Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_bateshov_Osnovy_bezopasnosti_na_kaz_yazyke.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
20.11.2019
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Ұрлық / төл құжаттың жоғалуы.

  1. Егер сіз, тұрғылықты қалаңызда төл құжатыңызды жоғалтып алсаңыз, онда бірден милиция бөлімшесіне төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы ескертіңіз. Содан сіз міндетті түрде паспорт столға барып, төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы арыз жазыңыз. Есте сақтаңыз, жаңа төл құжат, жоғалған құжат орнына немесе ұрланған жағдайда, арыз берілген күннен бастап 10 күннен кейін беріледі.

  2. Егер, сіз төл құжатыңызды отпуск уақытында немесе іс-сапарда жоғалтып алсаңыз, алдымен міндетті түрде қонақтаған қонақ үйіңізге болған жағдайды ескертіп, содан милиция бөлімшесіне төл құжаттың жоғалғаны жайлы арыз жазыңыз.

  3. Егер сізге, міндетті түрде ұшақпен немесе жай басқа аймаққа жол жүретін болып, төл құжатыңыз қажет болса, милиция бөлімшесіне барып, төл құжатыңыздың жоғалғаны туралы уақытша аңықтама сұраңыз. Ол аңықтаманы алу үшін, алдымен сізге милиция бөлімшесінен төл құжатыңыздың жоғалған орнын білуіңіз қажет.

Ұрлық / несие карточкасының жоғалуы.

Егер сізде несие карточканыз немесе чектік кітапшаңыз құжатыңыз жоғалса, бірден сол төл құжатты алған банктің телефонына хабарласып, жарамсыздығын ескертіңіз. Осы әрекетіңізбен сіз карточкадағы шотыңызда ақшаңыздың айырылып қалуыңыздан сақтанасыз. Хабарласқаннан кейін, сізге бәрі бір міндетті түрде банкке барып, төл құжаттың жоғалғаны туралы және жаңасын алуыңыз жайлы аңықтаманы қолмен жазуыңызға тура келеді.

Несие карточканы және оның идентификациялық нөмерді бірге сақтауға болмайды. Есте сақтаңыз, бұл нөмерсіз кепілдік карточкасы жоғалған немесе ұрланған болса, ешқандай құндылығы болмайды.

Сіздің үйіңіз/ төтенше жағдайды қалай ескерту.

  • Барлық дәрі-дәрмектер мен қауіпті өткір заттарды (уксус, бензин, тұрмыс техникасында қолданылатын химиялық заттарды т.б.) кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау қажет.

  • Егер үйде кішкентай бала болса, үстел үстіне дастарханды төсемегеніңіз дұрыс, ол дастарханды тартып қалуы мүмкін.

  • Табаны маймен газдың үстінде қараусыз қалдырмаңыз. Өрт шығып кетуі мүмкін.

  • Байқаңыз, желдің әсерінен газдағы от өшіп қалуы мүмкін.

  • Плитаға ешнәрсе кептірмеңіз.

  • Электр шәйнекке су құйып жатқаныңызда, шәйнектің шнурын тоққа қоспаңыз.

  • Қосылған үтікті қараусыз қалдырып кетпеңіз және де егер кішкентай бала болғанда да.

  • Ванна бөлмесінде электр техникаларын қолданбағаныңыз абзал.

  • Шнурды кілем, паластардың астына қоймаңдар.

  • Ешқандай тоққа қосылып тұрған сымды, шнурынан тартып суырмаңыз.

  • Жұмсақ жиһаздың үстіне пепильницаны қалдырып кетпеңіз.

  • Үстел үстіндегі сөндірілмеген шамның жанына газет, журнал тұрмағаны жөн. Өрт шығып кетуі мүмкін.

  • Төсекте шылым шекпеңіз.

  • Есіктің задвижкаларын жоғары орнатқаныңыз жөн болар. Кішкентай баланың жоғарыға қолы жетпегені дұрыс.

  • Химиялық тұрмыс заттарды балалардан алыс ұстаңыз.

Сіздің үйіңіз/ үй жұмыстары.

  • Өткір заттарды балалардан алыс ұстаңыз.

  • Аяқ астына тырна, шеге қалдырмаңыз.

  • Механикалық заттармен жұмыс істегенде, киіміңізді жөндеп киіп (барлық төмелеріңізді салып), шашыңызды жинаныз.

  • Аз уақытқа шықсаңыз да, электр приборларын токтан өшіріп кетіңіз.