Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқықтық норма, оның ұғымы және белгілері.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
317.44 Кб
Скачать

3.1. Құқықтық қатынас ұғымы.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді36.

Осы тұрғыдан Елбасы Н.Назарбаев мынадай жауапкершілікті алға тартады: “Перспективаларымызды айқын ұғыну,жолымызда тұрған қиындықтармен қауіп- қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамыздың барша азаматтардың осынау ортақ міндентті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі...біз жаңа мемлекетті,жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз”37

Қорлардың заңмен және құрылтай құжаттары бойынша белгіленген арнайы құқық қабілеттігі бұл ұйымдардың көздейтін мақсаттарының сипатына байланысты деп айтуға болады. Бұл ұйымдар көздейтін жалпыға бірдей пайдалы мақсаттар, кейбір жағдайларда мемлекет пен мемлекеттік мекемелер көздейтін мақсаттармен тұспа-тұс келіп жатады, осы мәселе тұрғысында кезінде орыс цивилистикасында “жалпыға пайдалы” қоғамдар деп аталып келген қорлардың құқықтық табиғатының жария- құқықтық сипатта болатындығы жайлы айтарлықтай үлкен дискуссия туындаған да болатын. Әдетте қорлар көздейтін мақсаттардың әлеуметтік маңызын ескере отырып мұндай ұйымдардың құрылуы мен қызметін мемлекет әркез өзінің бақылауында ұстап отырады.

Құқықтық қатынастар – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Олар:

  1. Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;

  2. Адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады;

  3. Құқықтық қатынас – субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекеттік орган.

  4. Құқықтық қатынас – ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қазғалады);

  5. Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады38.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

  1. Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соғай сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: Мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек тағы басқа құқықтық қатынастар.

  2. Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

  3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

  4. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз – қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге) сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.

Құқық субъектісі – заңи немесе жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, тағы сол сияқты. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңи тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтық қатынастың объектісі (заты) – табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Осы тарауды қорыта келе, ондағы қарастырған негізгі ұғым құқықтық қатынас дегеніміздің не екенін және де бір айқындап өтелік. Сонымен құқықтық қатынас дегеніміз – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдар арасындағы қатынас және олардың іс - әрекетімен, мінез – құлқымен тікелей байланысты. Және ол адамның мінез – құлқына құқықтық пайда болады.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.

3.2. Заңды айғақ.

Заңды айғақтар (фактілер) – нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың мұндай жиынтығы айғақтық деп аталады.

Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.

Құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалдаушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);

Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).

Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).

Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру, тағы сол сияқты). Әрекеттер өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеге тұруы, тағы сол сияқты заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін. Олар – жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары, әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген болса ғана айғақтарға жатады39.

Жалпы алғанда әрекеттер дегеніміз, адамдардың ерік-ықтиярларын білдіретін жүріс-тұрыстық, іс қылықтық актілері. Адамдар өздерінің күнделікті болмысында қаншалықты мөлшер - өлшеусіз, сансыз жүріс-тұрыс (әрекет) актілерін атқарады. Солай бола тұрса да заң сол актілердің белгілі бөлігімен ғана заңдық зардаптардың болғанын байланыстыра отырып қарастырады. Сонда, тек қана осы жүріс-тұрыс (әрекеттері) актілері ғана заң мағынасындағы әрекеттер болады яғни құқықтық әрекеттер болады.

Мұндай әрекеттер заңды яғни құқықтық ұйғарымдарға сай келетіндері, оны бұзбайтындары және заңсыз болуы мүмкін. Олар құқықтық талаптарға сай келмейді, оларды бұзады.

Заңды әрекеттер өз кезегінде заңдық акт және заңды қылық деп бөлінеді.

Заңдық актілер нақты құқықтық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында атқарылған әрекеттер (азаматтық-құқықтық келісім немесе еңбек шартына отыру, некелесу және тағы басқа).

Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге кеген еді. Қоғамнығ және оның институттарының дамуына байланысты қазақтадың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды.Қазақстан Рессейге қосылғаннан кейін оның аумағында қылмыстық іс жүргізудің екі түрі қолданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт дәстүрге негізделген дәстүлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу.

Сот өндірісіне қатысты заңдық негіздердің қалыптасуына орай, кеңестік дәуірде Қазақстандағы соттардың дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге болады:

  1. революциялық трибуналдық декреттері, нұсқаулары, қаулылары негізіндегі сот өндірісі (1917 жылдың қазаны-1923жыл);

  2. РСФСР сот құрылысы және сот өндірісі (1923-1959 жылдар)

  3. 1960 жылғы Қазақ СССР қылмыстық іс жүргізу кодексіне қатысты сот жүйесі және оның қайта қарау институттары40.

Заңдық қылық - өздерінің алдына құқықтық мақсат қоймаған, дегенмен объективті себептерден болатын, субъектісінің ерік-ықтияры мен ниетінен тысқары болып келетін құқықтық салдардың негізінде туындайтын заңды іс-әрекеттер. Мысалы, әдеби шығарманы немесе өнер табудағы шығарма, туынды шығармашылық актісі болып табылады. Бірақ осының нәтижесінде жазушының, ақынның, ғалымның авторлық құқығы пайда болыды.

Заңды актілер де және заңды қылықтар да формальды болуы мүмкін (олардағы құқықтық салдардың туындысына сол әрекеттер жеткілікті болатын болса). Сонымен қатар нәтижелі болуы мүмкін (егер де құқықтық салдарда туындайтындар сол әрекеттердің өзі емес, тек олардың нәтижелері болатын болса). Мысалы, ақшаны қарызға беру фактісінің өзі қарыз алушының алған қарызын қайтаруды талап ету құқығын туындатады. Сот шешімінің заңдық салдары оны дайындау мен жазып шығудағы әрекеттерден туындамайды. Керісінше, сол шешімнің құқықтық акт ретіндегі күшінен туындайды. Сондай-ақ авторлық құқық әдеби, живопистік және тағы басқа ой еңбегі шығармаларының жарық көргеннен кейін ғана барып пайда болады, алдыңғы және соңғы жағдайда да іс-әрекеттің нәтижесінде туындап отыр.

Заңдық салдар заңсыз іс-әрекеттердің де салдарынан заңдық салдарын туындатады: тергеу органдарының қылмысты ашуы, оны табу, білу туралы міндеттерін туындатады; жәбірленушінің және басқалардың да өтініш, арызды құқық қорғай органдарына беру құқығы және тағы басқа туындайды.

Заңсыз іс-әрекеттер құқық бұзушылық (қылмыс және теріс қылық, яғни тәртіпсіздік) және объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер деп жіктелінеді. Осы екеуінің арасындағы айырмашылыққа келер болсақ: құқық бұзушылық басқа да түрлі құқықтық қатынастармен бірге заң алдында жауапты болу қатынастарында (қылмыстық, әкімшілік және тағы басқа), ал объективті түрдегі құқыққа қарсы іс-әрекеттер заң алдындағы жауапшылықты туындатпайды. Мысалы, ойын баласы (жасөспірім) ойнап жүріп көршілерінің қора-қопсысына өрт қойып өртеп алғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес. Ондайда, қылмыстық құқықтық қатынастар туындамайды. Бірақ оның әрекеті азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуына негіз болады – зиян шеккеннен келтірілген зардаптарының өтелуін талап ету құқығы туындайды41.

Құқықтық оқиғалар – яғни белгілі бір салдардың туындауын болғызатын оқиғалар. Бұлардың көпшілігі табиғатта кездесетін, адамның саналы тіршілігіндегі жүріс-тұрыстарымен (әрекеттерімен) байланысты болмайтын құбылыстар: жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да табиғат апаттары, мерзімнің өтіп кетуі, заң белгілеген жасқа келу, адамның қартайып барып өмірден озуы және тағы сондайлар. Мұндай оқиғаларды абсолюттік оқиғалар деп атайды.

Алайда, құқықтық оқиғалар салыстырмалы да болуы мүмкін, яғни құқықтық қатынастардың қатысушылары болмайтын адамдардың теріс қылықтары мен әрекеттері туындатқан оқиғалар. Мысалы, адамның қаза табуы немесе оның мүлкін жойып жіберу тек табиғат апатының салдарынан ғана болуы мүмкін емес, сонымен бірге адамның мінезі жүріс-тұрыс актісінің салдары да болуы мүмкін ғой (өлтіру, өртеу). Егер де заңдық жауапкершілік қатынастарын нақты қылмыстық әрекеттер туындатса, яғни кінәлілердің ерік-ықтиярлы әрекеттерімен (немесе әрекетсіздігімен) туындаған болса, онда қауіпсіздендіру шарты жағдайының туындауы жаңағы әрекеттердің тікелей салдары емес, тек олардың нәтижесінің ғана (өлуінің, мүліктің жойылуының) салдары болады, яғни дәл нақты оқиғалардың салдары оларды туындатқан себептеріне қарамастан-ақ пайда болады.

Заңдық фактілердің араларында ерекше орында тұратыны құқықтық жай-күй, ахуал яғни созылмалы жағдай, субъектінің қоғамдағы алатын орнын, басқалармен анық қатынастарын білдіретін және тағы, тағы. (азаматтылық, некелік, ауру-сырқаулығы, еңбек стажы) – құқықтық ахуал, жай-күй заңды және заңсыз әрекеттердің нәтижесі де болуы мүмкін (некеде тұруы немесе іздеуде болуы). Сондай-ақ оқиғаларда да (туыстық қатынастар) болуы мүмкін.

