Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции Каирбекова Ж2.doc
Скачиваний:
198
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
593.92 Кб
Скачать

Минералды тыңайтқыштарды өңдеу.

Жоғары және тұрақты өнім алу үшін топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің қоректенуі үшін қажетті элементтері бар тұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60- тай химиялық элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшін біріншіден 1) көміртек,2) оттек,3) сутек, керек. Бұлар өсімдіктің негізін құрайды. Одан кейін N2,P,K,Mg,S,Ca,Fe. Өсімдіктердің қорек алатын негізгі көзі ауа мен топырақ. Көміртек өсімдіктер организміне фотосинтез процесінің нәтижесінде ауа құрамындағы көміртек (ІV) оксидінен алады. Бірсыпыра мөлщеі топырақ құрамынан тамыр арқылы тарайды. Сутек су құрамынан бөлінеді. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минерал тұздардан алады. Тыңайтқыш ретінде өсімдікке берілетін үш элементтің орындары ерекше: олар: 1) фосфор,2) азот,3) калий. Әсіресе фофор өсімдіктің дәніне жиналады.

Тыңайтқыштардың жіктелуі.

  1. Тегіне: агрохимиялық жағдайына, физиологиялық әсеріне, қоектену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына тәуелді

минералдық,2) органикалық,3) органоминералдық,,4) бактериалдық тыңайтқыш болып төртке бөлінеді.

  1. Минералдық тыңайтқышқа жататындар: табиғи және өндірістерде өндірілетін минералдық тұздар.

  2. Органикалық тыңайтқыштар- табиғи және жасанды құрамында өсімдікке керекті элементі бар органиалық қосындылар.Мысалы: карбамид, көң, қи, тезек.

  3. Органоминералдық тыңайтқыштар- органикалық және минералдық тыңайтқыштардыың қоспасы. Мысалы: торф, шымтезек.

  4. Бактериалдық- топыраққа сіңімді қоектік элементтердің түрін бтүзетін бактериалар болатын тыңайтқыштар.

2) Агрохимиялық мағынысына тәуелді - минералдық тыңайтқыштар. 1) тікелей 2) жанама болып екіге бөлінеді.

  • тікелей құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер болатын тыңайтқыштар.

  • Жанама топырақпен араласқанда оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартатын тыңайтқыштар. Мысалы: топырақты извест немесе доломинтпен (СаСО3 , Мg СО3) оның қышқылдығы төмендейді. Гипс Ca SO4 · Н2О сор опырақтың қасиетін жақсартады.

3) Физиологиялық әсеріне тәуелді-1) қышқылдық,2) сілтілік,3) нейтралды блып үшке бөлінеді.

Мысалы: (NH4)2SO4; KCІ- топыраққа қышқылдық,,NaNO3, Ca(NO3)2 сілтілік, KNO3, NH4NO3, нейтралдық қасиетімен әсер етеді.

Бірінші топтағы тұздардың өсідікке аниондармен, екінші топта катиондармен, ал үшінші топта катион және аниондар әсер етеді.

4) Қоректендіргіш элементтерге тәуелді- 1) азотты,2) фофорлы,3) калий тыңайтқыштар болады.

Егер тыңайтқыш құрамында қоректік тек бір ғана элемет болса – бір тектес, ал әртүрлі элементтер болса - әртектес немесе комплексті тыңайтқыштар дейді.

5) Қоректік заттардың концентрациясына тәуелді- микро және концентрлі тыңайтқыштар (30 N2 Р2О5, К2О қосындысы) болады.

Фосфор тыңайтқыштары.

Тыңайтқыштар түрінде өсімдікке берілетін үш элементтің ішінде фосфордың орны ерекше. Фосфор өсімдіктің дәніне жиналады., басқалры сабағы, тамыры, жапыраққа жиналады. Фосфор тыңайтқыштары егін өнімін арттырумен қатар түсімнің сапасын жақсартады.(қызылшаның- қанттың, кртоптың - крахмалын арттырады)

Фосфор тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи фосфоттар - аппатоит және фоффорриттерді қолданады.

Екеуінде де фосфор фосфор қышқыл кальцийCa3(PO4)2 түрінде болдаы. Бұл ерімейтін тұз, демек бұл түрінде тыңайтқыш бола алмайды. Ол үшін әртүрлі технологиялық әдістермен өңдеу керек.

Біз химиялық өндірістердің шикізаты деген тақырыпты өткенде аппатит (нефелин жынысын комплексті түрде пайдалану схемасын қарастырғанбыз. Сонда фтор аппатиттен (Ca5(PO4)F) гипс, фофор қышқылын және тұздарын, фофсор тыңайтқышын алатынын көргенбіз, ал нефелиннен (Na,K2OsіO2хAІ2O3) – сода, поташ, цемент, алюмений сирек элементтер алынады.

Осылай байыту арқылы алынған аппатит концентратында 39-40% дейін P2O5 болады және оны әрі қарай тыңайтқышқа өңдейді. Фосфориттерді негізінен P2O5 көбейтіп, қоспаларды шығарып тастау үшін байтады. Фофридтің ең бай кені Оңтүстік Қазақтанда (Қаратау) және Актөбинскіде.Фосфор қышқылды тұздардың ерігіштіктері олардың қышқылдығы артқан сайын көбейеді.

Орташа тұз Ca3(PO4)2 тек минералдық қышқыларда ғана ериді,CaHPO4 топырақтың құрамындағы қышқылдарға ериді, ал қышқылды тұз Ca(H2PO4)2 суда ериді. Сондықтан фосфор тыңайтқыш өндірістерде фосфорды негізінен осы тұз монокальций фосфаты түрінде Ca(H2PO4)2 ) алуға тырысады.