Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

14. Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз

Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауға тиіс.

Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм (gedone - грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды.

Ахимса - "күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді жазықсыздан жазықсыз азапқа түсірмеу" деген сияқты терең философиялық мағынаға ие сөз. Ахимса ілімі ертедегі Үндістанда да болған, содан кейін буддизмде және әсіресе джайнизмде дамытылған. Үнділердің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда Ахимсаның үлкен мәні болды. Ахимсаны бір жағынан ұлы Махатма Ганди күнделікті өмірде адам тәрбиесіне қолданатын ілім ретінде пайдаланды. Дара тұлғаның барша өмір жолы осынау қасиетті атаумен біте-қайнасып өткенінің өзі сол сөзімізге куә. Бұл туралы алда толығырақ баяндайтындықтан әзірге осы топшылаумен ғана тынамыз.

15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз

Буддизм – брахманизмге қарсы шыққан төменгі таптар арасында пайда болды. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты, дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Буддизм теориялық философиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты адамдарды түрлі рухани азаптардан босату және оған жетудің жолын іздестіру.

Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін діни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама. Ол б.з.б. VI ғасырда өмір сүрген. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды.

Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

1. өмір – азапқа толы;

2. азаптың себептері бар;

3. азапты тоқтатуға болады;

4. азапты тоқтататын жолдар бар. Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:

1. дұрыс қабылдау (видение);

2. дұрыс ойлау;

3. дұрыс әрекет;

4. дұрыс өмір сүру салты;

5. дұрыс күш жұмсау;

6. ақылды дұрыс қолдану;

7. дұрыс ой шоғырландыру.

8. дұрыс көзқарас Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоталады.

Буддизмгің негізгі екі бағыты бар: 1. Хинаяна 2. Махаяна.

Хинаяна – Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.

Махаяна – адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады. Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.