Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эконом 3 года обуч каз.яз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
254.98 Кб
Скачать

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ХҚ және ХҚЖО

директоры

з.ғ.к.профессор

_________________Ө.С. Қыстаубай

__________________ 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пәннің атауы «Қазақ тілі»

Мамандық 5В050900-«Қаржы», 5В050800- «Есеп және аудит»

(шифр, атауы)

Оқыту нысаны ___күндізгі, орта кәсіби білім негізінде________

(күндізгі, сырттай, қысқартылған, қашықтан )

Барлығы 3 кредит

Курс 1 Семестр 1

Практикалық сабақ 45 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОЖӨЖ 45 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 1 семестр

Барлығы 135 сағат

Астана – 2012

Пәннің оқу бағдарламасы ҚРБҒМ 22.06.2006ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы негізінде жасалған.

Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған.

Оқу бағдарламасын құрастырған ф.ғ.к. доцент Сапина С.М.

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасының мәжілісінде талқыланған

(кафедра атауы)

Хаттама № «_____» ________________ 2012ж.

Кафедра меңгерушісі ______________________ ф.ғ.д.,профессор Ж.С. Бейсенова

(қолы, аты-жөні)

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің әдістемелік

(факультет атауы)

кеңесі мақұлдаған

Хаттама № «_______» _______________ 2012ж.

Төраға _________________________________________________________

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, каб. № 304, тел: 70-30-47

Оқытушы туралы мәлімет: Сапина Сабира Мінатайқызы – ф.ғ.к., доцент, е-mail: s_sapina@mail.ru

Байланыс уақыты (Office-hour): бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, СОӨЖ-ге кеңес сабақ кестесіне сәйкес

Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі. Кредиттің саны – 3, сабақ 1 семестрде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиті: “Қазақ тілі” курсын үйрену үшін студенттер міндетті түрде мына пәндерді білуі тиіс:

Қазақ тілі /мектеп және колледж бағдарламасы/

Қазақ әдебиеті

Қазақстан тарихы

Пәннің постреквизиті: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент:

- оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді түсінуі;

- шағын сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

- өзін қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда, отбасында және замандастар арасында қазақ тілінде қатысым жасай білуі;

- ұсынылған сөйлеу жағдаяты, проблемалық тақырып және мәтін бойынша пікір білдіру;

- иллюстрация, бейнекөріністер, дидактикалық көрнекіліктер, сюжетті суреттер арқылы ойын жеткізе алуы тиіс.

Пәннің сипаттамасы:

Қазақ тілі практикалық курсының бұл бағдарламасы колледжден кейін заңтану мамандығында оқитын 1-курс студенттеріне арналған.

Тіл қарым-қатынас құралы ретінде қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларында қызмет атқарады.

Ұсынылып отырған бағдарлама сабақтың мақсатын, құндылығын және ұстанымдарын, дағды мен ептіліктерін, сөйлеу іс-әрекетінің түрлері: естіп-түсіну, сөйлеу, жазу талабына жауап беретін мазмұннан тұрады.

Қазақ тілін оқыту белгілі бір лексикалық тақырып, соған сәйкес грамматикалық материалдар, сөйлеу әдебінің түрлері: репликалар мен клишелер арқылы анықталады. Мамандығына бейімдеп оқыту мәтіндері және ресми қарым-қатынас тілін дамытуға арналған мәтін түрлері ұсынылады. Сонымен бірге әрбір деңгей үшін белгілі бір лексикалық тақырып және грамматикалық материалдың тиісті көлемі ұсынылады, осы лексикалық тақырыпта актуалдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандарты этикеттік айналымдар санамаланады. Әрбір лексикалық тақырыпқа мәтіндердің, базалық сұхбаттардың үлгілері беріледі. Тақырыптар жүйелі логикалық байланыста алынады. Аударма саласына қатысты терминдердің лексикалық мағыналарын қазақша түсіндіруге баса назар аударылады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес тиісінше сұрақтар, сұхбаттар, тапсырмалар беріледі.

Жоғары оқу орындары үшін қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес және ҚР Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы №1165 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген шараларды іс жүзіне асыру мақсатында тілді оқыту міндеттілігі, қазақ тілі мәртебесін арттырады. Аталған құжаттарда мемлекеттік тілді білу қазіргі біліктілік талаптарына сай жеке тұлғаның ойлай білу танымын, рухани байлығы мен мәдениетін, білімділігін жетілдіру мақсатында назар аударады. Бұл бағдарламаның да көздейтін мақсаты – осы.

Пәннің мақсаты.

Практикалық қазақ тілі орыс бөлімдерінің студенттеріне қазақ тілін оқытуға арналған. Қазақ тілінің оқу бағдарламасы өзге тілді дәрісханаларда қазақ тілін оқытудың соңғы лингвистикалық және әдістемелік жетістіктеріне сүйенеді.

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын қаржы саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Естіп-түсіну

Студенттер мынаны білуі керек:

1. Оқу мәтіндері мен кәсіби мәтіндерді есту және түсіну;

2. Шағын сұхбаттарды, тірек сөздерді түсіну;

3. 5-10 минуттық хабарды естіп-түсіну.

Сөйлеу

Студенттер мынаны білу керек:

1. Өзін қоршаған әлеуметтік ортада, қоғамда, отбасында және замандастар арасында қазақ тілінде қатысым жасай білу;

2. Ұсынылған сөйлеу жағдаяты, проблемалық тақырып және мәтін бойынша пікір білдіру;

3. Иллюстрация, бейнекөріністер, дидактикалық көрнекіліктер, сюжетті суреттер арқылы ойын жеткізу.