үгіт-насихаттық немесе қолданбалы сипаттағы қысқаша мәліметтері бар басылым.

Анықтамалық басылымға жататын сөздіктер – ғылымның әртүрлі салаларында, саяси, экономикалық, іс жүргізуде қолданылатын терминдерді мәтіндейді. Көлемі 2 баспа табақтан кем емес.

Ноталық басылым- көлемінің ұлкен бөлігінсіз шығармаларының мәтін немесе мәтінсіз нота жазбалары алатын басылым. Кітап түріндегі ноталық басылымдардың шығарылым мағлұматтарынбезендіру, кітап басылымдарының шығарылым мағлұматтарын безендіруменұқсас екендігін ескеру керек.

Оқулық – бұл нақты пән бойынша негізгі оқу кітабы. Оқулықтың атауы Мемлекеттік стандартта көрсетілген атауға сәйкес болуы керек. Жеке курстар бойынша (оқу пәнінің бір бөлігі ретінде), егер курс мөлшерлі оқу жоспарына дара дидиактикалық бірлікке кіретін болса және оған оқу бағдарламасы әзірленіп жатқан жағдайда оқулық құрастыруға рұқсат етіледі. ҚР БжҒМ ресми бекітен осы басылым түрі ретінде. Көлемі 5 баспа табақтан кем емес.

Оқу құралы - оқулықты бүтіндей немесе жартылай толықтыратын немесе ауыстыра алатын оқу басылымы. Оқу құралы пәнді түгелдей емес, үлгі ретіндегі бағдарламаның бір бөлігін (бірнеше тарауын) ғана қамтуы мүмкін. Оқулықпен салыстырғанда, оқу құралына апробациядан өткен, көпшілікке танылған білім мен қағидалар ғана емес, мәселеге қатысты әр түрлі көзқарастар мен пікірлер де ене алады. Аталған басылым ретінде ресми бекітіледі.

Мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі — кітап. Кітап басу ісі 8—9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап — “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады.

Ал мерзімді басылымдарға журнал, газеттер жатады. Сонымен қатар сериялық кітаптар да жатады. Яғни, аты айтып тұрғандай мерзімді басылымдар арнайы уақытта басылып, оқырман назарына ұсынылады.

Балаларға арналған мерзімді басылымдар «Пионер», «Балдырған» журналдарының алғашқы сандарын көрмемізден көріп тамашалауға болады. Балаларға танымал шығармалар қатарында Т.Жомартовтың «Балаларға жеміс», «Балаларға тарту» атты оқу құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақ әдебиетіндегі балаларға арнап шағын әңгімелерді жазған М.Әуезовтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты жыр кітабын айтуымызға болады.

 Ғылыми басылымдар - теориялықжәнеэксперименталдықзерттеу нәтижелері және де баспаға ғылыми дайындалғанмәдениет ескерткіштеріментарихи құжаттаршығарылатын басылым.

Ал әдеби –көркем басылымдарға Көркем әдебиет шығармаларынан тұратын басылымдар жатады.

Сонымен, мерзімді емес басылым дегеніміз - бір рет жарық көріп одан соң жалғасы болмаған басылым. Сериалды басылым. Атауы бір, жалғасымдылығы алдын ала белгіленбеген, әдетте нөмірленген немесе мезгілі мен мерзімі көрсетілген, болмаса ортақ айдары тұрақты, белгілі бір уақыт ішінде жарық көрген басылым. «Отырар кітапханасы», «Алтын қалам» «Жұлдыздар отбасы» т.б. - мерзімді басылым: жарияланылған туындылардың бәріне ортақ атауы бар, белгілі мерзім аралығында мысалы күн сайын, күн аралатып, апта сайын, ай сайын, екі айда бір,тоқсан сайын, жылына бір рет тұрақты түрде, айнымас пішімі, безені, көлемі бар, бірақ мазмұны қайталанбайтын, шығарылымдық реттік саны, күні.айы, жылы көрсетілетін басылым, «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Түркістан», Ұлан», «Балдырған», «Алматы Ақшамы» Беймерзімді басылым: шығарылатын уақыты тұрақты емес, жалғасымдылығы қажетті материалдардың жиналуына байланысты, мазмұны қайталанбайтын, біртекті безені, ортақ атауы бар реттік саны міндетті түрде көрсетілетін басылым. Жалқы немесе дара басылым: ішінде жеке автордың бір ғана шығармасы бар басылым; Мысалы: М. Әуезов. «Абай». Көптомдық: Бір автордың туындылары, жанрына қарай халық шығармалары немесе тарихи мәні бар шығармалар, болмаса тарихи құжаттар, тарихи жәдігерлер тақырыбына қарай жүйеленіп әлденеше том етіп бір пішімде, біртекті безенмен шығарылған басылым. «Қолжазбалардың ғылыми сипаттамалары», ҚСЭ, «Батырлар жыры», «Ертегілер», «Тарихи жырлар» «Бабалар сөзі», классиктердің толық шығармалары, т.б. -жинақ немесе топтама: бір автордың бірнеше шығармасы немесе бірнеше автордың тектес туындылары жинақталған, топтастырылған басылым; -Ойқұрақ(дайджест):өзге басылымдарда жарияланған ерекше қызықты туындылардың кейде үзінді, кейде толық үлгілерінен құралған басылым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]