- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •41.Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз
- •Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз
- •Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз
- •Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз
- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •9. Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз
- •10. Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •12. Аристотельдің логика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз
- •13. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
- •14. Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18. Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19. Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •20. Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз
- •21. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін Ғылыми білімсіздік деп атауының сырын айқындап беріңіз
- •22. Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз
- •23. Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз
- •24. Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз
- •25. Дүниетанымдағы н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз
- •26. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз
- •27. Ф. Бэконның “жемiстi және “сәулелi тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз
- •28 Р. Декарттың “күмәндану принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз
- •29. Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз
- •30. Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз
- •31. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз
- •32. Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.
- •33. К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз
- •34. Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
26. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз
Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері;
3.Базар елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық). Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.
27. Ф. Бэконның “жемiстi және “сәулелi тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз
Ф.Бэкон - Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлiАғылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон², “Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады. Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл. Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi. Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял ; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.