Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары

Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеғе келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі тығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдык біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдык, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар – бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды.

  1. Тәрбие ұстанымдары және заңдылықтары

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбиенің заңдылықтарына:

1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл- табиғи заңдылық;

2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;

3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;

4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;

5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;

6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуаты мен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.

Кезінде К.Д.Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қаарстыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.

«Принцип» деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп- тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.

Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан: