- •Педагогика ғылымының пәні және міндеттері. Педагогиканың негізгі категориялары
- •Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары
- •Тәрбие ұстанымдары және заңдылықтары
- •1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
- •2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
- •3. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
- •4. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу;
- •5. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- •6. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
- •Тұлға қалыптасуында адамның биологиялық және әлеуметтік дамуы
- •Тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар
- •Тәрбие мақсаты және оның әлеуметтік ортамен шарттастығы
- •Педагогиканың философиялық негіздері
- •Ұжым теориясының қалыптасуы
- •Педагогикалық зерттеудің әдістері
- •Тұлғаның зерделік дамуы
- •Тәрбие әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде
- •Тәрбие әдістері және оларды топтастыру
- •Тәрбие формалары және құралдар жүйесі
- •Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру – қазіргі мектеп тәрбиесінің маңызды міндеті
- •Біртұтас педагогикалық үдерістің мәні
- •Адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Адамгершілікке тәрбиелеу – қазіргі мектептің маңызды міндеті
- •Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мәні мен мазмұны
- •Еңбектің мәні, қызметі және оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
- •Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұны
- •Оқушыларға азаматтық тәрбие берудің жалпыадамзаттық аспектілері
- •Тұлға тәрбиесі мен дамуында балалар ұжымының орны
- •Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің мәні мен мазмұны
- •Оқушылар ұжымы дамуының кезеңдері
- •Отбасы тәрбиесінң мақсаты және міндеттері, құралдары, формалары, балалар мен ересектер өмірінде іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері
- •Әлеуметтенудің мәні және оның кезеңдері
- •Тұлға қалыптасу үдерісі құрылымындағы өзін-өзі тәрбиелеу
- •Дидактика туралы түсінік және оның негізгі категориялары. Дидактиканың дамуы және қалыптасуы
- •Оқытудың ұстанымдары және заңдылықтары
- •Сабақ – оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде
- •Оқыту үрдісінің мәні және мазмұны
- •35.Оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары.
- •43.Оқыту құралдары және оларды топтастыру
- •59.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
Әлеуметтенудің мәні және оның кезеңдері
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:
а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады
ә) қарым-қатынас, бұл – адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді
б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.
Тұлға қалыптасу үдерісі құрылымындағы өзін-өзі тәрбиелеу
Жеке адам санасының қалыптасу барысында өзін- өзі тәрбиелеу белсенділігі ерекше орын алады. Бала даму барысында өзін- өзі жетілдіру мақсатын көздей талаптанып әр түрлі әрекет жасайды. Баланың мұндай талаптанушылығын қостап, тәрбиеші оған үнемі көмек және бағыт беріп отыруы қажет. Оқушыны мұғалімдер мен тәрбиешілердің тарапынан берілетін түрлі тапсырмалар мен сабақ үстінде айтылатын ғылыми ережелер сия беретін әшейін бос қуыс нәрсе деп ойлауға болмайды. Оқушы - өсуші, дамушы организм, ол шамшырақ, оның тұтанып жарық беруі мұғалімнің тікелей басшылығымен ұйымдастырылатын өзін- өзі тәрбиелеу ісіне байланысты. Демек, бала тәрбиенің әрі обекьтісі, әрі субьектісі болуы тиіс. Бала айналаны қоршап тұрған дүниеге көз жіберіп, үстіртін қарап қоймай, өзінің, соған қатысын, өзінің ішкі дүниесін тани білуі қажет. Сонда ғана ол тәрбиенің субьектісі бола алады.
Бақылау мәліметтеріне қарағанда, бала мектепте көбінесе обьекті ретінде ғана байқалады. Оның себебі әрбір мұғалім оқу және тәрбие барысында балаға көбірек білім беруге және моральдық шандықтарды үйретуге біржақты көңіл бөледі де, ал баланың тәрбие субьектісі екенін естен шығарады. Міне, осының салдарынан бала көп нәрсені таниды және біледі, бірақ ол өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу мәселелерін жете түсіне бермейді. Бұдан біз тәрбие жүйесінде оқушылардың өздігінен білім алу, өзін- өзі тәрбиелеудегі мұқтаждықтарын қанағаттандырмайтынын байқаймыз.
Оқушылардың өзін- өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу- тәрбие жұмысының барысында сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- мұғалімның басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл- ой, құлақ, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Мысалы, сен қай пәнді ұнатасың, оның себебі не? Адам өмірінің мәні неде, оған қалай түсінесің? Сен спорттың қандай түрімен айналысасын, ондағы мақсатың не? Қандай мамандықты сүйесің, себебі не? Адамдағы сұлулық және әсемдікті қалай түсінесің? т.б.
Міне, осындай тақырыптар бойынша тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталып, жүргізілетін өзін- өзі тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың ой- өрісін, дүние танымын кеңейтуге жол ашады.
Баланың өзін- өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Тапсырмалардың толып жатқан түрлері бар. Оларға: сынып старостасы, қабырға газеті редакциясының мүшесі, тазалық комиссиясының төрағасы болу, мектеп кітапханасына көмек көрсету, шетелде балаларымен хат жазысып тұру т.б. қоғамдық пайдалы тапсырмалар жатады. Осындай тапсырмаларды сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру ме дағдыландыру мұғалімнің және тәриешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмаларымен, яғни, түрлі қоғамдық іс- әрекеттерімен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезінеді.
Қоғамдық пайдалы тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру мектеп бойынша дәстүрлі іске айналғанда ғана тиісті нәтиже береді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралдарының бірі-түрлі тақырыптарға жазылған ғылыми, тарихи және әдеби кітаптар, кинофильмдер. Балалар кітаптар мен кинофильмдер арқылы халықтың бостандығы мен бақыты үшін күресіп, қорықпай, өлім жазасына бас иген ержүрек адамдардың іс-әрекеттерімен танысып, өздерінше талдау жасайды, олардың өнегелі және ерлік қайраты мен төзімділігіне бас иеді. Мұндай табандылықпен ерлік көрсеткен азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде өзінің халқы мен оның келешегі үшін жан-тәнімен аянбай күрескен қазақ халқының аяулы ұстаздары Ахмет Байтұрсынов, Сәкен сейфуллин, Тұрара Рысқұлов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, мағжан Жұмабаев т.б. кеңес үкіметі жылдарында жазықсыз ұсталып, кінәсіз қаза тапты. Бұлар өздерінің мақсаттарын орындай алмай арманда кетті. Осындай ғұлама көрнекті адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері жас өспіімдерге күшті ықпал жасайды, сана-сезімін оятады, толғандырады. Олар өз өмірінде, оқу-тәрбие процесінде зор ыждахатпен терең білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге тырысады.