Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
договор гимназии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
08.11.2019
Размер:
29.5 Кб
Скачать

Балқаш қалалық гимназиясы арасындағы үшжақты келісімшарт

2011-2012 Оқу жылындағы оқушылардың және түлектердің ата-аналарымен (заңды өкілдермен).

Балқаш қ. гимназиясы

(бұдан әрі) – «Мекеме», Джакупова Шолпан Бекболатқызы мемлекеттік мекеменің директор тұлғасында, бірінші жағынан, ММ «Гимназия» Жарғысы негізінде жүргізуші; екінші жақта, ата-аналармен (заңды өкіл немесе оның орнын алмастыратын тұлға); үшінші жақта, 2011-2012 оқу жылында

11- сыныпта оқитындар, төменде көрсетілгендей осы Келісімшартты жасасты.

1. Келісімшарт мәні

    1. Келісімшарттың мәні - барлық пәннен 2011-2012 оқу жылында жалпы орта білім беру курсына мемлекеттік қорытынды аттестациясына қойылатын ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыруға дайындықта оқитын оқушылармен және 11-сынып оқушылары ата-аналарымен мекеменің өзара міндеттері болып табылады.

    2. Келісуші тараптар келісімшарт мәнінің жүзеге асуы – ҰБТ-ға енгізілетін пән бойынша жалпы орта білім беру мемлекеттік бағдарламасын оқушылардың меңгергендігі деңгейімен келісілетінін мойындайды.

    3. Келісуші жақтар қазақ және орыс бөліміндегі 11-сыныптардың білім беру бағдарламасының жүзеге асу жағдайын түсінеді, сонымен қатар оқушылардың өзін-өзі дамыту және өз бетімен білім алу мәдениетінің жан-жақты дамуындағы өзара міндеттерін түсінеді.

    4. Осы келісімшартқа барлық Ата-аналардың қолы қойылады және осы сыныпта оқитындар мемлекеттік қорытынды аттестациясының басталуына алты ай қалған мерзімге дейін қол қояды.

  1. Тараптардың міндеттері.

Келісуші тараптар Келісімшарттың күшінде тұрған мерзім ішінде басқа да қосымша шектеусіз және негізсіз төмендегідей міндеттерді өзіне алады.

Мекеме міндетті:

    1. 11-сыныптарға жүзеге асқан білім беру бағдарламасының мазмұнына және гимназия стандартына сәйкес міндетті өлшемнен төмен емес (міндеттен жоғары) білім беру бағдарламасының тиімді дамуын қамтамасыз етуге.

    2. ҰБТ форматы бойынша дайындық жаттығуларының жоспарын қамтамасыз етуге, мұғалімге дер уақытында тексеруге өткізілген оқушының орындаған жұмыстарын уақытында тексеруге.

    3. Түлектерге ұлттық тестілеу Орталығынан рұқсат етілген барлық пәндерден ҰБТ материалдарымен танысуға, ізденуге, мультимедиялық кабинетте жағдай жасауды қамтамасыз етуге.

    4. 2010, 2011, 2012 жылғы сұрақ кітапшалары арқылы айына біреуден кем емес, әдістемелік кабинеттің тақырыптық материалдарымен айына бір рет, пән мұғалімдері дайындаған материалдармен апта сайын сынақ тестілері арқылы ұйымдастыруға.

    5. Сынақ тестінің қорытындысын уақытында ата-аналарға хабарлауға, оқу барысы (алған бағалары) оқушы күнделігі, телефон байланысы, мекеме сайты арқылы хабарлауға. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) білім беру процесінің мазмұнымен, жүргізілуімен, оқушылардың үлгерім қорытындысымен танысуға мүмкіндік жасауға.

    6. Мекеме директоры бекіткен мектеп сабағының анықталған кестесімен, сабақтар, үйірмелер және факультативтер арқылы өз жұмысын жүзеге асыруға.

    7. Факультатив сабақтарында ҰБТ-ға дайындалғанда жеке - дифференциялық амалды жүзеге асыруға.

    8. Оқушыларға апта сайын консультация өткізуге, жеке жұмыс жүргізуге.

