Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

8. Қазіргі кітап пен көне кітаптардың айырмашылығы қандай?

«Кітап – алтын сандық», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген даналарымыздың сөздері бекекр айтылмаса керек. Өйткені адамзат тарихының өзі кітап. Адам баласы жабырқаған сәтте де жанына медетті осы кітап беттерінен іздейді емес пе? Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. 

Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда,Римдеқыштекшелеріне, тақта тастарғасына жазуыменжазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырдақыштекшелердің орнынақамыс(папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісіГрекиямен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.

Бұрынғы кезде адамдар кітап жазу үшін табиғат ұсынған материалдарды пайдаланған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. Сонымен қатар, папирус және пергамент қолданылған. Осындай материалдармен кітап жазып шығару үшін ұзақ уақыт жұмсалған. Қытайда кітап жазу үшін бамбук және жібек маталары қолданылды. Алайда жібек өте қымбат материал, ал бамбук ауыр болып келеді. Сондықтан бұл материалдарды қолдану өте ыңғайсыз болған. 105 ж. қытай шебері Цай Луньқағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Ол кітаптарды адамдар өздері қолмен оюлап, сәндеген. Ол үшін түрлі-түсті бояуларды қолданған. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады. Қазіргі кезде мұқабалардың да бірнеше түрі бар. Кітап беттерінің, яғни колданылатын қағаздардың да түрлері көп. Қазір кітаптарды сәндеу үшін, қолмен салып қиналмайды. Себебі, техника дамыған. Компьютер арқылы кітаптың макетін жасап, сәндеп шығарамыз. Бұрын кітап мұқабалары өте қымбат материалдардан жасалған, форматы да үлкен болып келген және әшекейленіп, әдемі түптелген. Сол себепті бағасы да қымбат келген. Тек уақыт өте келе кітап форматтары өзгеріп, мұқаба үшін де қымбат емес материалдар қолданыла бастады.

Қазір кітап сатып алу аса қиындық тудырмайды. Бірақ он төртінші ғасырға дейін кітап қарапайым халық үшін тек арман болатын. Көне кітаптар қазіргі кітаптар секілді басылмайтын, олар құйылып, қашау арқылы жазылған. Көне кітаптарға кітап басып шығару ісінің бастапқы кезінде, 1501 жылға дейін басылған, қатталуы қолжазбаға ұқсас болған кітаптар жатады. Ал баспа кітаптары баспа станогы пайда болғанда шыға бастады. Ақпараттық құралдар, технология дамып, қазіргі кезде кітап шығару жеңілдеді. Баспа қызметкерлері дамығын техника арқылы кітапты бұрынғыдай қиналмай тез басып шығара алады.

Елімізде Батыс Қазақстанда көне кітаптарды сақтайтын музей бар. Батыс Қазақстан облыстық музей қорындағы көне кітаптар әлемінің тақырыбы алуан түрлі, ғылымның әр түрлі саласын қамтиды: шығыстану, әдебиет, тіл, мәдениет пен өнер, дін, этнография, тарих, археология т.б «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов тегін айтпаған. Кітап -асыл қазына. Ол ұрпақтан – ұрпаққа қол жазба түрінде немесе баспаханадан жарық көрген басылым ретінде жететініне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы бола бермек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]