Құқықтық қатынастардың туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуына жиі реттерде бір ғана заңдық факт емес, ондайдың бірнешеулері жиынтығымен қажет болатын жағдайлар да кездеседі. Оның үстіне олар әр алуан сыныптамалық топтамаларға жатуы да мүмкін. Осындай жиынтықты заңдық құрам деп атайды. Мысалы, кәрілігі бойынша зейнетақы алуға құқылы болу үшін: белгілі зейнеткерлік жасына болуы қажет (оқиға), еңбегінің белгіленген стажы болуы (құқықтық ахуалы, жай-күйі) және құқық өкілеттігі бар мемлекеттік органның шешімі (заңдық акт) болулары қажет. Тұлғаны депутаттыққа кандидат ретінде тіркеутүшін заң белгіленген тәртіппен оны депутаттыққа кандидат етіп ұсыну, осыны дәлелдейтін және тиісті түрде жазылып толтырылған құжат, кандидаттыққа ұсынылуын білдіретін азаматтардың белгілі қолдары қойылған парақтардың болуы, сол тұлғаның жазбаша түрдегі келісімі, құқыққа өкілеттігі бар сайлау комиссиясының шешімі қажет болады. Жоғары оқу орнының студенті болу үшін орта мектепті тәмәмдағаны туралы аттестаты, денсаулығын куәландырған медицина мекемесінің анықтамасы, жеке басын куәландыратын төлқұжаты немесе куәлігі, арызы, оқу орнына түсудегі емтихандарды тапсыру парақшасы және сол оқу орнына қабылданғандығы туралы бұйрық болуы қажет.

Сонымен заңды айғақ дегеніміз – нақтылы өмірлік мән – жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтардың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Бұған жоғарыда айтып өткенімізжей, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт деп мысал келтіруге болады.

Заңды айғақтар бірнеше негіздермен жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді.

Құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалдаушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);

Құқық тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айырылады).

Құқық өзгеретін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастардың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы”, атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:

Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.

Неге менің бұл жұмысымда “құқық” түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: “Құқықтық норма” ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – “құқық” термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.

Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.

Құқықтың құқықтық норма тудыратыны белгілі болды. Енді құқықтық норма мен құқықтың қайнар көздері арасындағы байланысты айқындап көрелік.

Біріншіден, құқықтың қай негізден бастау алғандығы құқықтық норманың белгісін айқындауға мүмкіндік тудырады.

Екіншіден, жылдар бұрын, тіпті ғасырлар бұрын, өзге саяси режим тұсында қабылданған құқықтық нормалардың өзі бұл кездері теориялық тұрғыда құқықтың қайнар көздері бола алады деген сөз.

Міне, осындайлық тығыз байланысты аша келе мен оқырман қауымға айтар ойымды жеткізе алдым деген сенімдемін.

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Осыған орай және елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсті.

Сондай- ақ , Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты жолдауына сәйкес, Қазақстан Орта Азияның Барысына айналуды көздеп отыр. Ол үшін «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидатты ұстана, еліміз нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжып отыр. Бұл өзін - өзі ақтайды. Тек ол үшін демократияға бастау болатын алғы шарт жасау керек. Мұндай процесс мемлекетте құқықтық базаны құру мен нығайтудан туындайтынын ескеретін болсақ, аталған процесте менің «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы» атты диплом жұмысымның тақырыбы қандайлық орын алатыны айтпаса да белгілі.

Және де Ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жылғы долдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғаны» баян етілген. Ел Президенті Қазақтан Республикасы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру керек деп, елімздің алдағы жүрер жолы, негізгі стратегиялық бағдарды айқындап берді . Бұл жағдайдың өзі де мемлекеттегі құқықтық жағдайдың нығая түсуін қажет етеді. Себебі мемлекеттің алдағы бағдарламаларын іске асырудың кепіл ретінде мемлекеттің құқықтық жағдайы айқындалады.

Осыған да сәйкес мемлекетіміздің елеулі қайраткер ғалымдары халық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында “мемлекет және құқық теориясы” пәні аясында белді еңбектер жаза бастады.

Бұл еңбектерде елдің өткені мен болашағының теориялық негіздері қаланды десе болады. Сол негіздер ең алдымен “құқық” пен “мемлекет” ұғымдарын түсініп білуге бағытталады.

Менің де “Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы” аталмыш дипломдық жұмысым өз кезегінде заң ғылымындағы белгілі бір теориялық ілімдерді дәлелдеп, дамытуға үлес қосар деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.

2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.

3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.

4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.

5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.

6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.

7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.

8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.

9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.

10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.

11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.

12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.

13. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.

14. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.

15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.

16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.

17. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.

18. «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.

19 «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.

20. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.

21. С.А. Дьяченко «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.

22. С. Ынтымақов « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.

23. Т. Мамедсупиев «Правовая природа нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.

24. Т. Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.

25. Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.

26. Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның сот өндіріснде сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.

27. Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.

28. С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.

1Қ.А. Мұстафаев . «Құқықтық тәлім – тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң журналы.- жыл, 2005.-№5.- 31-33 бет.

2 С.Д Бакқұлов. “Құқық негіздері”: оқулық, Алматы, 2004, 28 бет.

3 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж, 6 бап, 7-8 бет.

4 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: Оқулық.- Алматы, 2003, - 93 бет.

5 Н.И.Матузов.А.В.Малько. «Теория государства и права»: курс лекций.- юристъ, Москва, 1997, -313-316 стр.

6 Ғ.С.Сапаргалиев.А.С.Ибраева.”Мемлекет және құқық теориясы”: оқу құралы.-Алматы, 1998,- 24 бет.

7 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 15 бап, 10 бет.

8 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 19 бап, 11бет.

9 А.С.Ибраева. Н.С.Ибраев. «Теория государства и права»: учебное пособие.-Алматы, жеті жарғы, 2003, - 67-71 бет.

10 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 25 бап, 12 бет.

11 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995, 3 бап, 6 бет.

12 Қ.Д.Жоламан. А.Қ.Мұхтарова. А.Н.Тәукелев. “Мемлекет және құқық теориясы”: оқулық.- Алматы, 1999, - 124-127 бет.

13 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық. – Алматы, 2003, - 98 бет.

14 ҚР-ның Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл, 27 бап, 13 бет.

15 С.А.Комаров. «Общая теория государства и права»: учебник. – Москва, 1997. – 191 стр.

16 Н.Дулатбеков.С.Амандықова.А.Турлаев. “Мемлекет және құқық негіздері”: фолиант. – Астана, 2001, - 10-14 бет.

17 “Общая теория государства и права»: Академический курс 2 том. – Москва, Зерцало 1998, - 74-78 стр.

18 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық.- Алматы, 2003, -97 бет.

19 А. Жакупова.”Конституция-основа развития государства”//Журнал. Заң және заман.-год,2005.-№9.-17 стр.

20 Т.Мырзамбетов. “Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі”//Заңгер журналы.-жыл,2005.-№19.-40-44бет

21Қазақстан Республикасының Конституциясы.30 тамыз,1995, 12бап.-9 бет

22 “Қазақстан Республикасының Конституциясы.”Түсініктеме.-Алматы:Жеті жарғы, 1999,-59бет

23 “Қазақстан Республикасының Конституциясы”: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-60 бет.

24Қазақстан Республикасының Конституциясы: Алматы, 30 тамыз,1995, 13бап.

25 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 14 бап

26 ҚР-ның Азаматтық кодексі. 27.12.1994. 17 бап

27 Ғ. Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:Оқу құралы.-Алматы, 1998,-79-80 бет.

28 “Общая теория государства и права”:Академический курс, 1том.-Москва,Зерцало, 1998,-70 стр.

28 Н.Ә. Назарбаев. “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында”: ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы.-Астана, 2006,-9-11 бет.

29 Қ.Д. Жоламан. А.Қ. Мұхтарова. А.Н. Тәукелов. “Мемлекет және құқық теортясы”:оқулық.- Алматы, 1999,-115 бет.

30 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”:оқулық.- Алматы, 2003,- 112-116 бет.

31 ҚР-ның Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл, 34 бап.

32 Ғ.Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”:оқу құралы.-Алматы, Жеті жарғы, 1998,-81бет.

33 ҚР-ның Конституциясы: 30 тамыз,1995. 4 бап. 6 бет

34 ҚР-ның Конституциясы: Түсініктеме.-Алматы, 1999,-26-29 бет.

35 Т. Айтмұхамбетов “Қазақстанның сот өндірісінде сот шешімдердің қайта қарау”// Заң журналы.- жыл, 2004.-№21.-8 бет.

36 Н. Елікбаев. М. Нұршаев. “Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы”// Заң журналы.- жыл, 2004.- №13.- 30-34 бет.

37 Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан- 2030”: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы, 1997,- 8-9б

38 С. Ынтымақов. “Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері”// Заңгер журналы.- жыл,2005.-№12.- 42-44 бет.

39 “ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері”: оқулық.- Алматы, 2003,-124-125 бет.

40 Т. Айтмұхамбетов. “Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қарау институты”// Заң журналы.- жыл, 2004.- №21.- 9 бет.

41 Ғ. Сапарғалиев. А. Ибраева. “Мемлекет және құқық теориясы”: оқу құралы.-Алматы ,Жеті жарғы, 1998,-88-89 бет.

24