    9. Дәстүрлі және инновациялық әдістер мен сабақтың әр түрлі формада жүргізілуімен, бақылау жұмыстары, жалпысынытық және жеке сынақтарды қолдана отырып, жүзеге асқан оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың оқу деңгейін уақытында және әділ түрде бағалауға.

    10. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда оқу-дидактикалық басылымдарын (оқулықтар, анықтамалықтар т.б. ) ұсынуға.

    11. Әр түрлі сабақ түрлерін өткізгенде ҚР бекіткен санитарлық-гигиеналық нормаларды, ережелерді, талаптарды сақтауға. Білікті медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге.

    12. Мекеме кітапханасындағы кітапханалық-ақпарат қорларын пайдалануды _______ қамтамасыз етуге.

    13. Ата-аналар (заңды өкіл немесе оның орнын алмастырушы тұлға) мен оқушыларға керекті ақпараттарды алуға мүмкіндік жасауға.

Ата-аналар міндетті:

    1. Осы келісімшартты сақтауға.

    2. Құқықтары мен міндеттеріне қатысты мекеме Жарғысын орындауға.

    3. Балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз етуге.

    4. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға және білім алуына тиісті жағдайын жасауға.

    5. Үй тапсырмасын орындауға, ҰБТ-ға тест материалдарымен дайындалуға үйде керекті жағдайын жасауға.

    6. Жалпы білім беру мекемелерінде сабаққа, факультативті сабаққа қатысуын, оқу жұмысының қорытындысын және үй тапсырмасының орындалуына апта сайын бақылау жүргізуге. Себепсіз сабақтан қалмауын қадағалауға.

    7. Баланың денсаулығын қадағалауға, ауырғандығы жөнінде Мекемеге дер кезінде хабарлауға, жеке сабақтардан қалғанын оқу күндерін медициналық анықтамалармен анықтауға.

    8. Баланың қиын жағдайға тап болғандығы жөнінде педагогтардың айтқанына назар аударып, одан шығудың жолдарын шешу. Баланың Мекемеде жүрген кезінде байланыс операторларының телефондарын ұсынуға.

    9. Педагогтармен тығыз байланыста болуға.

Мекеменің қосымша білім беру қызметінің жақсаруына ұсынымдар қосу.

Оқушылар міндетті:

    1. Барлық пәннен берілген мұғалімдердің үй тапсырмаларын білім беру бағдарламасында жүзеге асқан талаптардан төмен емес өз деңгейінде орындауға.

    2. Бағдарлама бойынша барлық бақылау жұмыстарын орындауға, сынақтарды тапсыруға, белгіленген байқау тестілеріне белсенді қатысуға.

    3. Оқу тәртібін сақтай отырып сабақта, факультативті сабақта және консультацияларда белсенді жұмыс істеуге.

    4. Ата-аналарына (тұлға, оларды алмастырушы) пән бойынша оқуын, ҰБТ-ға енгізілген қорытындылары жөнінде хабардар етуге.

    5. Сабақ жөнінде қиындықтар туса ,мұғалімдерден дер кезінде көмек сұрауға.

    6. Сабақтан қалған жағдайда оқу материалдарын меңгеріп алуға өз бетінше шара қолдануға.

5. Келісімшарт қол қойылған күннен бастап жарамды және тараптардың келісуімен ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

6. Келісімшартқа өзгерту, толықтыру жазбаша түрде және осы келісімшартқа қосымша болып табылады.

7. Келісімшарттың мерзімі 201___ж. ___________ Мекемеде оқу кезеңіне.

8. Келісімшарт екі данада жасалады және оқушылардың жеке бас жұмыстарында және ата-аналарда (заңды өкіл немесе оның орнын алмастыратын тұлға) сақталады.

Гимназия директоры ___________ Джакупова Ш.Б.

Қолы

11 «А» сынып ата-анасы __________ _________________

Қолы Тегі, аты-жөні

11 «А» сынып оқушысы __________ __________________

Қолы Тегі, аты-жөні

ТРЁХСТОРОННИЙ ДОГОВОР