Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Каирбекова Ж2.doc
Скачиваний:
198
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
593.92 Кб
Скачать

Калий тыңайтқышы.

Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады.

Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCІ+nNaCІ) құрамында 14-18% К2О болады және каинит KCІ хMgCІ2 х 6H2O қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% KCІ, 65-70 %NaCІ болады. Осыдан KCІ-ды бөліп алып тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Сильвиниттен KCІ-екі әдіспен алады.

  1. Галургии немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс KCІ -мен NaCІ -дың температураға байланысты әртүрлі ерігіштігіне негізделген.

0-ден 1000С дейін NaCІ ерігіштігі өзгермейді, ал KCІ ерігіштігі температура өскен сайын артады. 260С –де KCІ мен NaCІ ерігіштігі бірдей болады. Егер 1000С ерітсе KCІ, NaCІ –дан екі еседей көп болады. Егер салқындатсақ онда тек KCІ ғана кристаллданады.

2. Флотация әдісі. Бұл әдіс минералдар сильвин KCІ және галит NaCІ - дың судағы жұғу- жұқпау қасиеттеріне негізделген. Флотация қалыпта температурада минералдардың қаныққан ертіндісінде жүреді.