Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-курс2Семестр - каз яз.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
100.35 Кб
Скачать

87 Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтарын көрсетіңіз.

[a] неліктен? не үшін? несі үшін?

[a] [+] қайтсе де? не етсе де? қайткенмен?

[a] не үшін? қай кезде? қашан?

[a] қашан? қай кезде? қашаннан бері?

[a] не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып?

88 Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

[a] Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

[a] Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.

[a] Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.

[a] [+] Ол портретті көретіндей, биік жерге іліп қойды.

[a] Сабақ басталғалы, бұлар жиі сөйлесіп жүр.

89 Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің дегеніміз...

[a] Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің шартты болып келетін сабақтастың түрі

[a] Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келетін сабақтастың түрі.

[a] [+] Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.

[a] Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіретін сабақтастың түрі

[a] Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіретін сабақтастың түрі.

90 Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

[a] [+] Дулаттың уақыты аз бола тұрса да, жәрдем беруден қашпады.

[a] Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

[a] Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

[a] Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

[a] Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

91 Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

[a] [+] Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

[a] Не ексең, соны орасың.

[a] Олар үйге тезірек жетпек болып, аттарына қамшы басты.

[a] Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым.

[a] Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп кетті.

92 Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

[a] Күн санап кеңес тәртібі орнығып, болыстың ұйымдардың өзі де ерекше қызмет атқарып отырады.

[a] [+] Атаман үкіге еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады.

[a] Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

[a] Істің қазіргі ұсқынына қарағанда, береке бітіммен тынатын түрі жоқ.

[a] Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген.

93 Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Тұран» университеті Достық ... орналасқан.

[a] даңғылын

[a] даңғылымен

[a] [+] даңғылында

[a] даңғылынан

[a] даңғылы

94 Көп нүктенің орнына қажетті сөзді табыңыз.

... Тұран университетінің білімді студенттеріміз

[a] Сен

[a] [+] Біз

[a] Мен

[a] Ол

[a] Сіз

95 Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін көрсетіңіз.

Менің ... сағат 8.00-де басталады.

[a] [+] жұмыс күнім

[a] жұмыс күнің

[a] жұмыс күніңіз

[a] жұмыс күнін

[a] жұмыс күні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]